СУДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Презентация қосу
«Су көздерін ластаушы негізгі
көздер»
Орындаған: Асу Алмасбек
Тексерген: Джумабеков А
Тараз 2019
СУ КӨЗДЕРІН ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені
оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі
жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су
планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік
мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар
түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және
химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі
мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су
қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және
мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп
қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде
мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау
кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы
дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және
ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп
орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп
орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен
қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді
құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.
Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец,
қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы
егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы
химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең
қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.
Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп
орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді.
Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың
температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас
қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік
бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш
микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен
су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.
Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады.
Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында
көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы
судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар -
өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы
суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай
химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың
еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді.
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі
үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері
аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ
қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл
ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып,
жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны
толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген.
Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса
берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының
дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың
бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы
судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде
де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл
халқының 50% қанағаттандырылмай отыр.
Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі
таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы
қамтамасыз етілген (290 мың м3/1 км²). Ал Атырау, Қызылорда
және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген.
Жалпы Қазақстан бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті
9 естеден көруге болады.
Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан
халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану,
сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру
жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада
су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23%
санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың
лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын
пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру,
тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы,
Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық
суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін
Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.
Судағы химиялық және улы заттардың мөлшерін
Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар -
бериллий, молибден, селен иондары және кейбір
синтетикалық және радиоактивті заттар. Бұл
заттардың әрқайсысының шекті конңентраңиясы да
әртүрлі. Әдетте, миллиграмның мыңнан, он мыңнан бір
бөлігі. Мысалы, мышьяктың шекті мөлшері - 0,05 мг/л,
селен - 0,001 мг/л. бериллий - 0,0002 мг/литр.
Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қызмет
бүкіл орталық су жүйесіндегі: су сақтау қоймаларында,
оның жүйеге түсер жерінде, бөліну жүйесінде судың
сапасы үнемі бақылап отырады. Егер су құбыры жүйесі
10 мың адамға қызмет көрсетсе Мемлекеттік стандарт
(ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға - айына 100 рет,
100 мыңнан аса адамға - айыңа 200 үлгі алып бақылап
отырады.
СУДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ.
Ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі - қайта
өңдеп пайдалану, тазалаудың жаңа технологияларын қолдану,
ұйымдастыру шаралары. Суды қайталап (екінші рет) пайдалану
өнеркәсіп орындарында әртүрлі технологиялық процестерде
қолданылады. Қазіргі таңда суды тазалаудың жаңа: физикалық,
химиялық, биотехнологиялық әдістері қолданылады.
Физико-химиялық әдістерге радиаңиялық, ион алмасу, тотығу-
тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда
иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион
алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып
қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық
қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте
ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер
(балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары)
қолданылады. Ақпа сулар - бұл өнеркәсіпте және тұрмыста
пайдаланғаннан шыққан сулар. Ақпа суларға сондай-ақ ғимараттар
салынған территориядағы жаңбыр, нөсер сулары да жатады.
Ақпа суларда адам организміне қауіпті көптеген
органикалық және минералдық зиянды заттар болады.
Сондықтан ол суларды сүзу, тазалау орындарында,
биологиялық тоғандарда және т.б. жерлерде
залалсыздандыру және тазалау қажет.
Химиялык (реагентті) тазалау - бейтараптаудан
(нейтрализация) және тотығу-тотықсызданудан тұрады.
Бейтараптау - сілтілердің әсерімен ерітіндінің қышқылдық
қасиетін жоюға, ал қышқылдармен ерітіндінің сілтілік
қасиетін жоюға алып келетін химиялық реакция. Кез-келген
тотығу- тотықсыздану реакциясы сол мезеттегі кейбір
компоненттердін тотығуының, кейбіреулерінің
тотықсыздануының нәтижесі. Кең тараған
тотықтырғыштарға: оттегі, ауа, озон, хлор, гипохлорит,
сутегі қос тотығы, ал тотықсызданғыштарға - хлорит, темір
сульфаты, гидросульфит, күкірт диоксиді, күкірттісутек
жатады.
Биохимиялық тазалау - аэробты және анаэробты
биохимиялық тазалау дан тұрады. Аэробты биохимиялық
тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған
сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде
(оттегінің қатысуымен ) органикалық заттарын минералдау.
Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе
жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы
оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет
етеді.
Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш
микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы
гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды
хлордың к өмегімен залалсыздандырып келді. Алайда,
полихлорлы бифенилдердің улы екені, олар көбіне
майлардың құрамында кездесетіні белгілі боды. Тотыға
отырып, олар өте улы диоксинді түзеді . Қазіргі кезде суды
озонмен өңдейді.
Әртүрлі, сондай-ақ суғару мен топырақты тыңайтуға
пайдаланатын ақпа сулар да адамдар мен жануарлар
үшін қауіпті болып, топырақ құнарлылығы мен
өсімдіктердің өсуіне, дамуына және ауыл шаруашылық
өнімдерінің сапасына теріс әсер ететін патогенді
микроорганизмдердің көзі болуы мүмкін. Аурудың жұғу
қауіптілігі топырақ пен өсімдіктерге ақпа сулардан келіп
түсетін патогенді микроорганизмдердің тіршілік
ұзақтығына байланысты.
Тіпті тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтін жұмысшының
қол жуған суы да микробиологиялық санитарлық
бақылаудан өтеді. Бақылау жұмыс басталар алдында
жүргізіледі. Бұл жағдайда қолдағы
микроорганизмдердің жалпы саны мен ішек таяқшасы
тобына жататын бактериялардың бар-жоғы анықталады.
Судың физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерінің өзгеруі салдарынан, оның табиғи
тазару және жаңғыру қабілетінің азаюынан су
ресурстарының жағдайы өзгереді. Сондықтан
барлық су ресурстары ластанудан, қоқыстанудан
және сарқылудан қорғалуы тиіс. Олай болмаса,
табиғи жүйенің экологиялық тұрақтылығы
бұзылып, халықтың денсаулығы нашарлап, балық
қорлары азаюы және сумен қамтамасыз ету
нашарлауы мүмкін.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
↑ Экология (оқулық) - Алматы, 2008
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒ
А РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz