ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫ
Презентация қосу
ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАР
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Төтенше жағдай -
мемлекетке төнген түрлі
қауіпке байланысты елбасы
немесе парламент
жариялайтын уақытша режим.
Ол табиғат апаты, соғыс қаупі,
техногендік апат, халық
ішіндегі толқу, т.б.
жағдайларда жарияланады.
Мұндай уақытта
азаматтардың құқықтары мен
бостандықтары саналы түрде
шектеледі, бейбіт кездегі
заңдар күшін тоқтатып,
төтенше заңдар шығарылады.
• Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет
басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер
алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін
өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң
тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр
болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты,
мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер
дәрежесі ел Конституциясында анықталады.[1]
Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп
соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың
денсаулығына, қоршаған ортаға және
шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан
келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір
дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,
тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін
авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір
аумақта туындаған жағдай.
ТАБИҒИ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙ
• Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей
зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны
және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен
малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық
өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері
мен зиянкестері арқылы зақымдануын
туғызатын Төтенше жағдай-лар.Рихтер
шкаласымен есептелінеді.
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙ
• Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай -
өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да
авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін
улы, радиоактивті және биологиялық жағынан
қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар)
авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен
қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті
қамтамасыз ететін электр-энергетика және
коммуникация жүйелеріндегі, тазарту
құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше
жағдай.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ АЙМАҒЫ
Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай
туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және
техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу
аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне
қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және
жаһандық болып бөлінеді.
Төтенше жағдайлар
көрсеткіші
2009 – 2010 жылдар
Төтенше
жағдайлары
кезіндегі қорғану
әдістері
Сулы матамен мұрныңызды және ауыз
қуысын жауып, басыңызға сулы сүлгі
жамылып шығыңыз.
Егер есіктің тұтқасы салқын болса, есікті
ашыңыз. Егер коридор түтін болса
мүмкіндігінше еңкейіңіз (еденнен 60 см)
және шығу есігіне беттеңіз. Егер есіктің
тұтқасы ыстық болса, есікті ашпаңыз.
Бөлмеге түтін кірмес үшін, есіктің астын
сулы сүлгімен бекітіңіз.
Негізінде өрт сатысы тек жетінші қабатқа
дейін жетеді. Мүмкін қабырға арқылы
келесі бөлмеге кірі алатын шығарсыз (Шкаф
орналасқан жерде жұқарақ). Балконнан
балконға жете алмау мүмкіндігінізді де
қарастырыңыз. Екінші қабаттан жоғары
тұрсаңыз, секірмеңіз. Бір-біріне жалғанған
төсенгіштірді қолданыңыз, бұл жағдайдың
өзінде де бір қабаттан артық түспеңіз.
Соққы күшін анықтау үшін,
етбетіңізден жерге
жатыңыз(шетінен гөрі ортасына
қарай). Жоғарыдан еш нәрсе
түсіп кетпес үшін, басыңызды
жабыңыз. Лифтінің шахта
түбіне түсіп кету мүмкіндігін де
ойлаңыз. Осылай да тірі қалуға
болады. Құлап бара жатқан
лифтіде өлім жағдайы сирек
кездеседі. Кейбі сарапшылар тік
тұрып, соққы алдында секіру
қажет дейді, бірақ уақытты
дұрыс пайдалану мұмкіндіге аз.
ТЕРРОРИСТТЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА
БОЛАДЫ
• Террористтер өте ашушаң келеді,
сондықтан сабырлық танытыңыз.
Олар сізге өздері сөйлемейінше, сіз
оларға сөйлемеңіз. Егер оқ атып
жатса басыңызды жауып, жерге
жатыңыз. Артық әрекет жасамай,
солардың талаптарын орындаңыз.
Ешқашан террористтердің көзіне
тура қарамаңыз. Егер сізге сөйлесе
өте сыпайы жауап беріңіз. Ертеңгі
күні оны сипаттап беру үшін ойша
есім қойып алыңыз. Оларды ұстау
тобы келген кезде еденге жатып,
басыңызды жабыңыз, әйтпесе екі
жақтың оғы да тиіп кетуі мүмкін.
КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
• Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде,
тротуарларда болады. Көкмұз - ауа
температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады,
мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.
• Мұздақ - жер үстінде пайда болатын мұздың
жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан
кейін пайда болады.
• Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып,
асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.
• Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп
соқтырады.
• Қарттарға бірнеше кеңес:
• Үйден шығарда қолыңызға сүйеніп жүретін
арнайы ағаш алып шығыңыз.
• Сөмкеңізді арқаңызға асыныңыз. 60 жастан асқан
адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда
ұшырайды.
• «Қалай дұрыс құлау» керек:
• Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара
жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау
қажет.
НАЙЗАҒАЙ
• Найзағай - бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ.
• Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның
температурасы 300000 градусқа дейін жетеді .Найзағайдың орын
ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай
түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі,
өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам
қайтыс болады.
• Найзағайға қалай дайындалу керек.
• Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты
орнатқаштарын орнату қажет.
• Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге
түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса
қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне байланысты
(300000км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз.
Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне
байланысты анықталады.
• Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер
дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.
• Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті.
Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды
жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары
температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен
сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған
сымдарға түседі.
• Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе
жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге
жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т.б. электрлі
қондырғыларды қоспаңыз.
СУ ТАСҚЫНЫ, СЕЛ
• Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік
дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын,
климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су
тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық
туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір
рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл
өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда
бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.
• Су тасқыны кезінде:
• үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
• пештегі жанып жатқан отты өшіру;
• үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа
шығару;
• бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе
фанермен қағып тастау;
• мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
• Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім,
мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б.
керекті нәрселерді алып, рельефтің ең биік жеріне көтеріліңіз,
ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және
т.б. дайындау қажет.
• Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ
магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су
тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан
табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
“ҚҰС ТҰМАУЫ” АУРУЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ
ШАРАЛАРЫ.
•
• Құс тұмауы» ауруының алдын-алу шаралары.
• «Құс тұмауы» - бұл құстардың жұқпалы ауруы, ол
вирусты тұмаудың А типіне жатады. Құс тұмауының
вирусы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда
анықталған, көптеген уақытқа дейін адамдарға қауіпті деп
саналып келді. Құс тұмауымен ауырған адам алғаш рер
1997 жылы Гонконгтан анықталған, тұмаудың 1 түрі 18
адамның ауыруына әкеліп соқтырды, оның 6 адамы
қайтыс болған. Бұл тұмау тек қана құстарға ғана емес,
сонымен қатар адамдардың өміріне де қауіпті. Тұмау
құстардан немесе солардың шикі етін жегеннен жұғады.
Оның вирустары қатты мұзда да бола береді, 70градустан
төмен температурада ол бірнеше жылдың көлемінде
сақтала береді. Бірақ бірнеше секунд ішінде жоғары
температурады өледі.
• Құс тұмауынан сақтану үшін келесі шараларды
сақтау қажет:
• ауылдық елді-мекендерде тұратындар үй құстарын өз
ауласында ұстауы тиіс. Бұл жағдайларды олар жабайы
құстармен байланыста болмайды;
• құс еттерінен тамақ дайындау барысында тиісті
шараларды сақтау қажет;
• Құстың шикі етімен және құстардан жасалған
тағамдармен жұмыс жасағаннан кейін, қолыңызды
сабынмен жақсылап жуыңыз.
ҚҰЗДА ТОҚТАП ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕ ҚАЛАЙ АМАН
ҚАЛУҒА БОЛАДЫ
• Жылдам қозғалыстар
жасамаңыз. Егер машинаның
алдыңғы бампері қауіпті жерде
тоқтап қалса, онда аман қалуға
уақыт өте аз, ақырын артқы
орындыққа барып отырыңыз.
Терезені сындыру жағдайында
қолыңызға ауыр нәрсе алып
алыңыз. Егер машина
құламайды деп ойласаңыз, тез
арада артқы есікті ашып
шығыңыз егер есік ашылмай
қалса, артқы терезені
сындырыңыз. Тез қимылдаңыз,
әрі абай болыңыз.
КӨПШІЛІК ТОБЫРЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА
БОЛАДЫ
• Ешқашан көпшілікке қарсы жүрмеу керек;
• Көпшіліктің ортасынан және темір тор,
сөрелерден, қоршаулардан, бағаналардан,
қабырғалардан аулақ жүру қажет.
• Қолмен ешнәрседен ұстамау керек -
қолыңызды сындырып кетуі мүмкін;
• Есіңізде болсын, киімді түймелеп,
мүмкіндігінше өкшесі биік аяқ киім кимеңіз;
• Ешқашан жерге түсіп кеткен сөмкеңізді
немесе қолшатырыңызды жерден көтеруге
тырыспаңыз - өмір қымбатырақ;
• Арттан келген соққылардан құтылу үшін,
шынтағыңызды бүгіп алыңыз;
• Егер сіз құлап қалсаңыз басыңызды соққыдан
қорғаңыз және тұруға ұмтылыңыз - бір
аяғыңызға сүйене отырып, көпшілік
қозғалысының бағытымен тез тұрып кетіңіз.
ЖЫЛЫ ( КҮННІҢ) СОҚҚЫСЫ.
• Жылы күннің соққысы көп таралған апатты
жерлерде өте қауіпті. Жылудан
жарақаттанушының белгілері минутына 100
және одан да көп жүрек соққыларының жиілеуі,
тері қабатының қызару, әсіресе бет, бас
соққысының ұстауы, лоқсу, жүрек айнуы
мүмкін. Құлақ шуы, бас айналу, ұйқышылдық
пайда болады. Дене температурасы 40-41
көтерілуі мүмкін. Өте қауіпті жағдайда
жарақаттанушы есінен танады.
• Керек:
• Жылу және күннің соқысынан күдіктенген
жағдайда жарақаттанушыны көлеңкеге апарып
киімін шешу, су шашып, шашықпен немесе
киіммен желпуді неғұрлым жиілету керек.
(көлеңке жоқ жағдайда қалың киіммен басын
көлеңкелеп, өз көлеңкесімен кеудесін міндетті
түрде жабу керек). Жарақаттанушыны,
жеткілікті мөлшерде сусындату керек. Кеуде,
басқа суық сумен компресс жасауды да
ұмыттпауға тиіс.
УЛЫ ШӨПТЕРМЕН УЛАНУ
• Улы шөптер мен улы емес
шөптердің ұқсастығынан улану
байқалады. Көп жағдайда балалар
межде секілді ақжелкенмен ұқсас,
белладон жемісімен, шиеге
ұқсастығынан меңдуана дәнімен,
макқа ұқсастығынан кене
дәндеріне уланады. Әсіресе
балалар борщевик қайыңынан
(және т.б. түрлерінен) үрлегіш
жасап, қатты күйікке тап болады.
• Керек:
• Егер сіз улы шөптермен уланып
қалсаңыз, сізге құсқыңыз келгенше
жеткілікті түрде су ішу қажет (ауыз
суы). Егер жақсармасаңыз «Жедел
жәрдем» қызметін шақыртыңыз.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
ТҮРЛІ КҮШТЕГІ
СЕЙСМИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУМАҒЫНДА ЖИІ КЕЗДЕСЕДІ.
ӘРБІР ЖЕР СІЛКІНІСІНЕ МӘН
БЕРМЕГЕН ЖӨН. ҮСТІРТТІҢ
ӘЛСІЗ ТЕРБЕЛІСТЕРІ (5
БАЛЛҒА ДЕЙІН)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК,
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ЖӘНЕ
БАСҚА АУДАНДАРЫНДА
ЖЫЛЫНА БІРНЕШЕ РЕТ
БОЛЫП, ЗАҚЫМ
КЕЛТІРМЕЙДІ. БІРАҚ, ЕГЕР
ТЕРБЕЛІС КҮШІ БІРДЕН
НЕМЕСЕ БІРТЕ-БІРТЕ 5-6
БАЛЛҒА ДЕЙІН ЖЕТЕТІН ЖЕР
СІЛКІНІСІ БАСТАЛСА, — БҰЛ
ҚАУІПТІ НЫШАН. БҰДАН
КЕЙІН ОҚИҒАЛАРДЫҢ
ҮШТЕН БІРІНДЕ
ТЕРБЕЛІСТЕР 7 ЖӘНЕ ОДАН
ДА ЖОҒАРЫ БАЛЛҒА ДЕЙІН
ЖЕТІП, КҮШТІРЕК БОЛАДЫ.
ЖЕР СІЛКІНІСІ ОЙДА ЖОҚТА КЕЛГЕНІН ЕСКЕРСЕК, ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕГІ ӨЗ
ӘРЕКЕТТЕРІН АЛДЫН-АЛА ЖОСПАРЛАП ҚОЮ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ. БЕЛГІЛІ БІР ЖАҒДАЙДА ҚАНДАЙ
ӘРЕКЕТ ЖАСАУ КЕРЕК ЕКЕНІН БІЛГЕНДЕ, ӨЗ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУ МҮМКІН. НЕГІЗІНДЕ, ӨЛІМ
ЖӘНЕ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАН ЖАРАҚАТТАРДЫҢ СЕБЕБІ ЖЕР АСТЫ ДҮМПУІ ЕМЕС.
ӨЛІМДЕРДІҢ КӨБІ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ҚИРАУЫ, СЫНЫҚТАР МЕН ПЕШ МҰРЖАНЫҢ ЖӘНЕ
КӨШЕДЕГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ БАҒАНАНЫҢ СЫНЫҚТАРЫ ЖӘНЕ Т.Б. СИЯҚТЫ ЗАТТАРДЫҢ
ҚҰЛАУЫ НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛАДЫ.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ Н
КЕРЕК?
ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!
ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ — САБЫРЛЫ БОЛЫП, ҮРЕЙСІЗ
ӘРЕКЕТ ЕТУ. БІРАҚ ЖЫЛДАМ ҚОЗҒАЛУЫҢЫЗ
ҚАЖЕТ. РЕТСІЗ ІС ҚИМЫЛ ЖАСАМАҒАНЫҢЫЗ ЖӨН,
ӨЙТКЕНІ ОСЫДАН ҮРЕЙ ТУЫНДАЙДЫ. БАЛАЛАР
МЕН ЕГДЕ АДАМДАРДЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҢЫЗ
(ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ ЖЫЛЖУДА
ҚИЫНШЫЛЫҚТАРҒА ТАП БОЛУЫ МҮМКІН).
ТҰРҒЫН ЖАЙДА:
• ГАЗ, СУ, ЖӘНЕ
ЖАРЫҚТЫ СӨНДІРІҢІЗ;
• АЛДЫН АЛА
ТАҢДАЛҒАН ОРЫНДА
(ІРГЕЛІ ІШКІ
ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ
АРАСЫ, ІРГЕЛІ ІШКІ
ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ
БҰРЫШТАРЫ, КОЛОННА
ЖАНЫНДАҒЫ ЖӘНЕ
КАРКАС АСТЫНДАҒЫ
ОРЫНДАРЫ)
ТЫҒЫЛЫҢЫЗ;
• ТЕРЕЗЕГЕ
ЖАҚЫНДАМАҢЫЗ;
• ЕСІК ЖАҚТА ҮРЕЙДІ
ТУҒЫЗБАЙ, ЛИФТІНІ
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
КӨШЕДЕ:
• ғимараттардан алысырақ
ашық жерге барыңыз,
үзілген сымдардан абай
болыңыз;
• ғимараттарға кірмеңіз.
КӨЛІКТЕ:
• мүмкіндігінше тез арада ашық
жерде тоқтаңыз;
• дүмпулер аяқталғанша көліктен
шықпай, орныңыздан
қозғалмаңыз;
• автобус жүргізушісі есікті ашып
қоюы тиіс.
• сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге
көмектесіңіз;
• радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті
биліктің, азаматтық қорғаныс штабының
нұсқауларын қадағалаңыз;
• аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;
• зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз
кірмеңіз;
• жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер,
құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға
қатысыңыздар.
Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді
болдырмау үшін арналған жалпы
ұсынымдар
• жиһаздың ауыр заттары құлайтын
жерде ұйықтауға болмайды.
Салмақты ауыр заттарды еденге
немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.
• биік сөрелерге ауыр заттарды
қоймаңыз, өйткені олар құлап
адамдарды жарақаттауы мүмкін.
• егер де жер сілкінісі түнде болса
шамды даярлап қою керек.
• төтенше жағдайлар туындағанда
жеткілікті көлемде ішетін су мен
тағам болу керек.
• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда
әрекет ету жоспарын өзі жасау керек.
Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы
мүшелерінің әрекет ету жоспарын
анық білу қажет. Және де жер сілкінісі
кезінде сабырлылықты сақтаңыздар,
лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ
БЕРМЕҢІЗ!
Жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің
беткі қыртысының тербелуі. Қазақстан
Республикасының біршама аумағында жер сікінісі
болып тұрады». Осы зілзала, әдетте, үлкен
аймақты қамтиды, соның салдарынан топырақтың
тұтастығы бұзылып, ғимараттар мен үй жайлар
қирайды, адамдар қаза болады және жарақат
болады,материалдық құндылықтар жойылады.
Организмге берілген энергия мөлшері доза деп
аталады. Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің)
массасының сіңірілген бірлігінің сәулелену энергиясының
мөлшерісіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мөлшері
сіңірілген дозаның бірдейлігі кезінде альфа сөулеленудің
бета және гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін
ескеріледі. Сондықтан дозаның келесі түрі эквивалентті
доза болып табылады. Эквивалентгі дозаларды осы
коэффициентгерге көбейтіп және барлық ұлпалар
мснорганизмдар бойынша қосып, организм үшін
сәулеленудіц жиынгық әсерін көрсететін
тиімді эквивалентті дозаны аламыз.
Осы үш түсінік (сіңірілген доза, эквивалент доза
жолы тиімді эквивалент доза) тек жеке алынған дозаны
көрсетеді. Егер адамдар тобы алған тиімді эквивалент
дозаны қосатын болсақ, ұжымдық тиімді эквивалентті
дозаны аламыз. Ұжымдық доза көлемінің өзгерісі бүкіл
хайуанаттардыд немесе сол аумақта тұратын халықтың
денсаулығына аса қатты әсер етеді.
Өрттің негізгі зақымдағыш
факторы оттың жанып затқа
тікелей әсері және сәулелену
салдарынан жоғары
температуралардың заттар мен
объектілерге қашықтық ықпалы
болып табылады. Өрт кезінде
технологиялық қондырғылар мен
көлік құралдары толық немесе
ішінара жойылады немесе
қатардан шығады, адамдар қаза
болады немесе әртүрлі деңгейде
күйік алады, үй жануарлары мен
малдар қырылады.
Сел тасқындарының бастапқы факторларының
арасынан, ең алдымен, автомобиль және темір
жолдарға, көпірлерге, электр беру желілеріне,
ғимараттар мен тұрақ - жайларға,
ауылшаруашылығы жайылымдарына келтірілетін
залалдарды айтуға болады.Сел тасқындары үлкен
қашықтықтарда лайлы-тасты массамен суландыру
жүйесінің магистральдық каналдарын басып кетеді,
соның салдарынан егістік сусыз қалып,
жайылымдардың жойылуы нәтижесінде жанама
шығын келтіріледі (қайталама фактор).
• Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz