Қазақстандағы түйе шаруашылығы
Презентация қосу
Қ а з а қ Ұ л т т ы қ А г р а рл ы қ Ун и в е р с и т е т і
« Тех н ол о г и я ж ә н е Б и о р е су р с т а р »
ф а кул ьт е т і
Ка ф ед р а : М а л ш а руа ш ы л ы ғ ы ж ә н е б а л ы қ
ш а руа ш ы л ы ғ ы н ө ң д еу т ех н ол о г и я с ы
Та қ ы р ы б ы : Қ а з а қ с т а н д а ғ ы т ү й е
ш а руа ш ы л ы ғ ы
То б ы : « В е т е р и н а рл ы қ м ед е ц и н а » 2 0 3 то п
О р ы н д а ғ а н : С а б и т ха н Г ү л і м .
Те кс е р ге н : Ғ а б и т қ ы з ы Г ү л з ат.
Жоспары:
1) Қазақстандағы түйе шаруашылығы
2) Басқа малдардан ерекшелігі
3) Жалпы статистика
4) Азықтануы
5) Қазақстандағы түйе қолтұқымдары
6) Түйе өнімдері
7) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстандағы қазіргі кездегі түйе
шаруашылығы
Қазір Қазақстанда түйе шаруашылығын дамытуға көптеген игі
шаралар қолға алынуда. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы
«Агромеркур» шаруа қожалығында 3 мыңдай түйе өсіріледі.
Шаруашылықтағы мыңдай інген сауылып, өнімдері халық қажетін
өтеуде. Түйе шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді мол
беретін саласы. Қазір кейбір шет елдерде түйе шаруашылығын
өркендетуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда түйе шаруашылығын
дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген ғалым -
Асылбек Баймұқанұлы.
Түйенің ұрғашылары 3-4 жаста, буралары 5-6 жаста жыныстық
жағынан толық жетіледі. Сыңар өркешті түйенің буаздық мерзімі -
1З, айыр өркешті түйенің буаздық мерзімі 14 айға созылады. Түйе
екі жылда бір рет боталайды. Ботасы нәзік, ерекше күтімді қажет
етеді, күніне 6-7 рет емеді. Бота анасын 18 айдай еміп жетіледі. Түйе
30-35 жыл жасайды
Түйе шаруашылығы
Түйе шаруашылығы, түйе өсіру – мал
шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі.
Республикадағы барлық жайылымдық жердің
64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе
шаруашылығы арқылы барынша тиімді
пайдалануға болатын, шөл және шөлейт
алқаптардың алып жатуы осы саланы
өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен
сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі
сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт
түліктің төресі санаған.
Ерекшелігі
Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды.
Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене
тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен
қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің
кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады.
Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған
байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата береді.Түйенің дене тұрқы ірі.
Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын
шудалы жүндері болады. Құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда
тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп
атайды.Қолда өсірілетін түйелердің арғы тегі - жабайы жүйелер. Түйе бұдан 4-5
мың жыл бұрын қолға үйретілген. Айыр өркешті түйенің қолға үйретілген жері -
Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Африка өңірі.Қазіргі
кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті жабайы түйе
Монғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені - төрт түліктің төресі, киелі
түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-
қазы» деп атайды.
Жалпы Статистика
Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті
жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда
1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген
ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6
мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт
аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ.
көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж.
аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т
шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді
Азықтануы
Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді,
құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды
аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық
малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып
табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге
дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік
тәжірибелерде дәлелденген
ТҮЙЕ ТҰҚЫМДАРЫ
Айыр өркешті түйе
Қазақстанда қолға үйретілген айыр өркешті түйенің қолтұқымы
көбірек кездеседі. Оны кейбір аймақтарда «айыр түйе», Арал мен
Каспий аралығының тұрғындары «түс түйе» деп атайды. Айыр
өркешті түйенің жабайы түрі «қаптағай» деп аталады. Айыр өркешті
түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Айыр өркешті
түйе ғылыми тілде «бактриан» деп аталады. Оның денесі ірі,
салмағы 450-690 килоға дейін жетелі. Қазіргі кезде айыр өркешті
түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ
және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың
айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің
табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік
аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе,
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір
аудандарында өсіріледі
Сыңар өркешті түйе.
Сыңар өркешті түйені ғылыми тілде
«дромадер» дейді. Қазіргі кезде қолда
аруана деп аталатын қолтұқымы
өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен.
Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы -
«мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек».
Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді,
бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта
Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар
бойы халықтық сұрыптау әдісімен
өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік
ретінде пайдаланудан гөрі, еті,
қымыраны және шудасы үшін өсіру
пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша,
бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың
беретін өніміне тең.
Түйе өнімдері
Сүті
Түйе сүтінің майлылығы сиыр
сүтінен әлдеқайда жоғары.
Оның құрамында адам
ағзасына қажетті нәруыз,
витаминдер мол. Түйе сүттен
шұбат дайындалады (қымыран
деп те аталады). Шұбат өкпе,
асқазан, ішек ауруларына
бірден-бір шипа, қанды
толықтырады. Шұбаттың
радиацияға қарсы әсері
болатыны да анықталған.
Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық
қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына
сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі
14,5 – 15,5%-ға, май – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 – 4,5%-ға, сүт
қанты – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес
келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын 4 –
6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды
аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда
3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің
будандарынан бір маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын 3000 л сүт
өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті
жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30 С ыстықта 24
сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты
тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем
ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да
шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.
Шудасы
Түйенің шудасы да қымбат бағаланады. Оны буын, құяң, бүйрек
ауруларына және радиация сәулелеріне қарсы ем ретінде
пайдаланады. Шудадан бағалы тоқыма бұйымдар жасалады.
Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді
өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде
жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл
кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1) МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ /ОМАРҚОЖАҰЛЫ, Н.
2) ЗООТЕХНИЯ НЕГІЗДЕРІ / Е. ШЕКЕНОВ
3) МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ / Қ. Ш. НҰРҒАЗЫ
4) ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ ТҮЙЕ /Ә. ШЫНБАТЫРОВ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz