ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ


Slide 1

Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім:

1. Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар

2. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар

3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Төтенше жағдай

Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай

Slide 4

Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар

ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы Қазақстан Республикасы аумағыңда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді: мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүгізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.

Slide 5

Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:

қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын;

жарылыс, өртке алып келіп соғатын;

көлік комуникациясындағы орын алатын қатынас жолы;

әскери саясаттық сипатта болатын;

стихияға (бедетвия) әкеліп соғатын.

Slide 6

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын төтенше жағдайлар.

Slide 7

Табиғи төтенше жағдайларға:

-геофизикалық қауіпті құбылыстар (жер сілкінісі, вулкан) ;

- геологиялық қауіпті құбылыстар (көшкіндер, сел, сырғыма, тастың құлауы) ;

- метеорологиялық және арометеорологиялық қауіпті құбылыстар (дауыл, құйын, құрғақшылық, аяз және т. б. ) ;

- теңіздегі гидрологиялық қауіпті құбылыстар (теңіз деңгейінің қатты құбылуы, мұздар арыны және т. б. ) ;

- гидрологиялық кауіпті құбылыстар (су басу, тасқындар, грунтті сулар деңгейінің көтерілуі) ;

-табиғи өрттер (ормандық, далалық, шымтезектік) ;

-адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпидемиялар) ;

-ауылшаруашылык малдардың жұқпалы ауруға шалдығуы (эпизоотиялар) ;

-ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығу (эпифитотиялар) жатады.

Slide 8

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдай.

Slide 9

Техногенді сипатты төтенше жағдайларға:

- өндірістік;

- транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе апаттары, автомобильді авариялар (апаттар), магастральді өткізу құбырларындағы авариялар) ;

- өрттер (жарылыстар) ;

- ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

- РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

- СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

- ғимараттардың кенеттен құлауы;

- электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар;

- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар;

-тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

- гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.

Slide 10

Төтенше жағдай аймағы

Төтенше жағдай аймағы - бұл төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай таралу аумағынажәне келтірген нұқсанның көлеміне қарай объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Slide 11

Авария

Авария - технологиялық процесстің бұзылуы, механизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы.

Авариялар зардаптарының сипатты түріне, көлеміне және олар пайда болған көсіпорынның олардың ерекшелігіне байланысты авариялардың әдеттегідей зардаптары жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін.

Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіне

Slide 12

Апат

Апат - бұл адамның тұтқиыл пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірдумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала.

Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді.

Көлеміне бойынша: кіші, орташа, үлкен болады

Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткен алынады:

1. зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызатын адамдар саны;

2. апат зардабына ұшыраған аумақ

- Турі бойынша:

1. табиги (табиғи немесе дүлей зілзала) ;

2. жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен) болды

Slide 13

Дүлей зілзала

Дүлей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққын зілзала.

Төтенше жағдайлардың көбесі адамға бағынышты емес табиғат күші әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғьшалар, қар кешкіні, дауылдар күртік, орман және дапа өрттері т. б.

Slide 14

Төтенше жағдайдың алдын алу

ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені

Slide 15

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы


Ұқсас жұмыстар
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Төтенше жағдайлар көрсеткіші 2009 - 2010 жылдар
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері
Техногендік ипаттағы төтенше жағдайлар
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫ
Жер сілкінісі болған кезде медициналық және өрт қауіпсіздігінің жағдайын бағалау
Төтенше жағдайлар
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz