Адам нанғысыз жағдайлардан қалай аман қалудың жолдары


Slide 1

Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері

Slide 2

Қазақстандағы экологиялық апаттар

Slide 3

Жоспар:

Батыс Қазақстандағы су тасқыны

Қызылағаштағы су тасқыны

Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай

Алматы қаласындағы жер сілкінісі

Slide 4

Батыс Қазақстандағы су тасқыны

Батыс Қазақстандағы су тасқыны кесірінен бюджетке 10 миллиард теңге шығын келтірілді. Апат салдарынан 2 адам қаза болды.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Батыс Қазақстан облыстың Зеленов және Тасқала аудандары зардап шекті, 13 ауыл суға кетті.

Осы аудандардың 5 елді мекеніне су жайылды.

Жекелеген ауылдар жарықтан ажыратылып қалған.

570 үй суға кірген.

Облыс орталығынан 10 шақырым қашықтықтағы Үміт ауылындағы Қазыналы тоғанына қазіргі таңда 3 миллион текше метр су жиналған. Егер бөгет арнасынан асар болса, су облыс орталығы Орал қаласына да қатер төндірмек.

Облыс әкімі резиденциясы орналасқан Самал ықшам ауданындағы жекелеген коттедждердің жертөлесіне су құйылып, саяжай үйшіктері су астында қалды.

Slide 8

Су тасқынының алғашқы күндерінен қалалық су тасқынына қарсы комиссия құрылып, шаралар алынды және жауапты тұлғалар бекітілді. Селдің бетін қайтаруда тек коммуналдық қызметтер техникалары ғана емес, қала кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, ТЖ техникалары тартылды.

Жұмыс үш ауысымда тәулік бойы жүргізілді. 253 мың текше метр қар шығарылып, 77 мың текше метр еріген қар суы сорылды, 2, 5 мың тонна топырақ, 1000 тонна құмды-гравийлі қоспалар тасымалданды. Күн сайын 500 адамға дейін апат орнында жұмыс істеді. Су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде 78 самосвал, 6 бірлік жер қазатын техника, 15 су соратын сорғы, 20 вакуумды автомобиль, 25 жүк тиегіш машина және 6 автогрейдер жұмыс істеді. Әкімдіктер, ІІД, ТЖ желілерінде тәулік бойы кезекшілік орнатылып, БАҚ тұрғындармен түсіндіру шараларын жүргізді.

Slide 9

Қызылағашта болған су тасқыны

Қызылағашта болған су тасқыны

Slide 10

Ақсу ауданындағы «Қызылағаш» су бөгенінің ашылып кету салдарынан орын алған төтенше жағдайдың зардаптарын жою үшін әртүрлі көздерден 7, 492 млрд. теңге келіп түскен. ҚР мемлекеттік материалдық қоры мен қайырымдылық ұйымдардан 245, 3 млн. теңге көлемінде азық-түлік пен мүліктік заттар жеткізілген.

33 адамнан тұратын құтқарушылар тобы, су-құтқару қызметі, Талдықорған өңірі бойынша ауылды қорғау жедел тобы, Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері, ҚР ТЖМ мен ІІМ және басқа да топтар жұмыс істеді. 2820 адам қауіпсіз жерлерге көшіріліп, 385 адам құтқарылған.

Қысқа уақыт ішінде электр жарығы мен телефон байланысы, ауыз судың жеткізілуі қалпына келтірілді.

Slide 11

Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай

Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай

Slide 12

Қарағанды облысындағы Күзембаев атындағы шахтадағы көмір мен метанның кенеттен атылуынан көзге көрінбейтін табиғи фактор себеп болған. Осы шахтада 23 мамыр күні болған төтенше жағдайды зерттеген арнайы комиссия осындай қорытындыға келіп отыр. Комиссия мүшелерінің айтуынша, шахтада барлық техникалық қауіпсіздіктер сақталып, көмір мен метанның атылуының алдын алатын шаралар жүзеге асқан. Дәл төтенше жағдай болатын күні қазба бөлімінде 4 адам жұмыс істеген. Кейін анықталғандай, оның екеуі қаза болып, тағы екі шахтер өз беттерінше тысқа шыққаннан кейін жедел ауруханаға жатқызылған.

Slide 13

ТЖМ-нан анықтағандай, төтенше жағдай кезінде шахтада барлығы 169 адам болған және олар дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта шахтаның жұмысы тоқтап тұр.

Төтенше жағдайды жоюға Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 7 адамы мен 3 техникасы, сондай-ақ «ВАСС «Көмір» РМКК-ның 30 адамы және 6 техникасы жұмылдырылды.

Slide 14

Алматы қаласындағы

жер сілкінісі

Slide 15

Мамыр айының алғашқы күні таңғы сағат сегіз жарымда Алматы қаласының маңында күші 5, 5 баллға тең жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі қаладан 76 шақырым қашықтықта, 20 шақырым тереңдікте тіркелсе де, сілкініс дірілі Алматы қаласының тұрғындарына айтарлықтай сезілді. ТЖМ деректері бойынша, 1-2 мамыр күндері Алматы қаласы мен облысы аумағында сегіз рет жер сілкінісі тіркелген.

Slide 16

Қазіргі уақытта құрамына ҚАЗНИИСА мамандары, сейсмология институтының, және басқа да республикалық және облыстық ведомство мамандары кірген республикалық комиссия қызметкерлерімен әр түрлі дәрежедегі зақым алған тұрығнүй мен басқа нысандарды есепке алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ең көп зақымданған ғимараттар - өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған сегіз пәтерлік 3 үй, №1 орта мектеп пен қарттар үйі. Халық арасында шығын не жарақат алған адамдар тіркелген жоқ. Комиссияның ресми қортындысына сай қаланың зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсетілетін болады. Барлығы, көмек сұрап 250 адам келіпті.

Slide 17

Адам нанғысыз жағдайлардан қалай аман қалудың жолдары

Slide 18

ӨРТ КЕЗІНДЕ БИІК ҚОНАҚ ҮЙДЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Сулы матамен мұрныңызды және ауыз қуысын жауып, басыңызға сулы сүлгі жамылып шығыңыз.

Егер есіктің тұтқасы салқын болса, есікті ашыңыз. Егер коридор түтін болса мүмкіндігінше еңкейіңіз (еденнен 60 см) және шығу есігіне беттеңіз. Егер есіктің тұтқасы ыстық болса, есікті ашпаңыз. Бөлмеге түтін кірмес үшін, есіктің астын сулы сүлгімен бекітіңіз.

Негізінде өрт сатысы тек жетінші қабатқа дейін жетеді. Мүмкін қабырға арқылы келесі бөлмеге кірі алатын шығарсыз (Шкаф орналасқан жерде жұқарақ) . Балконнан балконға жете алмау мүмкіндігінізді де қарастырыңыз. Екінші қабаттан жоғары тұрсаңыз, секірмеңіз. Бір-біріне жалғанған төсенгіштірді қолданыңыз, бұл жағдайдың өзінде де бір қабаттан артық түспеңіз.

Slide 19

ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН ЛИФТТЕН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Соққы күшін анықтау үшін, етбетіңізден жерге жатыңыз(шетінен гөрі ортасына қарай) . Жоғарыдан еш нәрсе түсіп кетпес үшін, басыңызды жабыңыз. Лифтінің шахта түбіне түсіп кету мүмкіндігін де ойлаңыз. Осылай да тірі қалуға болады. Құлап бара жатқан лифтіде өлім жағдайы сирек кездеседі. Кейбі сарапшылар тік тұрып, соққы алдында секіру қажет дейді, бірақ уақытты дұрыс пайдалану мұмкіндіге аз.

Slide 20

ТЕРРОРИСТТЕРДІҢ ҚОЛЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Террористтер өте ашушаң келеді, сондықтан сабырлық танытыңыз. Олар сізге өздері сөйлемейінше, сіз оларға сөйлемеңіз. Егер оқ атып жатса басыңызды жауып, жерге жатыңыз. Артық әрекет жасамай, солардың талаптарын орындаңыз. Ешқашан террористтердің көзіне тура қарамаңыз. Егер сізге сөйлесе өте сыпайы жауап беріңіз. Ертеңгі күні оны сипаттап беру үшін ойша есім қойып алыңыз. Оларды ұстау тобы келген кезде еденге жатып, басыңызды жабыңыз, әйтпесе екі жақтың оғы да тиіп кетуі мүмкін.

Slide 21

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

Мұздақ - жер үстінде пайда болатын мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.

Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.

Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

Қарттарға бірнеше кеңес:

Үйден шығарда қолыңызға сүйеніп жүретін арнайы ағаш алып шығыңыз.

Сөмкеңізді арқаңызға асыныңыз. 60 жастан асқан адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда ұшырайды.

«Қалай дұрыс құлау» керек:

Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.

Slide 22

НАЙЗАҒАЙ

Найзағай - бұл аспандағы бұлт арасынан от тәрізді шақпақ.

Қаупі. Найзағай жарқылы үлкен разрядты токпен тең, ал оның температурасы 3 градусқа дейін жетеді . Найзағайдың орын ауыстыру жылдамдығы секундына 100 мың километр. Найзағай түскенде талдың жанып кетуі де мүмкін. Найзағайдың адамға түсуі, өлімге дейін алып келеді. Жыл сайын әлемді найзағайдан 3000 адам қайтыс болады.

Найзағайға қалай дайындалу керек.

Найзағайдың түсу қаупінен қорғану үшін, оған қарсы жерасты орнатқаштарын орнату қажет.

Егер сіз найзағай болатынын сезсеңіз, онда бірінші кезекте оның жерге түсу жақындығын анықтаңыз және дауыл жақындап не болмаса қойғандығын қараңыз. Жарық жылдамдығының тездігіне байланысты (3км/с) онда найзағай жарқылын тез арада байқай аламыз. Мүмкіндігінше дыбыс кешігуі арақашықтық пен оның тездігіне байланысты анықталады.

Егер дыбыс кешігуі жиіленсе, онда найзағай фронты сирейді ал егер дыбыс азайса, онда найзағай фронты жақындап келе жатқандығы.

Найзағай жарқылынан кейін қатты дауыл болса, найзағай өте қауіпті. Егер сіз ауылдық жерде болсаңыз: терезені, есікті, құбырларды жабыңыз. Пеш жақпаңыз, себебі пеш трубасынан шығатын жоғары температуралы газда қарсыласа алмаушылық болады. Телефонмен сөйлеспеңіздер: кейде найзағай столбылардың арасында тартылған сымдарға түседі.

Найзағай болып жатқан сәтте электр желісіне, антеннаға, терезе жанындағы орнықтарғыштарға, үйдің төбесінен су ағатын жерлерге жақындамаңыз, сонымен қатар теледидар, радио және т. б. электрлі қондырғыларды қоспаңыз.

Slide 23

Су тасқыны, сел

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Су тасқыны кезінде:

үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;

пештегі жанып жатқан отты өшіру;

үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;

бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;

мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т. б. керекті нәрселерді алып, рельефтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т. б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.

Slide 24

“Құс тұмауы” ауруының алдын-алу шаралары.

Құс тұмауы» ауруының алдын-алу шаралары.

«Құс тұмауы» - бұл құстардың жұқпалы ауруы, ол вирусты тұмаудың А типіне жатады. Құс тұмауының вирусы алғаш рет ХХ ғасырдың басында Италияда анықталған, көптеген уақытқа дейін адамдарға қауіпті деп саналып келді. Құс тұмауымен ауырған адам алғаш рер 1997 жылы Гонконгтан анықталған, тұмаудың 1 түрі 18 адамның ауыруына әкеліп соқтырды, оның 6 адамы қайтыс болған. Бұл тұмау тек қана құстарға ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне де қауіпті. Тұмау құстардан немесе солардың шикі етін жегеннен жұғады. Оның вирустары қатты мұзда да бола береді, 70градустан төмен температурада ол бірнеше жылдың көлемінде сақтала береді. Бірақ бірнеше секунд ішінде жоғары температурады өледі.

Құс тұмауынан сақтану үшін келесі шараларды сақтау қажет:

ауылдық елді-мекендерде тұратындар үй құстарын өз ауласында ұстауы тиіс. Бұл жағдайларды олар жабайы құстармен байланыста болмайды;

құс еттерінен тамақ дайындау барысында тиісті шараларды сақтау қажет;

Құстың шикі етімен және құстардан жасалған тағамдармен жұмыс жасағаннан кейін, қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз.

Slide 25

ҚҰЗДА ТОҚТАП ҚАЛҒАН КӨЛІКТЕ ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Жылдам қозғалыстар жасамаңыз. Егер машинаның алдыңғы бампері қауіпті жерде тоқтап қалса, онда аман қалуға уақыт өте аз, ақырын артқы орындыққа барып отырыңыз. Терезені сындыру жағдайында қолыңызға ауыр нәрсе алып алыңыз. Егер машина құламайды деп ойласаңыз, тез арада артқы есікті ашып шығыңыз егер есік ашылмай қалса, артқы терезені сындырыңыз. Тез қимылдаңыз, әрі абай болыңыз.

Slide 26

КӨПШІЛІК ТОБЫРЫНАН ҚАЛАЙ АМАН ҚАЛУҒА БОЛАДЫ

Ешқашан көпшілікке қарсы жүрмеу керек;

Көпшіліктің ортасынан және темір тор, сөрелерден, қоршаулардан, бағаналардан, қабырғалардан аулақ жүру қажет.

Қолмен ешнәрседен ұстамау керек - қолыңызды сындырып кетуі мүмкін;

Есіңізде болсын, киімді түймелеп, мүмкіндігінше өкшесі биік аяқ киім кимеңіз;

Ешқашан жерге түсіп кеткен сөмкеңізді немесе қолшатырыңызды жерден көтеруге тырыспаңыз - өмір қымбатырақ;

Арттан келген соққылардан құтылу үшін, шынтағыңызды бүгіп алыңыз;

Егер сіз құлап қалсаңыз басыңызды соққыдан қорғаңыз және тұруға ұмтылыңыз - бір аяғыңызға сүйене отырып, көпшілік қозғалысының бағытымен тез тұрып кетіңіз.

Slide 27

Жылы ( күннің) соққысы.

Жылы күннің соққысы көп таралған апатты жерлерде өте қауіпті. Жылудан жарақаттанушының белгілері минутына 100 және одан да көп жүрек соққыларының жиілеуі, тері қабатының қызару, әсіресе бет, бас соққысының ұстауы, лоқсу, жүрек айнуы мүмкін. Құлақ шуы, бас айналу, ұйқышылдық пайда болады. Дене температурасы 40-41 көтерілуі мүмкін. Өте қауіпті жағдайда жарақаттанушы есінен танады.

Керек:

Жылу және күннің соқысынан күдіктенген жағдайда жарақаттанушыны көлеңкеге апарып киімін шешу, су шашып, шашықпен немесе киіммен желпуді неғұрлым жиілету керек. (көлеңке жоқ жағдайда қалың киіммен басын көлеңкелеп, өз көлеңкесімен кеудесін міндетті түрде жабу керек) . Жарақаттанушыны, жеткілікті мөлшерде сусындату керек. Кеуде, басқа суық сумен компресс жасауды да ұмыттпауға тиіс.

Slide 28

Улы шөптермен улану


Ұқсас жұмыстар
Тентексай шахтасындағы төтенше жағдай төтенше жағдай
Төтенше жағдайлары кезіндегі қорғану әдістері
Ешкі сүтінің емдік қасиеті
Совет үкіметінің адал қызметшісі
Психологиялық аспект
КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕҢУ
Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең»
Вирустардың адам дертіндегі орны
Сүттің және сүт өнімдерінің пайдасы
Жақсылық пен жамандық ертегісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz