ТАБИҒИ ҚАУІПТЕР




Презентация қосу
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

«ТАБИҒИ ҚАУІПТЕР»

Дайындаған:Жанглышева Әсел
ЕТБҚ-13
"Өмір қауіпсіздігі" – адамның
төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру
ортасы мен қауіпсіз қарым-
қатынасының, шаруашылық
объектілерінің тұрақты жұмыс істеу
әдістерін, табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды
ескерту мен салдарын жою және
осы заманғы зақымдау
құралдарының қолданылуы
мәселелерін зерттейді.
ТАБИҒИ ҚАУІПТЕР дегеніміз — адам өмірі
мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін
және зардаптарын тигізетін сұрапыл
апаттар. Сұрапыл апаттар дегеніміз-
адамдармен жануарлардың әліміне,
халықтың өмірінің күрт бұзылуына,
материалдық құндылықтардың жойылуына
әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар
көбінесе адамның қолынан келмейтін
табиғат күштерінің әсерінен болады.
Мысалы: су басу, жер сілкінісі, ормандағы
өрттер, қар көшкіні, т.б.

СУ БАСУ

ҚАР КӨШКІНІ ЖЕР СІЛКІНІСІ ОРМАНДАҒЫ ӨРТ
Қар көшкіні – бұл таудың құламалы беткейлерінен
құлайтын немесе сырғыйтын және секундына 20-30
метр жылдамдықпен қозғалатын қар жиыны.
Көшкіннің түсуімен бірге көп бұзушылық әкелетін
көшкіннің алдында болатын ауа толқыны болады.
Қар көшкінінің түсу себебі ұзақ уақыт қардың жаууы,
қардың қарқынды еруі, жер сілкінісі, жарылыстар
және тағы басқа тау беткейлерінің қозғалуы мен ауа
кеңістігінің толқуын тудыратын адамдардың әрекеті.
Қар көшкіндері ғимараттарды, инженерлік
имараттарды қиратуы мүмкін, қалың қармен жолдар
мен тау соқпақ жолдарын алып қалуы мүмкін. Қар
көшкініне тап болған адамдар жарақат алып, қалың
қардың астында қалуы мүмкін.

Қауіпті аймақта тұрсаңыз қандай әрекет жасау керек?
Көшкін шығатын аудандардағы негізгі әрекет ережелерін сақтаңыз:
- тауға қар жауып тұрғанда және қолайсыз ауа-райында, тауда жүрсеңіз ауа райы өзгерістерін
бақылаңыз;
- тауға шығарда, жолыңыздағы немесе қыдыратын ауданыңызда көшкін түсуі мүмкін жерлерді
біліңіз;

Көшкін түсуі мүмкін жерлерден алшақ жүріңіз. Олар көбінде
30 градусқа құлама беткейлерден, егер беткейде ағаш, бұталар болмаса, 20 градустық
құламадан түседі.
45 градустық құламада көшкін әрбір қар жауған сайын құлайды.
Есіңізде болсын, көшкін түсу қаупі бар уақытта тауларда құтқару жасақтары құрылады.
Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған
қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен
қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының
траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер
сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да
ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс
бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді.

Жер сілкінісі кезіндегі міндеттер
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-
қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы
сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып
қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал.
Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.
Үйдің ішінде:
Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді
пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты
үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз
бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары
қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.
Қауіпті жерлер:
1)Терезе жақтағы бұрыш
2)Биік ғимараттар
3)Биік ағаштар
4)Баспалдақ
5)Лифт
6)Жиһаздар
7)Шам жағу қауіпті
8) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер
Су басу зонасы (зона затопления) — күшті
толқынның пайда болуынан, гидротехникалық
құрылыстар бұзылған кезде, нөеер жауын және
қар еріген кезде, сондай-ақ жер сілкінуі кезінде
пайда болған су тасқыны басып қалған аймақ.
Су басуы кезінде елді мекеннін едәуір аумағы,
өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы объектілері,
көлік жүйелері, байланыс және электр жүйелері
су астында қалуы мүмкін. Су басуын болдырмау
немесе оның зардабын азайту мақсатында дер
кезінде ұйымдастырушылық және инженерлік-
техникалық шараларды (тасбөгеттер, бөгеттер
және басқа гидротехникалық құрылыстар салу,
су айдау жүйелерін т.б. тұрғызу) жүзеге асыру
керек. Құтқару және авариялық-қалпына келтіру
жұмыстарын жүргізуді алдын ала АҚ
Бастықтарының басшылығымен тиісті штабтар
мен қызметтер жоспарлайды. Жоспарларда осы
аймақта тұратын халықты хабарландыру; көшіру
мәселесі; құтқару және шұғыл авариялық
қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;
медициналық және басқа шұғыл көмектер
көрсету тәртібі; тартылатын күштер мен
құралдарды, басқаруды ұйымдастыру
көзделінеді.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Өзенмұнайгаздың экономикаға әсері
Жаһандық теңсіздік
Экологиялық сараптама түрлері
Экономикалық қауіпсіздік теориялары
Радиациялық және химиялық қауіптілік
Компьютерлік жүйелердегі ақпарат қауіпсіздігі
Әлеуметтік қауіптер
Мемлекеттік корықтың аймақтар
АЭС болашағы
Пәндер