Заманауи жаппай қырып жою қаруларының жалпы сипаттамасы
Презентация қосу
Мазмұны:
1 Заманауи жаппай қырып жою
қаруларының жалпы сипаттамасы
2 Ядролық қару
3 Ядролық қарудың негізгі зақымдаушы
факторлары:
а) Екпінді толқын
б) Жарықтық сәулелену
в) Өткір радиация
г) Электромагниттік импульс
4 Қорғану жолдары
5 Пайдаланылған әдебиеттер
Заманауи жаппай қырып жою қаруларының
жалпы сипаттамасы және оларды қолданудың
зардаптары
Жаппай қырып
қырып жою
жою қаруы
қаруы —
жаппай шығынға ұшырату немесе
қирату үшін колданылатын жою
қабілеті жоғары кару. Жаппай
қырып жою қаруының жою
факторлары оны қолданудан кейін
белгілі бір уакытта қарсыласты
шығынға ұшыратуы және оған
күшті моральдық, психологиялық
әсер етуі мүмкін.
Жаппай қырып жою қаруының
объектілері тек қарулы күштер
топтары ғана емес, сонымен бірге
қарсыластың алыстағы тылы,
саяси әкімшілік орталықтары, ірі
калалары мен өнеркәсіп орындары,
адамдар, олардыд еңбек өнімдері
жоне өмір сүрудің табиғи ортасы
(топырақ жамылғы, өсімдіктер мен
жануарлар, климаттық және
геофизикалық элементтер) болып
табылады.Заманауи жаппай қырып
жою қаруларының қатарына
ядролық, химиялық
бактериологиялық және
биологиялық қарулар жатады
Ядролық қару
• Ядролық қару деп қырып жою әсері уран
мен плутоний сынды изотоптардың
ауыр ядроларының тізбекті
реакциялар арқылы бөлінуі кезінде
немесе жеңіл сутегі изотоптары
ядроларының термоядролық синтез
реакциялары кезінде бөлінетін
ядроішілік энергияны қолдануға
негізделген жаппай қырып жою
қаруларының бір түрін айтамыз.
Ол барлық белгілі
зақымдау құралының
ішіндегі ең қуаттысы.
Ядролық жарылыстың
қуаты тротилдық
эквивалентпен
өлшенеді. Тротилдық
эквивалент тоннамен
(т), килотоннамен (Кт)
және мегатоннамен
(Мт) өлшенеді.
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫҢ НЕГІЗГІ
ЗАҚЫМДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ:
1. Екпінді толқын
2. Жарықтық сәулелену
3. Иондаушы сәуле шығару (өткір радиация)
4. Электромагниттік импульс
5. Жергілікті жердің радиоактивті ластануға
ұшырауы
Екпінді толқын
Екпінді толқын өз жолында
кездескен барлық
нысандарға әсер етеді.
Мысалы, 100 кт тротилдік
эквиваленті бар ядролық
жарақ ауада жарылған кезде
екпінді толқын жасырынатын
орыннан сыртқа, жарылыс
эпицентрінен 1,6 км
қашықтықтағы адамдарды
апатқа ұшыратып, 4,5 км
радиустағы көп қабатты тас
ғимараттарды толықтай
қиратады.
Екпінді толқын ауаның бірден қысылысынан
пайда болады және дыбыс жылдамдығынан
жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Екпінді
толқынының пайда болу көзі жарылыстың
ортасында өте жоғары қысымның
пайдаболуы. Екпінді толқын өзінің жойқын
күшіне байланысты жолындағылардың бәрін
қирата талқандап өтеді. Екпінді толқынның
күші эпицентрінен қашықтаған сайын
бәсеңдей береді. Адамдар екпінді толқыннан
тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға
т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.
Жарықтық сәулелену
• Жарықтық сәулелену –
көрінетін ультракүлгін және
инфрақызыл сәулелерден
тұратын сәулелік энергия
ағыны. Ол бір мезетте
жылдам таралады және
ядролық жарылыстың
қуаттылығына байланысты
20 с уақытқа дейін көрінуі
мүмкін.
• Жарықтық сәулелену ядролық
қарудың жарылысының
әсерінен пайда болады. Оның
құрамында ультракүлгін,
инфрақызыл және көрінетін
сәулелер болады. Жарықтық
сәулелену жарылыстың
күшіне байланысты бірнеше
секундқа ғана созылады. Бұл
сәулелердің ішіндегі қауіптісі
инфрақызыл сәулесі.
• Жарықтық сәулелену үлкен
өрттердің пайда болуына әсер
етеді, адамдар күйеді, көзді
жандырып жібереді.
Өткір радиация
• Өткір радиация (ядролық жарылыс кезіндегі
гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10
– 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда
болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік
эквивалентті ядролық жарық жер үстінде
жарылған кезде жасырынатын жерден тыс
орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге
ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де
орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке
ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан
нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық
жарылыс бұлтынан және радиоактивтік
заттардың түсуінен пайда болады.
• Радиоактивті заттар
адамдарға екі жолмен әсер
етеді: гамма-сәуленің бета-
бөлшектерімен бөлініп
адамның ашық жеріне,
терісіне қонады, екіншіден,
олар адамның ішіне кетеді.
Осыдан адамдар сәуле
ауруына шалдығады. Егер
теріге радиоактивті заттар
көп қонса, адамдар
радиоактивті күйік алуы
мүмкін. Ішке түскен
радиоактивті заттар қан
арқылы адам бойына
толық тарайды.
Электромагниттік импульс
• Электромагниттік
импульс (ядролық
жарылыстар кезінде
пайда болатын қысқа
мерзімдік электр және
магниттік өрістер)
антенналарға, сымдарға,
кабельдік тармақтар мен
байланыс құралдарына
әсер етіп, істен
шығарады.
Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін
электрлік және магниттік алаңның пайда
болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі
бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ
болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей
байланысты. Электрлік магниттік импульс
үлкен антеналы өте сезімтал электрондық
элементтерді күйдіріп жібереді, приборларды,
конденсаторларды, вакуумды қондырғыларды
және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен
шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен
байланыс аппараттарды, электрондық есеп
машиналарды жарамсыз болып қалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
2. Атом и оружие, М., 1964;
3. Ядерный взрыв в космосе, на земле и
под землей. Сб. ст., М., 1974;
4. Уразов Е.Л., Аманжолов К.Р.,
Муханбеткалиев Х.С., На страже
независимости Казахстана, А., 2003.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz