Асқынған сәулелік ауру


Slide 1

М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университтеті Өмір тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

Сәулелік зақымдардың қалыптасуы. Организм деңгейінде иондаушы радиацияның әсері. Адамның сәуле ауруы.

Орындаған: Асу. А

Қабылдаған: Ділдәбек. Д.

Slide 2

Жоспары

Сәулелік зақымдардың пайда болуы

Сәуле ауруының классификациясы

Сәулелік аурулардың дәрежесі және белгілері

Иондаушы сәулелер

Қорытынды

Әдебиет көздері

Slide 3

Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілері

Сәулелену дегеніміз - иондалатын ортамен өзара әсерлесуі арқылы әр түрлі таңбалы электр зарядтарының пайда болуын айтамыз.

Сәулелену бұл сәулелену заттардың сапасын бақылау үшін, ғылыми зерттеу жұмыстарында, ауыл шаруашылығында топырақ тығыздығын өлшеу үшін, медицинада қатерлі ісік терапиясы үшін кеңінен қолданылады.

Сәулелі ауру - бүкіл ағзаға немесе оның бөлімдеріне радиоактивті сәулелендірудің (ішкі және сыртқы) көп мөлшерде әсер етуінен пайда болған адамдар мен жануарлардың жалпы ауруы, нервті-дистрофиялық процесстермен, көптеген симптомдармен және ауру ағымының кезеңдігімен сипатталады

Slide 4

Сәулелік аурулар қалай қалыптасады

.

Slide 5

Сәулелі ауру 2 түрге бөлінеді:

Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз.

ғарыштық сәулелер,

табиғи радиоактивті көздер,

атмосферада,

суда және т. б .

Ал ішкі сәулелену деп адам ағзасына тыныс мүшелері, ішек-қарын, тері мүшелері арқылы енуін айтамыз

Slide 6

Радиоактивті сәулелер адам организміне агрессивті фактор ретінде әсер етеді.

Оның әсері уақытқа және сәуле шығару көлеміне, радиацияның ағзаға енуіне байланысты, сонымен бірге сәулелену қарсы иммундық жүйенің күші жеткіліксіз.

Сәулелену ауруларын зерттеу кезінде, радиациямен зақымданған дәрежеге сүйеніп, оның негізгі шекарасын және ағзада қандай мүшеде патологиялық өзгерістер болғандығын анықтай алуға болады: •асқазан - ішек тракты; • Орталық жүйке жүйесі ; • Қанайналым жүйесі ; • Жұлын.

Slide 7

Сәулелік аурудың классификациясы

Адамға радиацияның әсер етуі уақытқа байланысты сәулелік аурулардың 2 түрі болады

Асқынған немесе өткір

Созылмалы

Slide 8

Өткір радиация - ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гаммасәулелер мен нейтрондар) . Ядролық жарьшыс кезінде пайда болып, лезде жанжаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны.

Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 пайызы кетеді. Өткір радиацияның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді. Оның әсерінен тірі клеткалар кобею мүмкіншілігін жояды да, сәуле ауруына шалдығады. Аурудың дәрежесін радиоактивті сәулелендірудің молшері арқылы біледі, оны рентген көрсетеді.

Slide 9

Асқынған сәулелік ауру

Асқынған сәулелік ауру ең соңғы қысқа уақыт ішінде( 1гр) болған радиациялық сәуле өту кезінде туындайды. Бұл мөлшер сындарлы және адам ағзасында аурудың пайда болуына және асқынуына, кейде науқастың өліміне алып келеді.

Морфологиялық өзгеріс

Орталық және перифириялық жүйке

жүйесінде қозу жоғарылайды, мүшелер жүйесіне бағытталған фукциясы реттейтін аппарат зақымданады

Slide 10

Асқынған сәулелік аурулардың туындауының 5 факторы бар:

Slide 11

Асқынған сәулелену ауруының патогенезі 6 сызықты анықтайды:

Радиациялық токсемия - ағзаға радиолизденден су өнімдері және радиотаксиндердің әсері;

Цитостатикалық эффект - бағаналы жасушалар бөліну қабілетінен айырылады, агранулоцитарлы, геморрагиялық және анемиялық синдром;

Радиационды капилляриат (7 Г жоғары сәуле өткенде)

Функциональды бұзылыс ( нейрогуморальды реттелудің бұзылуы вегативті -көк тамырлардың ауруының дамуына әкеледі)

Ұмытшақтық (функциональды ұлпа мүшелерінің байланыстырғыштарға орын алмасуы)

Қатерлі іске айналу (радиацияның әсері онкомутагенді гендерді қалыптастыруы мүмкін)

Slide 12

Классификация

Сүйек кемігі (1-6 Гр)

Өтпелі форма(6-10 Гр)

Ішек - қуысы (10-20 Гр)

Токсемиялық (қан тамырлар) (20-80 Гр)

Церебральды жүйе (80-120 Гр) .

Сәулелену астындағы өлім ( 120 Гр жоғары)

Асқынған сәулелік аурудың сәулелену көлеміне байланысты

6 клиникалық формаға бөледі

Slide 13

Асқынған сәулелік ауру СК ауырлық сатысы (сәуле өту мөлшеріне байланысты) :

жеңіл (1-2 Гр)

Орташа ауыр (2-4 Гр)

ауыр(4-6 Гр)

Өте ауыр ( 6 Гр жоғары)

Асқынған сәулелік ауру СК периоды:

Бастапқы (алғашқы реакция)

Жалған ауырсыну

Өршу кезеңі

Қалпына келу

Slide 14

Созылмалы сәулелік ауру

Созылмалы сәулелік ауру - көп уақыт бойына ағзаға сәуленің үздіксіз 0, 1 - 0, 5гр енуі нен туындайтын ауру.

8 клиникалық синдром:

Агранулоцитоз

Геморрагиялық синдром

Анемиялық синдром

Ішек синдром

Кеш радиационды гепатит

Радиационды кахексия синдромы

Жұқпалы асқынған синдром

Асқынған жүрек -қан тамыр ауруы

Slide 15

Патогенезі

Өтпелі радиация клетка ішілік суды иондайды, сондықтан ол организмнің барлық тіндері мен ағзаларын қамтиды. Клетка ішіндегі құрылымдар зақымданады, хромосомдар мен ДНК жіптері үзіледі. Бұл тіндердің өмірін қысқартады.

1 кезең - алғашқы реакция кезеңі - алынған сәуле дозасына байланысты орталық нерв жүрек-қан тамыр жүйелерініңқызметтері өзгеруімен қатар, қан қүрамында уақытша ақ түйіршіктер көбейеді. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1-2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.

2 кезең - аурудың білінбейтін кезеңі - екі аптаға дейін созылады. Клиникалық көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.

3 кезең тұсында -- адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі тәмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.

4 кезеңде - алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады.

Slide 16

Радиациямен зақымданудың негізгі белгілері

Slide 17

Сәулелі күйіктер

Сәулелі радиациялық күйіктер теріге және сілекейлі қабыққа бета бөліктерінің түсуінен, сонымен қатар бета-гамма аралас сәулелену кезінде пайда болды.

Сәуле күйіктер радиоактивті ыдырау заттарын адамның терісін тиген кезде ұлпалардың иондалуы басталады, ақуыздар тозады. Терінің сәулелі күюі қабылдаған сәуле дозасына, мерзіміне байланысты.

Терінің сәулемен күюі 1-2 тәуліктен кейін біліне бастап, 2-3 кунге созылады

Дәрежелері:

Жедел тері дерматитінің 1-ші дәрежесі сәулеленген күннен 20 тәулік өткеннен соң басталады. Жасырын кезеңі 2 аптаға созылады, терісі ісінеді, шашы түседі. 1-2 апатадан кейін эритема жойылып, пигментациясы қалып, 1-2 аптадан кейін ғана шашы шығады.

Сәулелі күйіктің ІІ дәрежесінде 2-5 күнге дейін терінің бетінде көбіршіктер пайда болады. Жасырын кезең 1-2 аптаға дейін созылады. Ауру адам өзін жақсы сезінеді. 1-2 апта өткеннен кейін терінің зақымдануы күшейеді.

Сәулелі күйіктің ІІІ дәрежесінде терінің бетінде жаралар пайда болады. Жасырын кезең 4-6 аптаға созылады. Тері қызарып, ісініп, күшті ауырады

Slide 18

Иондаушы сәулелер

Иондаушы сәуле - дегеніміз сәулелердің бір затпен қосылып, сол затта электр зарядын түзуі немесе иондауы [2] .

Иондаушы сәулелер 4 түрге бөлінеді:

1. Альфа бөлшектері

2. Бета бөлшектері

3. Гамма бөлшектері

4. Нейтронды сәуле

Slide 19

Сәулелік ауруға профилактика

Ағзаның радиоактивті сәулелерге сезімталдығын төмендететін препараттар қолдану

В6, С, Р дәрумендері бар өнімдерді әрқашан аста пайдалану

Радиопротекторлар ( химиялық қорғаныш байланысы бар)

6 айда бір рет рентген аппаратына түсу

Slide 20

Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету


Ұқсас жұмыстар
Асқынған сәулелену ауруының патогенезі
Тік ішек рагын емдеу тәсілдері
Көз аурулары
Соққы толқыны
Бейбіт уақыттағы Радиоактивті ластану
Радиациялық қауіп
КӨЗ АУРУЛАРЫНЫҢ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары
Иттердің плазмоцитарлы миеломасы
Күйік шогы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz