Тамақтану және аурулар
Презентация қосу
Тамақтану
және
аурулар
Дайындаған:Жанглышева Әсел
ЕТБҚ-13
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының
орнын толтыруға, тіндер құрылуына
және жаңартылуына және қызметтерін
реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін
заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу
үрдістері. ағзаның өмір сүруге,
денсаулықты және жұмысқа
қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі
заттарды (ақуыз, май, көміртегі,
дәрумендер, минералды тұздар) бойға
сіңіру процесі.
Тиімді тамақтану
Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі
(рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы
тиіс.
Адамның кәсібіне, жасына, жынысына сәйкес, тіршілік әрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы
ақуыз, май, углевод т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті
көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
Организмнің тамақтан жұғымды заттарды дәл осы сәтте қажетті мөлшерде бойына сіңіріп зат алмасу процесінде бір
затты екінші түрге айналдыратын, керекті кезінде пайдалануға болатындай қор жасайтын, реттеуші механизмі болады.
Бірақ организмнің реттеу мүмкіндігінің белгілі шегі бар; ол мүмкіндік бала кезде және егде тартқан шақта көбірек
шектеледі.
Бірқатар заттарды, кейбір витаминдер, алмастырылмайтын амино қышқылын адам организмі зат алмасу процесінде
жинақтай алмайды, ол дайын күйінде тамақпен бірге берілуі тиіс, өйтпеген күнде кісі тамақ жұқпайтын ауруға
ұшырайды.
Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе
өсімдіктермен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен, паразиттермен
немесе уыттармен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану
салдарынан болуы мүмін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді
пайдаланған адамдар ауру болады деп санауға болмайды. Бір адамдар
ауруға тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып,
аурудың ауыр түрімен ауырыды. «Тағамдық улану» гастроэнтерит
терминімен синоним ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бірдей
ұғымды білдіре бермейді. Гастроэнтерит түрлі факторлардың әсерінен,
сонымен қатар тағамдық уланулар салдарынан болатын асқазан мен
ішектің қабынуы.
Уланудың себептері. Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа
қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәселен
олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке
оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас
қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның
негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген
(шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе
бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар
қауіпті.
Тағамдық уланулардың симптомдары. Ішек жұқпасының симптомдарына
жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің жиі ауруы мен түйіліп ауруы жатады. Кейде бұл
сипаттар бір екі күнге созылып, арнайы терапияны қажет етпеуі мүмкін. Егер
бірнеше күн бойы аталған белгілер кетпесе, (ауыз қуысы құрғаса, бас айналса,
несептің түсі сарғыштау болса немесе оның көлемі үлкен болса, жиі дәретке бара
берсе) дәрігерге қаралу қажет.
Келесі жағдайларда жедел жәрдем қызметін шақырыңыз немесе ауруханаға
барыңыз:
- балада, жүкті әйелде, созылмалы аурулары бар адамда немесе егде адамда
тағамдық улану болған жағдайда;
- көздің көруі анық болмаса, жұтынуға, сөйлеуге қиындық туса (бұл ботулизмнің
өнімдерді дұрыс консервілемеу салдарынан болатын өте бір сирек түрі болу мүмкін)
Асқынулар:
- кейбір дене мүшелерінің құрғақ тартуы
(ерін мен тілдің құрғауы, теріні бүктеуге
болатындай жағдайға келуі, соның
салдарынан кейін олар ақырын жиналады,
көз шүңірейеді, қатты шөлдейді, жиі
демалады және несеп шығаруы әлсірейді);
- ботулизм жағдайында респираторлы
жолдардың салдануы болады;
- ботулизм салдарынан өлу жағдайлары
өте сирек кездеседі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz