Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы


Slide 1

Тақырыбы: ҚР-ның техногенезді даму проблемалары

М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Орындаған:Асу Алмасбек

Қабылдаған: Сарбасова Г

Тараз 2016

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім:

• Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы.

• Өскемен қаласының топырағын ластаушы улы ауыл металдардың көздері,

ауыр металл түрлері және мөлшері

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

5. Глоссарий.

Slide 3

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды толық және тиімді пайдалану, өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру, олардан қажетті өнімдер өндіру қазіргі күннің өзекті мәселелері болып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда ауыр металдар мен олардың қосылыстарын өндірумен айналысатын көптеген түсті металлургия өндірістері жұмыс істегендіктен, ауыр металдардың қоршаған ортаның объектілерінде жиналуы мен тірі ағзаларға зиянды әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде.

Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан қоршаған ортаның адам баласына, жалпы тірі организмдерге жағымсыз әсерлері арта бастады.

Химиялық өңдіріс орындары қоршаған ортаны ластаудың қуатты көзі болып табылады. Мысалы 1950 жылы бүкіл әлемде шығарылатын органикалық заттардың мөлшері 7 миллион тонна болса, 1970 жылы

63 миллион тонна, ал 1985 жылы 250 миллион тоннаға жетті. Атмосфераның ластануына байланысты әлемнің әртүрлі елдерінде рак аурулары, бала түсіктері, ісік аурулары көбейіп кетті.

Slide 4

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлықтарды толық және тиімді пайдалану, өндіріс қалдықтарын залалсыздандыру, олардан қажетті өнімдер өндіру қазіргі күннің өзекті мәселелері болып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстанда ауыр металдар мен олардың қосылыстарын өндірумен айналысатын көптеген түсті металлургия өндірістері жұмыс істегендіктен, ауыр металдардың қоршаған ортаның объектілерінде жиналуы мен тірі ағзаларға зиянды әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде.

Ауыр металдар дегеніміз - тығыздығы темірдің тығыздығынан (7, 874 г/см³) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары ағза үшін зиянды. Олар тағам, ауа, су арқылы ағзаға түскенде, ыдырамайды, кейбір органдарда (бүйрек, буын, бауыр т. б. ) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шкаладан аспауы керек.

Slide 5

Концентрация мг/м3

Топырақта

Өсетін тамақ азығында

Заттар

Дақылдар

Нан

Жемістер

Сынап

2, 1

0, 03

0, 02

0, 05

Мышьяк

2, 0

0, 2

0, 2

0, 2

Қорғасын

32, 0

0, 3

0, 3

0, 3

Сурьма

4, 5

0, 1

0, 1

0, 3

Мыс

3, 0

10

10

5

Мырыш

23

50

50

10

Никель

4

0, 5

0, 5

0, 5

Хром

6

0, 2

0, 2

0, 2

Заттардағы агенттердің концентрациясы

Slide 6

ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды.

Бүгінгі күні экология мәселесі Өскемен қаласы үшін ең өзектілердің бірі болып табылады, өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады.

Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен экология мәселелеріне және қоршаған табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар облыстық және жергілікті бюджет есебі қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен де жоспарлануда және жүзеге асырылуда.

Slide 7

Шығыс Қазақстан тау-кен өнеркәсібі түсті металлургияның кәсіпорындары молынан шоғырланған облыс. Сол себепті, облыста ластағыш заттардың жалпы шығарындысы 1990 жылы 345, 5 мың тоннаны құрады. Бұл кәсіпорындарында қорғасын, мырыш, титан, магний, күкірт қышқылы, түрлі бағалы және сирек металдар, тау-кен жабдықтары, басқа да өнімдер өндірілетін, 3217 ұйымдастырылған, 2484 стихиялы сационарлық ластау көздері бар Өскеменнің экологиялық жағдайын қиындатып келген-ді.

Өскемен қаласының ауыр металдармен ластану қауіптілігі біріншіден, өндіріс орындарының қала территориясында орналасуымен, екіншіден, қаланың физика-географиялық орны және климаттық ерекшеліктерімен байланысты.

Өскемен қаласы - ірі өндіріс орталығы, сонымен қатар, экологиялық тұрғыдан алғанда Қазақстанның өндірістік қалдықтармен интенсивті ластанған қалаларының бірі болып табылады. Өскемен қаласы Үлбі мен Ертіс өзендерінің алқабында орналасқан. Физика-географиялық орналасу жағдайына байланысты мұнда концентрациясы және ластауыш заттар нашар сейіледі. Өскемен қаласындағы өндіріс орындарынан бөлінетін негізгі ластаушы заттарға өндірістік шаң, күкірт ангидриді және ауыр металдар жатады. Аталған техногенді қалдықтардың ішінде улылығы жағынан аса қауіптілері - ауыр металдар.

Slide 8

Бүгінгі таңда гидрометеорологияның Шығыс Қазақстан орталығы Өскеменнің атмосфералық ауасының сапасын тәулік бойы бақылап отыр. ГШҚО 2005 жылдың 1-ші желтоқсанынан бастап анықтай бастаған ауа құрамындағы қоспалар 43 ингридиентті құрайды.

Slide 9 Slide 10

2006 жылдың бірінші жартысындағы қаланың атмосфералық ауасындағы концентрациялар мөлшері топырақөмендегі көрсеткіштерді көрсетіп отыр: бенз(а) пирен - 2, 9 ШРК, күкірт диоксиді - 1, 7 ШРК, азот диоксиді - 1, 6 ШРК, формальдегид пен өлшемді заттар (шаң) - 1, 3 ШРК, фенол - 1, 2 ШРК, қорғасын - 0, 9 ШРК, хлор мен көміртегі оксиді - 0, 3 ШРК, күкірт қышқылы мен мышьяк - 0, 2 ШРК, фторлы сутек - 0, 1 ШРК.

Қорғасыннан басқа металдар құрамы белгіленген мөлшерден асқан жоқ. 2006 жылдың бірінші жартысы аралығында қорғасынның қала бойынша мөлшері 0, 9 ШРК көрсетті. Қорғасынның ластануымен қатар кадмий концентрациясының да 0, 05-тен 0, 09-ға өскені байқалып отыр. Қаланың бақылау өткізілген барлық аймақтарының атмосфералық ауасында мыс пен мырыштың мөлшері айтарлықтай көп емес. Атмосфералық ауаның ластану индексі 7, 6 теңесті.

Мышьяк. Мышьяктың және оның неорганикалық қосылыстарының орташа мөлшері 0, 2 ШРК құрады. Әсіресе, мышьяк концентрациясының өсуі жылдың суық мезгілінде қаңтар мен ақпанда байқалған.

Қорғасын. Қорғасынның қала бойынша мөлшері 0, 9ШРК құрады. Двигательдердің шығаратын зиянды заттардағы қорғасын бөлшектері атмосфераның қорғасынмен ластануының басты көзіне жатады. Отынға тетраэтилқорғасын немесе тетраметилқорқасын қосу арқылы октан санын жоғарылатады, сөйтіп, олар антидетонатор ретінде әсер етеді. Атмосферада қорғасын мөлшері ауа райы жағдайына байланысты әр түрлі болады. Қорғасын көп мөлшерде адамның қанында және ұлпаларында жиналуы мүмкін. Осындай қауіп-қатерге байланысты кейбір елдерде, мысалы, АҚШ-та жанар майдағы қорғасын мөлшерін қадағалау шарасы ұсынылды және жартылай енгізілді.

Slide 11

Атмосфераны ластағыш заттар табиғи және антропогендік бірінші реттік және трансформациялық екінші реттік болып бөлінеді. Ластағыштардың көбі (пестицидтер, пластмассалар, беттік активті заттар, т. б. ) табиғи жағдайда өте баяу ыдырайды, ал кейбір ауыр металдардың улы қосылыстары (сынап, қорғасын т. б. ауыр металдар) мүлде залалсыздандырылмайды. Әр түрлі ластағыштардың табиғи ортаға түсуі бірқатар зардаптарға ұшыратады: ормандар мен өсімдіктердің өнімділігі азаяды, табиғи биогеоценоздың тұрақтылығы бұзылады, металдар, металл конструкциялары және сәулет ғимараттары коррозия үрдісі нәтижесінде бүлінеді. Ластанған аймақтарда адамдардың, әсіресе, балалардың ауруы, оның ішінде тыныс алу мүшелері мен қан аурулары, аллергия, бронх демікпесі, т. б. аурулар едәуір көбейеді.

Өндірістің интенсивті дамуының әсерінен қоршаған ортаны ластаушы заттардың жоғарғы концентрациясымен сипатталатын территориялық аймақтар пайда болуда. Бұл халық денсаулығына зиянды әсер етіп, ағзада зат алмасудың бұзылуы, морфологиялық өзгерістер мен эндемиялық аурулардың, т. б. туындауына әкелуде. Алдыңғы қатарлы гигиенистердің пікірінше, қоршаған ортаның қолайсыз факторларымен аурулардың 70%, өлім мөлшерінің жартысынан көбі және аномалиялардың 57% байланысты. Өскеменде атмосфераға ауыр металдардан басқа бірнеше ингридиенттер бөлінеді. Олардың қатарына көміртегі тотығы, күкірт сутегі, өндірістік шаң жатады. Осы токсиканттардың ішінде адам ағзасына әсер ету күшіне қарай қорғасын - аса қауіпті токсикант болып саналады. Өскемен қаласы тұрғындарының денсаулығына ауыр металдардың әсері

емдеу-профилактикалық мекемелердің 2000-2001 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтерінде көрсетілген.

Slide 12

Өндірістік қалдықтар қала тұрғындарының денсаулығына кері әсер ете отырып, көптеген ауру түрлерінің өсуіне әкеліп отыр. 2000-2001 жылдар аралығындағы жалпы аурулардың көрсеткіштері 1489, 0-ден 1512, 5-ке дейін өскен. Өскемен қаласы бойынша онкологиялық аурулардың деңгейі 13, 0-ден 17, 4-ке дейін, соның ішінде ересектер арасында - 16, 2-ден 21, 5-ке дейін; жасөспірімдерде - 4, 4-тен 5, 2-ге дейін; балаларда - 2, 4-тен 3, 7-ге дейін өскен. Эндокриндік жүйенің аурулары жалпы алғанда 83, 0-ден 92, 2-ге өскен: ересектерде - 93, 4-тен 102, 9 дейін; жасөспірімдерде - 136, 8-ден 155, 1-ге дейін; балаларда - 28, 1-ден 29, 9-ға дейін. Қан айналу жүйесі ауруларының 154, 1-ден 163, 4-ке өскендігі байқалып отыр. Тұрғындар арасында тыныс жолдары ауруларының 479, 8-ден 441, 2-ге төмендегені анықталып, керісінше, асқазан ауруларының деңгейі 85, 5-тен 99-ға, яғни ересектерде - 78, 5-тен 87, 6-ға; жасөспірімдерде - 114, 3-тен 115, 6-ға; балаларда - 106, 5-тен 141, 7-ге көтерілген.

Slide 13

Ауаны ластанудан сақтау үшін ластаушы заттардың пайда болуына жол бермеу керек. Ауыр металдармен ластану дәрежесі жоғары өндірістік аймақ - Өскемен қаласы өңірінде қалыптасқан экологиялық жағдайды тұрақтандыру мен жақсарту үшін мынандай комплексті технологиялық және ұйымдастыру шараларын жүргізу керек:

Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану деңгейін бағдарлау мақсатымен табиғи объектілерге үздіксіз бақылау жасау және «ауыр металдар - өсімдік - жануар - адам» сызба-нұсқасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Шығыс Қазақстан облысы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы мен СЭС басқармасы өндіріс орындары басшыларынан қоршаған ортаға өндіріс орындарынан зиянды қалдық заттардың бөлінуіне жол бермеу мақсатымен:

өндіріс орындарында аварияларға жол бермеуді;

жаңа қалдықсыз технологияларды енгізіп, өндірістік цехтарға тазарту қондырғыларды орнатуды;


Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ластануы
Жер геосфералары, олардың негізгі қасиеттері. Глобальдық экологиялық өзгерістердің бағытын анықтаушы әлеументтік- экономикалық процестер. Адам әрекетінің атмосфераға әсері, атмосфера күйінің өзгерістері және олардың салдарлары
ҚТҚ қоршаған ортаның ластануы
ОРМАН ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ МОНИТОРИНГІ
Шымкент Қазақстандағы ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың тізіміне енді
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және олардың экологиялық генетикалық салдарлары
Кәзіргі жаһандану мәселелерін шешудегі пәнаралық әдістеменің маңызы
Ластаушы заттарды атмосфераға тастауды бақылау
Табиғи ортаның сапасы мен халық денсаулығы
Гидросфераның ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz