ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ


Slide 1

Табиғи және ағызынды суларды, қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды талдау әдістері

Орындаған: Асу А.

Бисенбаев А.

Меркібай А.

Slide 2

Кіріспе Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Адам баласыының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.

Slide 3

Ағынды суларды тазалау әдісі

Механикалық әдіс - суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар - май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.

Химиялық әдіс - суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы: хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.

Биологиялық әдіс - микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді

Slide 4

Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе. Мысалы, Швецияда тұтыну қалдықтарының - 25 %-ы қайта өңделіп, пайдалануға жіберіледі, Жапонияда ол - 30 % құрайды, Германияда - 35 %. Ал, Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың - 2, 5 %-ы ғана кәдеге жаратылып, қалғаны - 97, 5 %-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып, ашық қоқыстарда қордаланады. Нәтижесінде өңірдің экологиялық жағдайының нашарлауына үлкен үлес қосады.

Slide 5

Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады. Үй-жай шаруашылығының қалдықтарына пайдалануда болған және тозған, өзінің тұтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Тұрмыстық қалдықтардың тағы бір түрі - тамақ қалдықтары. Бұл қалдықтар тұрмыста тасталынады. Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты. Қазір республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана ҚТҚ мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы бөлінген полигондар бар. Оның тек қана 6, 8 пайызы немесе 307-сі ғана заңдастырылған. Қалған күл-қоқыс полигондары кез-келген жерде, қалай болса солай қалып­тасқан. Ол ол ма, республи­камыздағы 6325 елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана ҚТҚ мен күл-қоқысты арнаулы полигондар­ға таситын кәсіпорындар бар. Ал қалған 75 пайызы немесе 4767 елді мекенде күл-қоқыс үй іргесінде немесе елді мекен маңында ша­шылып жатыр.

Slide 6
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды басқару пәніне кіріспе
Қала ортасындағы қалдықтар мәселесі
Полимерлер өндірісі
Қоқыстарды қайта өңдеу
Қоршаған ортаның қалдықтармен ластануы
Қазақсатандығы қоқыс мәселесі
Қалдықтар - табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарам сыз шығарылымдар
Зиянды қалдықтардың тастауы бойынша қойылатын талаптар
Өндірістік қалдықтар
Өнеркәсіп қалдықтарын шикізат материалдар ретінде: фосфогипс, борогипс және т.б. қолдану. Гипсты байланыстырушы материалдардың қасиеттері. Өндірістің жаңа технологиясының негізі мен қолдану салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz