Дон жылқысы




Презентация қосу
Тақырыбы: “Жылқы
тұқымдары. Қазіргі жай күй
Адай жылқысы – салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы.
Бұл жылқының эволюциялық даму жолы өте күрделі. Мініске
шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып
келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, ал
қарабайыр, қазанат – жүрдектігі жағынан Түрікмен
жылқысы – Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен
ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім
талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омыраулы, арқасы
түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты
болып келеді. Шоқтығының биікт. 140,3 см, тұрқы 142,7 см, кеуде
орамы 163,3 см, жіліншіктің орамы 17,6 см. Еті жоғары
сапалы, ет түсімі – 52 – 58%. Тәулігіне орта есеппен 8 – 11
л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40 – 50 км-ге шаршамай
еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе
облыстарында өсіріледі.
Қостанай жылқысы – жылқы тұқымы.

Тарихы
Қазақстанның Қостанай, Майкөл және Ресейдің Троицк
жылқы зауыттарында күрделі будандастыру (қазақ
жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин,
ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының
айғырларымен зауыттық будандастыру) нәтижесінде
шығарылды. Жеке тұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Қостанай
жылқысы негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа
бөлінеді.
Биологиялық сипаты
Бітімі дала жылқысына тән, шымыр, сүйегі ірі, бұлшық
еттері жақсы дамыған, аяғы сіңірлі, тұяғы берік.
Айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі 159 – 160 см,
тұрқының ұзындығы 161 – 163 см, кеуде орамы 185 – 187 см,
жіліншік орамы 20 см; биелерінде тиісінше 155,4; 156,2; 185,2;
19,5 см. Мініске де, жегіске де төзімді.
Жүйріктігі 1600 м-де 1 мин 40,4 с; 2400 м-де 2 мин 38,4 с.
Түсі, көбінесе жирен кейде торы, құла, қара болып келеді.
Қазақ жылқысының биесімен Қостанай жылқысының айғырынан
туған құлын ірі әрі мініске, жегуге көнбіс. Құлынын енесінен 6 –
7 айлығында бөлектеп, 1,5 жасынан бастап мініске үйретуге, 2 –
4 жасында бәйгеге қосуға болады.
Қостанай жылқысы. Бұл жылқы Қостанай облысының
«Қостанай» мен «Майкел» жылқы заводтарында және облыстың
колхоздарында, сонымен қатар, Челябі облысындағы «Троицк»
жылқы заводында, жергілікті қазақ жылқылары таза қанды,
салт мінетін дон жылқыларымен будандастырылған. Бұл
жергілікті жердің ауа райы мен азықтандыру жағдайына жақсы
бейімделген. Қостанай жылқысының басы орташа, мойны түзу,
ұзындығы орташа, шоқтығы етті, алқымы кең, арқасы жалпақ,
жауырыны мен қабырғалары ұзын, аяқтарының сіңірлері
шығыңқы, шашасы шағын, топайлары орташа, тұяқтары
дөңгелек, әсем келеді. Өте жүрдек, күшті және төзімді, Салт
мінуге де, жегуге де қолайлы.
Будённый жылқысы — салт мінілетін жылқы тұқымы. 1921 —
48 жылы Ресейдің Ростов облысының С.М. Буденный атындағы
және 1-атты Армия атындағы жылқы зауыттарында таза
тұқымды Дон мініс жылқысы мен Қара теңіз жағалауының
жылқыларын будандастыру арқылы шығарылған. Буденный
жылқысы ірі, дене бітісі мығым келеді. Басы етсіз, қаз мойын,
шоқтығы биік, аяғы сіңірлі, тұяғы берік. Шоқтығына дейінгі
орташа биікт. 163 — 166 см, кеуде орамы 190 — 195 см; жіліншік
орамы 20—21 см. Айғырының салм. 550 кг, биесінікі — 500 кг.
Жаңа туған құлынының салм. 50 кг. Буденный жылқысының
ұшқырлығы 1200 м-де 1 мин 16 с; 2000 м-де 2 мин 36 с; 3600 м-де
— 3 мин 29 с. Қазақстанда Буденный жылқысын жетілдірумен
Алматы облысындағы Қызылағаш жылқы зауыты шұғылданады.
Дон жылқысы. Мұның шыққан
жері — Дон өзенінің маңайы.
Жергілікті жердің ауа райына
өте төзімді келеді. Дон
тұқымының басы ашаң, сәл
ұзындау, маңдайы томпақ,
шортан басты келеді, көздері
үлкен, шығыңқы, томпақ,
танаулары делдиген, жұқа
құлақтары сереңдеген,
мойнының ұзындығы орташа,
түзу, кейде ұзын, ашаң немесе
етті, толық болады, көкірегі кең,
қабырғалары ұзын, арқасы тегіс,
сауыры ұзын және тік,
жауырыны қысқа, тік біткен
алдыңғы аяқтары түзу, аралары
кең, артқы аяқтары қайқылау,
тұяқтары берік, дөңгелек, үлкен
болып келеді. Дон жылқысы салт
мінуге қолайлы.
Таза қанды, салт мінетін жылқы. Бұл өте жүйрік, әсіресе
жақынға шапқанда ұшқыр келеді. Қазір біздің елде оны өсіру
үшін көптеген жылқы заводтары ұйымдастырылды. Таза қанды,
салт мінетін жылқыны үнемі ипподромға сынайды. Бұлардың
айғырлары жергілікті жылқы тұқымын жақсарту үшін
қолданылады. Ол өте сымбатты, тұлғасы зор, әсем денелі,
көркем тұлғалы жылқы. Күтімді жақсы керек етеді, жем-шөпті
өте талғап жейді.
Көшім жылқысы – ет-сүт бағытындағы, мініп-жегуге
арналған жылқы тұқымы.
Қазақ жылқысы биелерін орлов, орыс желісті және таза
қанды салт мініс дон жылқысы айғырларымен шағылыстырып,
олардың буданын «өзара» сұрыптау арқылы Батыс
Қазақстанның жылқы зауыттарында шығарылған. Жеке тұқым
ретінде 1976 жылы қабылданған.
Көшім жылқысы қазақ жылқысынан едәуір ірі, бітімі шымыр,
басы ірі, мойны тым ұзын емес, шоқтығы биік, әдемі, кеудесі
кең, қабырғасы шеңберленіп біткен, жаялы, белді, кейде қайқы
бел келетіндері де бар, сүйегі берік, жұмысқа төзімді, тебіндетіп
бағуға жақсы бейімделген.

Орташа өлшемдері (см):

тұрқы 160,9;
айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 158,2;
кеуде орамы 192,2;
жіліншік орамы 21,9;
биесінің өлшемі осыған сәйкес: 157,2; 154,1; 186,5; 20,6;
Айғырының орташа салмағы 540 кг,
ал биесінің орташа салмағы 492 кг.
Түсі қоңыр, торы, жирен және күрең. Биелері сүтті болады.
Әр жүз биеден 70 – 80 құлын алынады. Биелердің сүт өнімділігі
1800 – 2200 л. Құнандары орта есеппен 188,4 кг, дөнендері
214,7 кг ет тартады. Сойыс шығымы 52,4 – 54%.

Көшім жылқысының асыл тұқымды таңдаулы үйірлері Батыс
Қазақстан облысының «Көшім» ЖШС-нде және Серғазиев
атынд. шаруа қожалығында, Ақтөбе облысының «Мұғалжар-
99» ЖШС-нде және Пацаев атындағы АҚ-нда өсіріледі.
Мұғалжар жылқысы – қазақтың жабы жылқысынан шыққан.
Жабы жылқысының шыдамдылығы мұғалжар жылқысында
қалған, етті тұқым. Салмағы 100-150 келіге жетеді. Сүттілігі де
бар. Оның қасиеті сол. Біздің Қазақстан бүкілодақтық сауда
ұйымына кіргелі жатыр. Осыған кіргенде жылқы еті
бағаланады. Мысалы, Франция халқының 30 пайызы жылқы
етін жейді, Италияға да жылқы еті таңсық емес, олар есекке
дейін жейді. Бірақ бұл елдерде біздің жылқыдай тұқым жоқ.
Екі арнайы мамандандырылған ет пен қымыз өн­діретін тұқым
бар жалғыз мемлекетпіз. Ол – көшім мен мұғалжар
тұқымдары. Қазір тағы бір тұқым шығаруды іске асырудамыз.
Жұмы­сымызды Үкіметке айтып та, жазып та жатыр­мыз.
Жылқы өнімдерін сыртқа шығаруды қолға алсақ, шетел
қандай ет жейді, әсіресе, мұғалжардың етін бір жесе,
ауызынан дәмі бір жыл кетпейтінін білер еді. Табиғи
жайылымда жайылған жылқының еті экологиялық жағы­нан
таза. Француздар мен итальяндықтар ипподромдарда шауып,
аяғы сынған жылқыны сойып жей береді. Сондай-ақ ол
елдерге поляктар кәрі биелерді бордақылап сатады.
Ахалтеке. Бұл тұқым араб жылқысынан бұрын шығарылған және
ең ескі тұқым болып саналады. Ол осы күнгі түркімен жылқысының
ұрпағы. Ахалтеке жылқысы Түркімен республикасындағы
жылқылардың негізгі түрі. Бізде сол тұқым Жамбыл облысындағы
«Луговой» жылқы заводында, республикамыздың кейбір колхоз-
совхоздарында өсіріледі. Күй талғағыш, сымбатты, әсем келеді.
Басы ашаң, мойны ұзын, тік (кейде бұғы мойындысы да кездеседі),
шоқтығы биік, арқасы жұмсақ, жоны ұзын, тұтас сауырлы,
жіліншіктері жіңішке, топайлары дөңгелек, тұяқтары берік. Артқы
аяқтары қайқылау, терісі жұқа, жалы жібектей жұмсақ болады.
Басқа жылқыдай емес жайылымда баққанды ұнатпайды, қатты
суықты көтере алмайды, сүйектері жұқа жаратылған. Ал жазғы
шөл, шөлейт жерлерге мініске өте төзімді, жүйрік болады.
Жылқы шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер

Жылқы малының 2 тұқымы (көшім - 1976, мұғалжар – 1998)
мен 1 тұқымдық сүлесі (қабы етті сүлесі - 1995) шығарылған.
Мұғалжар тұқымының қожамберді (2009) және құланды
(2010), тұқымдық сүлелеріне, қазақтың жабы жылқыларының
селеті зауыттық сүлесі (2010) мен оның 3 зауыттық желілеріне,
қазақ жылқылары адай тармағының 3 зауыттық желілеріне
(2008) инновациялық патенттер алынды. Олар тірідей салмақ
көрсеткіштері бойынша, бастапқы тұқымдар мен тұқым
стандарттарынан 25- 60 (10-17%) және 15-40 кг-ға (10-17%)
басым.
Көшім жылқы тұқымы 1976 ж. қазақтың жергілікті
жылқыларын зауыттық тұқымдармен күрделі өндіре
будандастыру арқылы шығарылған. Тұқымдық айғырлардың
орташа тірідей салмағы 590 кг, биелердікі - 510 кг. Тұқым
бойынша айғырлары мен биелерінің орташа салмағы тиісінше
615 және 535 кг болатын, жоғары өнімді Крепыш, Гром, Бахус,
Хитрец және Байкал зауыттық желілері шығарылды:.
Олардың негізінде көшім тұқымының ақтөбе зауыттық сүлесі
шығарылған. Ересек биелердің ет өнімділігі - 285 кг, сойыс
шығымдылығы - 56,4%.
2010 жылы Павлодар облысының «Алтай Қарпық» жылқы
зауытында қазақтың жабы жылқыларын таза қанды өсіру
негізінде ұзақ жылдар бойы жүргізілген асылдандыру
жұмыстарының нәтижесінде, 3 зауыттық желіден (Браслет,
Задорный және Памир) тұратын селеті зауыттық сүлесі
шығарылды. Айғырлар мен биелердің орташа салмағы
тиісінше 502, 458 кг-ға тең. Жылқыларды 2,5 жасында
сойғанда алынатын ұшалардың орташа салмағы - 227 кг сойыс
шығымы 57,4% болады. Биелердің сауым маусымындағы (105
тәулік) орташа сүт өнімділігі - 1701 кг.
Мугалжар тұқымы қазақтың жабы жылқыларын таза
тұқымды өсіру және асылдандыру арқылы 1998 ж.
шығарылған. Айғырлары мен биелерінің орташа салмақтары
510 және 480 кг-ға тең. Тұқым бойынша, 8 зауыттық
желілерден тұратын, келісідей 3 тұқымдық сүле шығарылған:
ембі, қожамберді және құланды. Тұқымдық сүлелер айғырлары
мен биелерінің орташа салмағы 535 кг және 490 кг-ға тең.
Жылқы жүрісінің түрлері (аллюры) — жылқының
жүргендегі аяқ тастауының түрлері. Табиғи жылқы жүрісінің
түрлеріне аяң, желіс, шабыс, жорға жатады.
Аяң – жылқының жай жүрісі. Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен
артқы оң аяғын, алдыңғы сол аяғы мен артқы сол аяғын кезек
алға басады. Жылқы аяңымен сағатына 7-8 км жүреді. Аяңнан
біршама өнімдірек жылқы жүрісі – желіс. Ол бүлкіл желіс,
бөкен желіс, сар желіс болып бөлінеді. Бүлкіл - сағатына 13-15
км жүріп тастайтын желістің ең жай түрі, одан сағатына 20 км-
дей жүретін бөкен желіс ұзақ жолға ұтымды, ал сағатына 50
км-ге дейін жүретін желістің әсем де ең шапшаң түрі сар желіс.
Сар желіс арнайы шығарылған желісті жылқы тұқымдарына
тән. Жылқының желістен де тез жүрісі – шабыс. Шабыста
жылқы артқы және алдыңғы қос аяқпен кезек, күшпен бірдей
алға басады. Жылқы бар мүмкіншілігіне қарқынды шабыспен
қысқа кашықтықты өте тез алады, бірақ тым ұзаққа
шыдамайды. Қысқа қашықтыққа өте ұшқыр, түр-тұрпаты сұлу
да сымбатты, ат спортына лайықты арнайы шығарылған жылқы
тұқымдары болады. Жылқының өзгеше
жүрісіне жорға мен қарғу жатады. Қарғуға жылқыны әр түрлі
спорттық ойындар үшін жаттықтырады. Жаттыққан жылқы 2,5
м биіктіктен, 8,5 м ордан қарғи алады
АЯҢ ШАБЫС
ПАССАЖДЫ ЖҮРІС
ЖЕЛІСТІ ЖҮРІС
IV. Қорытынды
бөлім
Қазақ дегенде домбыра мен
жылқы түлігінің есімізге түсері
анық. Қанымызбен біте қайнаған
сайын даланың қыраны мен жүйрік
тұлпар қай қазақты болмасын
бейжай қалдырмасы анық. Олай
болса ХХІ ғасырда ата-бабамыздан
аманатқа келе жатқан осы бір асыл
тұқымды қорғау ғана емес, оны
асылдандыру да біздің міндетіміз!
V. Пайдаланылған адебиеттер

1. Мал шарушашылығы, Алматы 2012. Автор: Қ, Ш,
Нұрғазы
2. Мал өсіру, Алматы “Қайнар” 1987. Автор: Ә.
Байжұманов
3. Жылқы шаруашылығы, Қостанай 2007. Автор: Б. Р.
Әкімбеков, Б, М. Мүслімов, А. Р. Әкімбеков, Ш. Д.
Дәленов
4. www.tulpar.kz
5. www.yandex.kz
6. www.google.kz
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Жылқының тұқымдары
Жылқы тұқымдары
Қазақстандағы жылқы тұқымдары
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
Жылқы жануарының қасиет, ерекшелігімен танысу
Жылқы тұқымдары туралы
Жылқының қасиетің білу
Ұрғашы жылқылар
Орлов желісті жылқысы
Жабы жылқы қолтұқымын сипатта
Пәндер