ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР




Презентация қосу
БИОЛОГИЯЛЫҚ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ
ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН
ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін,
олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан
келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьндарға үшыратып,
тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір
аумақта туындаған жағдай.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИЯ

Биологиялық қару - бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар,
арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық
малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін,
қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.
Әскери іс - әрекетте биологиялық
қаруды қолдану енгізілсе, оны биоло-
гиялық соғыс деп атауға болады.
Биологиялық қарудың талқан-дағыш
әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет
ететін патогенді микробтардың ауру
таратқыш қасиетін және уытты азық
түлікті қолдануға негізделген.
Биологиялық қарудың негізгі
талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық
құрал құрайды - адамдардың ағзасына,
малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда,
ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға
қабілетті, әскери пайдалану үшін,
арнайы таңдап алынған биологиялық
уәкілдер.
ЖҰҚПА АУРУЫН ҚОЗДЫРАТЫН
МИКРОБТАР:
Бактерия - бұл бір клеткалы микроағзалар,
ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары
температурадан, дезинфекциялық
заттардан жылдам жойылады

Риккетсиялар - бұл бір клеткалы талшық
тәріздес микроағзаға, олар тірі
ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар
құрғақшылыққа, үсікке төзімді.

Вирустар - қарапайым микроскопқа
түспейтін өте майда микроағзалар. Тек
тірі ұлпада дамиды және көбейеді
ЭПИДЕМИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Эпидемия - нақты бір аймақтағы ауру - сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама
асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық
ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған
адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық
малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі.
ЭПИДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ АУРУДЫҢ СИПАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
ИНФЕКЦИЯНЫҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ МЫНАДАЙ БОЛУЫ МҮМКІН:

су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш
сүзегі кезінде

ауа - тамшылы (тұмау кезінде)

трансмиссивті - безгек пен бөртпе сүзек кезіңде
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР
Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі
дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды
жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген.
Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе
сүзек және т.б. Сондай - ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып,
туляремия және т.б
Соңдай - ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа
созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.
Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация
енгізіледі.
Әдетте карантин және обсервация мерзімін аурудың максималды инкубациялық кезеңінің
ұзақтығына байланысты белгілейді. Оны соңғы ауруды госпиталдау мен дезинфекцияның аяқталған
кезеңнен санайды.
Эпидемияның алдын алу үшін аймақтың, сумен қамту жүйесі мен канализацияның тазалығын
күшейту керек, халықтың санитарлы сауатын арттыру, гигиена ережелері сақталуы тиіс, азық - түлікті
дұрыс өндеу және сақтау қажет, қоздырғыштар тасымалдаушылардың әлеуметтік белсенділігін және
олардың сау адамдармен қарым - қатынасын шектеу қажет.
НЕГІЗГІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫНЫҢ
ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ, ОБСЕРВАЦИЯ ЖӘНЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ

Қоздырғыш Орташа Аурудың Обсервация Карантин мерзімі мен енгізу шарты
инкубацнялық айналасындарға мерзімі
кезең (тәулік) қауіпті (тәулік)
оба 1-3 өте қауіпті - 6 тәулік
тырысқақ 1-3 өте кауіпті - 6 тәулік
сібір 1-3 аз қауіпті 8 жаппай ауруға шалдыққанда және
жарасы карым-қатынастық таралу кезінде 8
тәулікке белгіленуі мүмкін
бөртпе 10-14 педикулез 23 жаппай ауруға шалдыққанда және
сүзек болған педикулез болған жағдайда 23
жағдайда тәулікке белгіленуі мүмкін
қауіпті
табиғи 13-14 өте қауіпті - 17 тәулік
шешек
Эпизоотия - белгілі бір аумақтың Эпифитотия - ауылшаруашылық
шегінде бір мезгілде уақыт пен дақылдарының жаппай жойылуы
кеңістікте дамитын, белгілі бір және олардың өнімділігінің
аймақтағы ауруға шалдығу денгейінің төмендеуімен қатар жүретін уақыт
әдеттегі санынан айтарлықтай асатын, пен кеңістікте ауылшаруашылық
бір немесе бірнеше түрдегі өсімдіктерінің жаппай, біртіндеп
ауылшаруашылық малдарының күшейе түсетін инфекциялық
арасындағы инфекциялық аурудың аурулары және өсімдік зиянкестері
таралуы. санының бірден өсуі.
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Биологиялық қауіпсіздік жұмыс істейтін персоналды, халықты және қоршаған ортаны
биологиялық құралдар әсерінен қорғауға бағытталған медициналық-биологиялық, ұйым-
дастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар жүйесімен, сондай-ақ ұйым-
дастырушылық, індетке қарсы және дезинфекциялық алдын алуға бағытталған шаралар кешенін
және төтенше жағдайлардың және апаттардың зардаптарын жоюмен, I-II топтардың патогендігі
қоздырғыштарымен жұмыстарды орындау кезінде биологиялық қауіпті объектіге және карантиндік
жұқпалар әкелу, сондай-ақ ықтимал биотерроризм актілері аумақтарына жақын орналасқан
халықтың вирустық ауруларға шалдығуының алдын алумен қамтамасыз етіледі.
Биологиялық қорғау БҚ жоғалту, ұрлату, дұрыс пайдаланбау, диверсия, санкцияланбаған қол
жеткізу немесе әдейі санкцияланбаған жайылулар алу алдын алу мақсатында токсиндерді бақылау
және есепке алумен, сондай-ақ биологиялық зақымдану ошақтарында іс-әрекет кезіндегі қорғану
құралдары мен препараттарын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Биологиялық бақылау биологиялық зақымдану ошақтары аумағында жеке құрамның,
жабдықтардың, техниканың, азық-түліктің, судың биологиялық құралдармен зақымдалуын,
режимдік-шектеу, емдеу-эвакуациялық, дезинфекциялау және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар
жүргізу тәртібін анықтау мақсатында ұйымдастырады және жүргізіледі. Биологиялық бақылауды
азаматтық қорғау қызметінің радиациялық-химиялық және медициналық қызмет мамандары арнайы
аспаптар пайдалана отырып жүргізеді.
БИОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Биологиялық (бактериологиялық) барлау - бұл қолданылған бактериологиялық қаруды,
қоздырғыш жұқпалы аурулар мен токсинді анықтау бойынша іс-шаралар кешені. Биологиялық
барлау қарсыластың биологиялық қаруды ықтимал қолдану қаупі туралы ақпаратты алу және өңдеуді
қамтитын бірқатар іс-шараларды, сондай-ақ осындай шабуылдар немесе биологиялық қауіпті
заттардың шығарылу фактісін белгілеуді қамтиды. Арнайы әскери топтың бөлімшелері заттар түрін,
оның қауіптілігін, жергілікті жерлердің зақымдану дәрежесін анықтайды, сондай-ақ залалдану
шекарасы белгілейді. Биологиялық барлау биологиялық аэрозольдерді жылдам табуға, ақуыз
заттарды, тасымалдау, сақтау және биологиялық рецептуралар қолдану үшін пайдаланылған
құрылғылар мен қабықшалардан іріктеп алынған сынамалардағы БҚ шартты топтық тиістілігін
анықтауға бағытталған.
Бактериологиялық зақымдану және аса қауіпті инфекциялар пайда болу ошағында қатаң
эпидемияға қарсы режим жағдайы енгізіледі. Онда болғанда құтқарушылар обаға қарсы костюмдер
пайдаланады, залалданған аймақтан шыққанда толық санитарлық өңдеу алдында шешіп тастайды.
Бұдан басқа, залалданған аймақта болған барлық адам шұғыл спецификалық емес алдын-алу
шаралары үшін сәйкесінше антибиотиктер дозасын қабылдайды.
БИОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЫНАЛАР БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:

1) биологиялық зақымдану белгілері анықтау мақсатында жергілікті жерді
бақылау және қадағалау

2) азаматтық қорғаудың құрылымдары, халық және жануарлар арасында кез
келген індет ауруларын айқындау және фактілерін тексеру

3) жұқтыру кезінде - апат ауқымын анықтау, сондай-ақ биологиялық қауіп
төндіруі мүмкін жергілікті заттарды анықтау

4) бақылау қызметтерінен және жергілікті тұрғындардан келіп түсетін
ақпараттар негізінде биологиялық қауіптілік ошағын шектеу

5) АҚ құралымдарының қауіпті заттар әсеріне ұшырауы туралы деректерді
жинау
БАҚЫЛАУ БЕКЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ КЕЛЕСІДЕЙ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ:

биологиялық заттар пайдалану фактісін ең қысқа мерзімде табу
және белгілеу

жоғары тұрған басшылығына алынған мәліметтер беру және
хабарлау сигналын жіберу

судан, топырақтан сынама алу және оларды одан әрі тексеру
үшін зертханаға жіберу
БИОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ САЛДАРЫН ЖОЮ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ
ТҰЖЫРЫМДАЛАДЫ:
аймақтардың ықтимал зақымдану аумағын анықтау мақсатында биологиялық
қауіпті объектіде биологиялық барлау өткізу

биологиялық қауіпті объектіде және оған іргелес аудандарда патогенді
биологиялық агенттердің таралуын болдырмауға бағытталған кешенді
режимдік-шектеу, инженерлік-техникалық, санитариялық-эпидемияға қарсы
және емдеу-алдын алу шараларын жүргізу

объектінің персоналы және халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу

биологиялық зақымдану ошағын оқшаулау және жою
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлеуметтік сала қызметкерлері әлеуметтік жұмысты төтенше ахуал жағдайларында халықты
әлеуемттік қорғаудың маңызды механизмі ретінде қабылдайды және рөлін ерекше атап өтеді. Бірақ,
мамандардың бұл салада қызмет жасауына көп күрделі тосқауылдар және кедергілер туындайды.
Төтенше жағдайларда әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың басты бағыттары ретінде зерттеу
нәтижелеріне сүйене мемлекеттік деңгейдегі әлеуметтік көмектен тыс, еріктілер қоғамдарымен,
ұйымдармен, халықтың арасынан көмек көрсетуге ниет білдірген азаматтармен әріптестік жүргізу
болып есептелді.
Зерттеуді қорытындылай келе, әлеуметтік салада қызмет жасайтын мамандар төтенше
жағдайларды ерекше назар аударуға тұрарлық бағыт деп мақұлдады. Бірақ, ондай қызметкерлерді
халыққа сапалы ұсыну үшін реабилитациялық орталықтар, стационарлар немесе арнайы
әлеуметтік қолдау орталықтары қажет екендігін ұсынды. Бөлімнің атқаратын мемлекеттік
әлеуметтік қызметтері қатары қазіргі уақытта толықтыруды қажет етеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Инфекциялық аурулардың классификациясы
Инфекциялық үрдістің патофизиологиясы
Микробтардың микроорганизмге енуі
ИНФЕКЦИЯЛАР
Жұқпалы емес аурулар
Инфекциялық ауруларға профилактика
Инфекциялық ауру
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТЕРІ АУРУЫ
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
Инфектология ғылым түрінде және оның микробиологияда алатын орны.Инфекциялық процесстің сипаттамасы.Бактериялардың және вирустардың патогенділіг және токсигенділігі.Патогенділік және токсигенілік факторларының генетикалық бақылауы
Пәндер