Домбыра - қазақтың халық аспабы
Презентация қосу
Домбыра
Домбыра – қазақтың халық аспабы. Домбыра – қазақ халқының әрбір
үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген. Бұл музыкалық
аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм
қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнап тұрған
музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік
аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының
музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ
домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша,
археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды.
Домбыраның екі түрі бар – батыстық және
шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді.
Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра жалымен
еркін жылжуы керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша
болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай
техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемі мен қалыбының түрі дыбысталу
күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады.
Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төкпе күйлерде дыбыс қол
білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе
үйлерде дыбыс жекелеген қолсаусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген.
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап.
Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс
шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген
қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп
көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды
қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан
керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс
шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б.
Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин).
Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл
аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына
мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап
жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан
арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы
деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз
жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып
кетудің алдында қалды дейді А. Затаевич. Осының салдарынан 20 ғ. басында қобыз
аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра»
болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық
дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең
соңғы хас шебері 19 ғ. ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.
Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін
өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен
ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі
қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909—1970) Дәулет
Мықтыбаев (1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз
аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға
жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып
кеткеніне шүкір дейміз.
Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы
консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі
тарлан.
Сыбызғы
Сыбызғы - Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы- халық үшін ең сүйікті аспап болып
табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы
шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі
демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан.
Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған.
қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған,
одан үш саңылау ойған. Сыбызғының оңай және тез жасалатынына қарамастан, ойнау
жеңіл болмаған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып Сыбызғының кең
таралуы, келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы- музыканттың
тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын
меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Талдық сыбызғылардан басқа ағаш
сыбызғылар да бар.
Адырна
Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен
қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде
садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып
жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің
үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды.
Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см.,
қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде
фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. Адырнаның Д.
Шоқпарұлы, А. Құмаровтар жасаған бірнеше нұсқасы Ықылас атындағы қазақ саз аспаптары
мұражайында сақтаулы. “Адырна” аталатын көне аспаптар ансамблі бар.
Адырна - Садақтың ағашқа керілген жібі.
Шертер
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің
көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр
түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір
ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына
бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол
бақташылар арасында кең тараған.
Шаң қобыз
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық
аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен
тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң
қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені
қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай,
басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады.
Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Аса таяқ
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130
см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына
түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса
таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ
аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері
қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Дауылпаз
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен
қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін
пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып
жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы
аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі
кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр.
Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық,
өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады.
Дабыл
Дабыл - дабылды аспап, доға екі жағынан терімен тартылған. Дабылды әдетте,
әскерлер қолданылған. Бұл аса қатты дыбысты беретін аспап. Ерте кезде
дабылды аспаптар (дабыл, дауылпаз, және шыңдауыл) қазақтар өмірінде кең
қолданылған. Бұл аспаптардың ашық дауыстары арқылы ауыл тұрғындарын аңға,
діни әдет-ғұрыптарды іске асыруға, көшіп-қону туралы хабарлар айтуға
шақырған.
Желбуаз
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел
көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен
жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны
болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге
ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз»
аспабын белгілі компазитор Н. Тілендиев « Отырар сазы» оркестрінде қолданды.
Сақпан
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне
музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал
шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл
аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту
үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін
сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.
Жетіген
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі
музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым.
Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапа йым күйінде.
Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың
үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген
аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір
қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен-
деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген
аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz