Орман мониторингі
Презентация қосу
Экология дегеніміз – тірі
ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен
олардың бір-бірімен және қоршаған
ортамен өзара қарым-қатынасын
зерттейтін ғылым.
«Экология» курсының мақсаты –
«биосфера – қоғам – техногенді орта»
жүйесіндегі негізгі заңдылықтардың өзара
әсерін оқып үйрену және табиғатты қорғау
проблемаларын шешудегі экологиялық
ұсыныстарды қалыптастыру болып
табылады.
.
Аталған мақсаттарға жету үшін төмендегі
бірнеше міндеттерді шешу ұсынылады:
тірі ағзалардың тіршілік ету ортасы мен өзара
әсерінің ортақ заңдылықтарын қарастыру;
қоршаған ортаға антропогенді әсермен
байланысты туындайтын проблемаларды талдау;
табиғатты қорғау қызметінің сферасында
ұсыныстарды, іскерлік және дағдыларды
қалыптастыру;
экологиялық қауіпсіздіктің заңды негіздерін
қарастыру
Экологияның әдістері
бақылау модельдеу
эксперимент
Бағалау:
3SO+3H 2O= H 2S +2H 2SO3
метеорологиялық бақылау;
температураны өлшеу;
судың химиялық қүрамын;
тұздылығын мөлдірлігін;
топырақ ортасының сипатын анықтау;
радиациялық фонды өлшеу;
ортаның химиялық және бактериалдық ластануын
анықтау
Эксперимент
Зертханада фактордың өсімдіктер мен жануарлардың
қандай да бір функциясына әсері зерттеледі, сонымен
ңатар жануарлардан алынған мәліметтерді адам
экологиясына пайдалану мүмкіндігі сарапталады. Осындай
жолмен химиялық және т.б. заттардың шекті және өлімге
әкелетін мөлшері анықталады, қолдануға болатын шекті
концентрациялар осы мәліметтерге сүйене отырыи
есептеледі де, олар экологиялық нормалардың негізінде
жатады. Бүл жағдайда экология физиологияның,
биохимияның, токсикологияның әдістерін қолданады.
Жоғарыда айтылған әдістер экожүйелердің
тұрақтылығын анықтау және өсімдіктер, жануарлар мен
адамның ортаның әр түрлі жагдайларьшың бейімделуін
зерттеу үшін маңызды.
Модельдеу
Қазіргі заманғы экологияда
статистикалық математика,
математикалық логика, сандар
теориясы, матрицалық алгебрамен
байланысты ақпараттар мен
кибернетика теориясының
әдістері қолданылады.
Қазіргі кезде осы әдістердің ішінде
практикалық маңыздылығы жағынан
мониторингке ерекше көңіл бөлінеді.
Экологиялық мониторинг. Мониторинг
(топііог латын тілінен аударғанда — еске
салушы, алдын ала ескерту деген мағынаны
береді) — биосфера немесе оның жеке
бөліктерінің, элементтерінің жағдайының
антропогенді әсерден болатын өзгерістерін
болжау, бағалау мен бақылаудың кешенді
жүйесі. Мониторингте биосфераның жағдайы
геофизикалық, физико-географиялық
геохимиялық және биологиялық
көрсеткіштері бойынша сипатталады.
Экологиялық мониторинг
халықаралық келісіммен жүргізілетін глобальді
мониторинг(биосфералық)
арнаулы ұйымдары бар мемлекеттік дәрежедегі
мониторинг
халық шаруашылығы игерілетін аудан, облыс көлеміндегі
мониторинг
биоэкологиялық немесе жергілікті мониторинг
Қоршаған орта жай күйінің мониторингі:
Атмосфералық ауа жай-күйінің
мониторингі;
Атмосфералық жауын-шашын жай-
күйінің мониторингі;
Су ресурстарының сапалық күйінің
мониторингі;
Топырақ жай-күйінің мониторингі;
Метеорологиялық мониторинг;
Радиациялық мониторинг;
Трансшекаралық ластаулар мониторингі
Фондық мониторинг
Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі.
Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі Қазақстан
Республикасының елді мекендерінде атмофералық ауаның
ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Мемлекеттік бақылау бекеттерінің санын және оларды
әрбір нақты елді мекенде орналастыруды халық саны, жер
рельефі, ластанудың нақты деңгейін ескере отырып,
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
құзыреті шегінде айқындайды.
Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің
мониторингі.
Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің
мониторингі- атмосфераның ластануының көрсеткіші
болатын атмосфералық жауын-шашынның химиялық
құрамына бақылау жасау, сондай –ақ қыс кезінде
атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және елді
мекендер мен өнеркәсіп объектілерінен ластаушы
заттардың таралу ауқымын анықтау үшін қар
қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесі.
•.
Топырақ жай-күйінің мониторингі.
Топырақ жай-күйінің мониторингі-елді мекен
жерлерінде, суармалы аумақтар мен
ауылшаруашылығы алқаптарында топырақтың
техногендік ластануының жай-күйіне бақылау жасау
жүйесі.
Фондық мониторинг.
Фондық мониторинг- қоршаған ортаның кешенді
фондық мониторингі станцияларының
мамандандырылған желісіндегі атмосфера мен басқа
да ортаның биосферамен өзара іс-қимылының жай-
күйіне бақылау жасау жүйесі.
Метеорологиялық мониторинг.
Метеорологиялық мониторинг – мемлекеттік органдарды,
жеке және заңды тұлғаларды ауа-райы туралы ақпаратпен
қамтамасыз ету, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді
метеорологиялық, агрометеорлогиялық болжамдар жасау
және дүлей метеорологиялық құбылыстардыі туындау
ықтималдылығы туралы ескерту мақсатында атмосфера мен
жер үстінің физикалық параметрлеріне,метеорологиялық ,
оның ішінде актинометрикалық, жылу балансы,
озонометрикалық, аэрологиялық бақылау жасаудың кешенді
жүйесі. Метеорологиялық мониторинг деректерінің негізінде
климаттың және Жердің озон қабатының мониторингін
жүргізу жүзеге асырылады.
Трансшекаралық ластаулар мониторингі.
Трансшекаралық ластаулар мониторингі-
трансшекаралық сулар мен ауаның
трансшекаралық ластануының, сондай-ақ
қоршаған ортаға трансшекаралық әсерді
болғызбау, шектеу және азайту үшін
қолданылатын шаралар тиімділігінің жай-
күйіне шекаралас мемлекеттермен
халықаралық ынтымақтастық шеңберінде
жүзеге асырылатын бақылау жүйесі.
Табиғи ресурстар мониторингі:
Жер мониторингі;
Су объектілері және оларды
пайдалану мониторингі;
Жер қойнауы мониторингі;
Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың мониторингі;
Таулы экожүйелер мен шөлейттену
мониторингі;
Орман мониторингі;
Жануарлар дүниесінің мониторингі;
Өсімдіктер дүниесінің мониторингі
Жер мониторингі.
Жер мониторингі болып жатқан
өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды
бағалау, олардың одан әрі қанат жаюын
болжау және теріс процестер
салдарларының алдын алу және жою
жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында
жүргізілетін жер қорының сандық және
сапалық жай-күйінің базалық (бастапқы),
жедел, мерзімді бақылау жасау жүйесі
болып табылады. Жер мониторингінің
деректері Мемлекеттік жер кадастрында
қорытылады.
Су объектілері және оларды пайдалану
мониторингі.
Су объектілерінің мониторингі олардың
жай-күйінің гидрологиялық,
гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық,
санитарлық-химиялық, микробиологиялық,
паразитологиялық, радиологиялық және
уыттылық көрсеткіштерін тұрақты бақылау,
теріс процестерді уақтылы анықтау, олардың
қанат жаюын бағалау және болжау
мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу
және беру, жүзеге асырылатын су
шаруашылығы іс-шараларының зиянды
салдарларын болғызбау және тиімділік
дәрежесін айқындау жөнінде ұсынымдар
әзірлеу жүйесі болып табылады.
Жер қойнауы мониторингі.
Жер қойнауының мониторингі
мемлекеттік жер қойнауы қорының ұтымды
пайдалануын қамтамасыз ету және
олардың өзгерістерін уақтылы анықтау,
теріс процестерді бағалау, олардың алдын
алу және салдарларын жою үшін жер
қойнауының жай-күйіне бақылау жасау
жүйесі болып табылады. Жер қойнауы
мониторингінің деректері Мемлекеттік жер
қойнауы кадастрында қорытылады.
Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың мониторингі.
Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың мониторингі- табиғи
процестердің қалыпты өтуі мен қоршаған
ортаның жай-күйіндегі өзгерістердің
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
экологиялық жүйелеріне ісерін зерттеу
үшін бақылау жасау жүйесі. Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар
мониторингінің деректері Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардың
мемлекеттік кадастрында қорытылады.
Таулы экожүйелер мен шөлейттену
мониторингі.
Таулы экожүйелер мен шөлейттену
мониторингі- шөлейттену мен оның
зардаптарына дәне таулы экожүйелердің жай-
күйіне бақылау жасау.
Орман мониторингі. Орман мониторингі – орман
қорын күзету,қорғау және ормандарды
молықтыру, орман қорын пайдалану,
биологиялық әралуандылықты және
ормандардың экологиялық функцияларын сақтау
саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында
орман қорының жай-күйі мен серпінін бақылау,
бағалау және болжау жүйесін білдіреді. Орман
мониторингінің деректері Мемлекеттік орман
какадастрында қорытылады.
Жануарлар дүниесінің мониторингі.
Жануарлар дүниесінің мониторингі – жануарлар
дүниесін қорғау, молықтыру мен пайдалану
және биологиялық әралуандылықты сақтау
саласындағы мемлекеттік басқару мақсатында
жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен
динамикасын бақылау, бағалау және болжау
жүйесі болып табылады. Жануарлар дүниесі
мониторингінің деректері Жануарлар дүниесінің
мемлекеттік кадастрында қорытылады.
Өсімдіктер дүниесінің мониторингі.
Өсімдіктер дүниесінің мониторингі- өсімдіктер
дүниесін зерттеу, қорғау, молықтыру және
тұрақты пайдалану мақсатында олардың
объектілері жай-күйінің бағалануын бақылау
жүйесін білдіреді
Мониторингтің арнайы түрлері:
Әскери-сынақ полигондарының мониторингі.
Әскери-сынақ полигондарының мониторингі- әскери,
оның ішінде зымырандық техниканы сынақтан
өткізуден, жабық және қолданыстағы полигондар
аумақтарында бейбіт мақсаттарда ядролық
жарылыстар жасаудан туындайтын қоршаған ортаның
ластануына бақылау жасау жүйесі.
«Байқоңыр» зымыран-ғарыш кешенінің
мониторингі. Байқоңыр кешенінің зымыран-ғарыш
қызметі әсер еткен аумақтарда қоршаған ортаның
жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.
Парниктік газдардың және озон қабатын
бұзатын заттарды тұтынудың
мониторингі.Парниктік газдардың және озон
қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мониторингі –
парниктік заттардың атмосфераға шығарылатын
шығарындыларын және озон қабатын бұзатын
заттарды тұтынуды және олардың көздеріне бақылау
жасау және есепке алу жүйесі.
Санитарлық- эпидемиологиялық мониторинг.
Санитарлық эпидемиологиялық мониторинг –
халықтың денсаулығы мен тіршілік ету ортасының
жай-күйіне, оларды талдаудың, бағалаудың және
болжаудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы жай
күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының әсері
арасындағы себеп-салдар байланыстарын
айқындаудың мемлекеттік бақылау жасау жүйесі.
Мониторингті халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Климаттың және Жердің озон қабатының
мониторингі. Климаттың және Жердің озон
қабатының мониторингі – климаттың өзгерістері мен
Жердің озон қабатының динамикасына, олардың жай-
күйін кешенді бағалау мен болжауға бақылау жасау.
Төтенше экологиялық жағдайлар және
экологиялық зілзала аймағының мониторингі.
Төтенше экологиялық жағдайлар және экологиялық
зілзала аймағының мониторингі- төтенше экологиялық
жағдай және экологиялық зілзала аймақтарының
аумақтарында қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау
жасау жүйесі.
Ғарыштық мониторинг . Ғарыштық мониторинг –
ғарыштық орналастыру және дистанциялық тексеріп
көрудің бақылау құралдарын пайдалана отырып,
қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау жасау жүйесі,
оның жұмыс істеуін ұйымдастыруды аэроғарыштық
қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
жүзеге асырады.
Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингі
бірыңғай мемлекеттік жүйесінің мониторингін жүргізу үш
деңгейде жүзеге асырылады:
өңірлік (өңірлердің
физикалық-географиялық республикалық
жергілікті және экономикалық (қажет болған
(өндірістік ерекшеліктерін, кезде жалпы
экологиялық тұрғыдан
мониторинг және мемлекеттік мәні
ауыртпалықты
елді мекендердің аймақтардың бар-жоғын
бар ірі өңірлер мен
нақты және қоршаған ортаның жекелеген
учаскелерінің, су жай-күйі мен табиғи объектілерді бөліп
тоғандары мен ресурстардың көрсете отырып,
өзендердің, ерекше пайдаланылуына әсер Қазақстан
қорғалатын табиғи ететін табиғи және Республикасының
аумақтардың техногендік факторлар бүкіл аумағын
кещенін ескере отырып,
мониторингі); қамтитын
әкімшілік-аумақтық
бірліктер шегіндегі мониторинг).
мониторинг);
Мониторинг жүйесінің блок-схемасы:
Іс жүзіндегі
Анализ және бақылау
жағдайды бағалау
Орта сапасын
реттеу
Болжанатын
Жағдайды болжау
жағдайды бағалау
Тура байланыс Кері
байланыс
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz