Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
кафедра: Жалпы гигиена және экология
факультет: Жалпы медицина
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы:
Дүниежүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері
Орындаған: Үсіпбаев Уәли
Тексерген: Наурызова Анита
Ақтөбе-2012 жыл
Кіріспе
Негізгі бөлім
Дүниежүзілік мұхитқа жалпы сипаттама
Мұхиттардың экологиясы
Мұхиттардың ластануының негізгі көздер
Қорытынды
Кіріспе:
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
Дүниежүзілік мұхит суының жалпы көлемі 1 млрд 370
млн км³ шамасында, бұл гидросфераның 94%-ын
құрайды. Мұхит суында табиғатта белгілі 110
химиялық элементтің 73-і кездеседі. Орташа тереңдігі
4000 м болатын Дүниежүзілік мұхит Жер шарының
3/4 бөлігін алып жатыр. Дүниежүзілік мұхиттың
бөліктеріне мұхиттар, теңіздер, шығанақтар мен
бұғаздар жатады. Олар материктер мен аралдар
арқылы 4 мұхитқа белінген.
Мұхит суының қасиеттері. Мұхит суының басты қасиеттерінің
бірі — оның температурасы, мұхит суының жылдық орташа
температурасының ең жоғары көрсеткіштері (27—28°С)
экваторлық ендіктерде байқалады. Ашық мұхитқа қарағанда
теңіздерде, әсіресе қоңыржай ендіктерде жатқан теңіздерде
жылдық температураның ауытқулары үлкен болады.
Жалпы алғанда, мұхит бетіндегі орташа жылдық температура
+17,4°С. Орташа жылдық температураның ең жоғары
көрсеткіші Тынық мұхит бетінде (+19,1°С) байқалады, бұл
оның көпшілік бөлігінің төмен ендіктерде жатуымен
түсіндіріледі. Үнді мұхиты бетіндегі орташа жылдық
температура +17°С-қа тең. Мұхит суының ең жоғары
температурасы (+32°С) Тынық мұхит бетінде тамыз айында, ең
төмен температурасы (-1,7°С) ақпанда Солтүстік Мұзды
мұхитта байқалған.
• Мұхит суының 96,5%-ын таза су құрайды, қалған
3,5%-ы еріген тұздардың үлесіне тиеді. Сондықтан
мұхит суының басты қасиетінің бірі оның
тұздылығы болып табылады. Дүниежүзілік
мұхитта, шамамен, 49,2-Ю15 т еріген тұз бар деп
есептеледі. Аталған тұзды құрғақ күйінде жер
бетіне біркелкі етіп таратып жайса, Жер шарын
қалыңдығы 150 м тұз қабаты көмкерген болар еді.
Осыншама мол тұздың миллиондаған жылдар
бойы жиналуының өзі Жердің геологиялық
тарихымен тығыз байланыста жүрген күрделі
процесс болып табылады. Мұхит суында
кездесетін тұздар арасында ас тұзы (85%) басым,
сондай-ақ мұнда магний, кальций және т.б.
қосылыстар бар. Дүниежүзілік мұхиттағы
тұздардың арақатынасы барлық бөлігінде бірдей,
бірақ оның жеке бөліктеріндегі тұздылық
көрсеткіші айырмашылық жасайды.
Ластануға судың барлық түрлері (мұхит,
континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде
ұшыраған. Судың, әсіресе ауыз судың сапасы
халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды
факторлардың бірі болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
мәліметтері бойынша судың сапасының төмен
болуынан шамамен 5 млн. адам себепті өледі
де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған
адамдардың саны 500 миллионнан 1
миллиардқа дейін жетеді.
Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық
жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен,
тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының
қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де
жоғары.
Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде
адам қызметі нәтижесінде ластанбаған тұщы су көздері
жоқ деуге болады. Солтүстік суларының тазалығы туралы
түсінік те алдамшы. Бұл сулардың аз ластануы олардың
олиготрофтылығынан, өздігінен тазару қабілетінің әлсіз
болуы мен төмен температурасымен теңеседі. Осы
уақытқа дейін мұхиттың шексіз өздігінен тазаруға
қабілеті туралы түсінік қалыптасқан. Қазір бүкіл адамзат
мұхиттың дүнежүзілік қоқыс төгетін жер еместігіне көзін
жеткізіп отыр.
Атақты француздың мұхит зерттеушісі Жак Кусто: «Егер
мұхитты уландыру тоқталмаса, оның тіршілігі жойылуы мүмкін»
- деген қауіп айтады. Қазір кең таралып отырған, қауіпті
ластаушы заттарға мұнай мен мұнай өнімдері жатады. Белгілі
мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50
млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км2 суды
қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса,
су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда
көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды.
Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен тағы басқа
ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр
тоннасы 12 км2 суды қабықшамен жаба алады. 0,05
мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз,
ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су
ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды.
Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен тағы
басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін
өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және
ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау
құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай
мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды.
Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп
уақыт керек еткізеді.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл
шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып
табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен,
тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал
шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен
ластанады. Мал шарушылық кешендері кейбір
аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. 100
мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны
миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады.
Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық
заттар мен азоттың әртүрлі қосылыстарымен
биологиялық байланысы.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық
заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа
заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
География және геодезия. —
Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
www.wikipedia.ru
Экология Г.С.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева
www.newskz.ru
www.ref.ru
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz