Жылжымылы құрам және пойыздар
Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ
САЙЫСЫНА
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!!!
1-ші кезең: ҒАЖАЙЫП АЛАҢ
Студент әр тор көзден өзі білемін деген тор
көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда
сол балдық (ұпай) жүйе беріледі.
Теміржол
көлігінің
қозғалысын
ұйымдастыру
15 5 10 15 10 15 10 10
Жол және станса
құрылғысы 5 15 5 15 10 10 15 10
Техникалық
пайдалану ж/е
қозғалыс
қауіпсіздігі
10 10 15 10 5 15 5 10
Жүк және
коммерциялық
жұмысты 10 10 10 5 10 5 15 10
ұйымдастыру
Жылжымылы
құрам және
пойыздар 5 15 10 5 10 10 15 10
тартылыс
негіздері
КЕЛЕСІ КЕЗЕҢ
Теміржол стансаларында орындалатын
қандай операцияларды техникалық
операциялар дейміз?
- пойыздарды қабылдау, жөнелту, кідіріссіз өткізу;
- вагондарды техникалық күту ж/е жөндеу, оларды жүк тиеуге дайындау;
- локомотивтерді н/е локомотив бригадаларын ауыстыру
- вагондар құрамымен маневр жұмыстарын жүргізу.
Шаруашылық жүк пойыздары қалай
нөмірленеді?
5001-5398
Технологиялық процесс дегеніміз не?
Технологиялық процес дегеніміз озат тәжірибе мен жаңа техниканы
қолдану негізінде техникалық құралдарды тиімді пайдаланып пойыздар
мен вагондарды өңдеудің тәртібі мен орындалу ретін қарастыратын
станса жұмысын ұйымдастыру жүйесі
Маневр дегеніміз не ж/е стансада маневр
жұмыстарын кім басқарады?
Маневр дегеніміз – пойыздар мен вагондарды өңдеу, тиеу, түсіру және
басқа да операцияларды орындау мақсатында құрамдардың (вагондармен
немесе вагонсыз) станса шегіндегі жүрісі. Маневр жұмыстарын
стансаның маневр диспетчері басқарады
Стансаларда пойыздарға техникалық
қызмет көрсету (технич.обслуживание)
қандай мақсатты көздейді?
Пойыздарға техникалық қызмет көрсету жөндеуді (құрамадан ағытып н/е
ағытпай) талап ететін вагондарды дер кезінде анықтау.
Жылжымалы құрамды бір жолдан
екіншісіне бұру үшін қолданылатын
құрылғы?
Бағыттамалы бұрма
Рельстердің маркасы /Р50, Р65,Р75/
нені білдіреді?
Рельстер маркасы рельстің 1 метр бойлығының салмағын көрсетеді,
яғни Р50 маркасы дегеніміз 1 м рельс салмағы 50 кг
Рамалық рельстерден, үшкірлерден және
бұру механизмінен тұратын бағыттамалы
бұрманың бөлігі?
бағыттама (стрелка)
Сақтандырғыш тұйық (предохранительный
тупик) жолдар қандай қызмет атқарады?
Жылжымалы құрамды пойыздардың жүру бағытына шығып кетуден
сақтандырады
Теміржол қоймалары сақталатын жүктің
түріне қарай қалай жіктеледі?
әмбебап (жалпы) және арнайы (маманданған)
Жолдың түзу учаскелерінде және радиусы
350м және одан үлкен қисықтардағы
рельстердің бастиектерінің ішкі шеттері
арасындағы жолтабан енінің номиналдық
өлшемі?
1520 мм
Биік және аласа жолаушылар
платформасының рельс шүйдесінің
деңгейінен (РШД) алғандағы өлшемдері
қандай?
Биік - 1100мм, аласа платформалар - 200мм
Техникалық жарақталуына қарай сұрыптау
төбешіктерінің (дөңестерінің) қандай түрлері
бар?
механикаландырылмаған, механикаландырылған, автоматтандырылған
Кімді станса бойынша кезекші деп айтады?
Пойыздарды қабылдауды, жөнелтуді ,өткізуді, сондай-ақ стансаның бас ж/
е қабылдау-жөнелту жолдары бойынша жылжымалы құрамның басқа да
қозғалыстарын жеке өзі басқаратын станса бастығының ауысымдық
көмекшісі
Ескертпелер беру туралы өтінімдерде қандай
деректер көрсетілуі тиіс?
1) ескертпенің қолданылатын жерінің анық көрсетілуі
2) пойыздардың қозғалысы кезіндегі сақтандыру шаралары
3) ескертпенің қолданысқа енуінің басы мен мерзімі
Теміржол көлігінде сигналдардың қызметі
қандай?
сигналдар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ
пойыздар қозғалысын және маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру
үшін қызмет етеді
Қабылдау тәсілі бойынша сигналдар қалай
бөлінеді?
көрінетін және дыбыстық сигналдар
Кіру, ескертпелік, өтпелі, бөгегіш және
қоршау бағдаршамдардың қызыл, сары,
жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу
учаскелерінде локомотив кабинасынан
күндіз және түнде қандай қашықтықта
анық көрінуі тиіс?
кем дегенде 1000 м қашықтықта
Ескертпелердің бланкісінің формасы (үлгісі)
қандай?
ДУ-61
Автотіркегіштердің бойлық остерінің
арасында биіктігі бойынша жүк
пойыздарында рұқсат етілетін
айырмашылықтың өлшемі?
100 мм –ден артық болмайтын
Теміржол стансаларында орындалатын
қандай операцияларды жүк және
коммерциялық операциялар дейміз?
Жүк жөнелтушілерден жүктерді қабылдау, тасымал төлемін ресімдеу,
жүктерді тиеп-түсіру, сақтау, жүк алушыға жүктерді беру, қайта тиеу,
сұрыптау және т.с.с.
Пойыздарды коммерциялық тексеру кезінде
қандай жағдайлар тексеріледі?
Тексеріс кезінде ашық жылжымалы құрамдағы жүктердің орналасу
жағдайына және бекітілуіне, пломбалардың болуы мен олардың
дұрыстығына, жүктің ұрлануы белгілеріне жүктің вагон шанағынан
(төгілуіне)ағып кетпеуіне ж/е т.б. назар аударылады.
Жүк стансалары қалай жіктеледі?
жалпы қолданыстағы стансалар; кірме жолдар жанасатын стансалар;
порттық стансалар; ауыстырып тиейтін(перегрузочные) стансалар
Тауар кеңсесі қандай жұмыстар атқарады?
Темір жол стансаларында тасымалдау құжаттарын ресімдеу ж/е жүк
жөнелтушілер мен жүк алушыларға өзге де қызмет түрлерін көрсету, жүк
тасымалы мен сол көрсетілген қызметтер үшін ақы өндіріп алу үшін
тауар кеңселері ұйымдастырылады
Жүк стансаларының арналуы?
Жүк стансасында негізінен жүк операциялары орындалады. Бұл
стансалар жүктерді тасымалға қабылдау, өлшеу, қысқа мерзімге сақтау,
тиеу, түсіру, сұрыптау және жүкті беру, тасымал құжаттарын дайындау;
жүк пойыздарын қабылдау, тарқату, жинақтау және жөнелту, вагондарды
беру; вагондарды алу және беру жөніндегі маневр жұмыстарын орындау,
кірме жолдарға қызмет ету және жүк қабылдаушылар мен жүк
жөнелтушілерге көліктік-экспе-дициялық қызмет көрсету сияқты
жұмыстарды атқаруға арналады
Тиеу габариті дегеніміз не?
Тиеу габариті - түзу көлденең жолда тұрған ашық жылжымалы құрамға
тиелген жүк сыртқа шықпай орналасуы тиіс шекті көлденең кескін
(сызық)
Жұмыс түріне қарай локомотивтер түрлері
Жүк пен жолаушылар тасымалдайтын және маневр жасайтын болып
үшке бөлінеді
Дизель пойыздар дегеніміз?
Дизельді пойыз деп – бір немесе екі маторлы вагоннан және дизельді күш
құрылғыларынан құрастырылған тұрақты құрамды айтады. Дизельді
моторлы вагонның қорабының астына орналастырылады, ол вагондағы
жолаушы орындарын көбейтуге мүмкіндік береді.
Автомотриса дегеніміз не?
Автомотриса дегеніміз – іштен жанатын қозғалтқышы бар дизель немесе
карбюратор типті өзі жүретін вагон. Ол жолаушыларды немесе
пошталарды тасымалдауға арналған. Берілісі механикалық, электрлік
және гидравикалық түрде болады
Электрлі жылжымалы құрамға қандай
вагондар жатады?
Электровоздар мен моторлы вагондар
Мотовоз дегеніміз не?
Мотовоз дегеніміз – қуаты аздау локомотив. Ол теміржол станциясында
және өндіріс орындарындағы кірме жолдарда маневр жасауға арналған
Газотурбовоз дегеніміз не?
Газотурбовоз деп – қозғалтқышы газ трубинасынан тұратын локомотивті
айтады
Жетек күштері есептерінің қызметі
Жетек күштерінің есептері – пойыздардың жетек күші туралы ғылымның
бір бөлігі. Олар теміржолды жобалағанда және оны пайдалану
процестерінде пойыздардың жүрісіне байланысты әр түрлі есептерді
шығаруға пайдаланылады
Тежеуіш күштері дегеніміз не?
Тежеуіш күштер дегеніміз – жылжымалы құрамды тежеу кезінде пайда
болатын жасанды күштер. Тежеуіш күштері жүріске қарсы бағытталған,
басқарылмалы және машинистің меңгеруіне байланысты белгілі шекте
өзгереді
ІІ-ші кезең: ЖАУАБЫН ТАП
Студенттер сигнал белгілерін бір-біріне қолмен
немесе дыбыспен жасырын түрде жеткізеді, қарсы
топ жауабын табуы қажет
КЕЛЕСІ КЕЗЕҢ
stop
ІІІ-ші кезең: ПОЛИГЛОТ wait
Студент берілген әр түрлі сұрақтардың
жауабын тауып, оны үш тілде (қазақ, орыс, go
ағылшын) айтуы қажет
Өзара және маневрлік локомотивке тіркелген вагондар тобы
маневрлік құрам - маневровый состав - shanting train
Жолаушыларды, багажды, поштаны тасымалдауға арналған жолаушы
вагондарынан құралған пойыз
жолаушылар пойызы - пассажирский поезд - passenger train
Жүру кезінде жылжымалы құрам бағыттамалы бұрма бойынша
ауытқитын жол
бүйірлік жол - боковой путь - side way
Тасымалдау шарты бойынша өз атынан немесе жүк иесінің атынан
әрекет ететін тасымалдау құжатында көрсетілген жеке не заңды тұлға
жүк жөнелтуші - грузоотправитель - consinor
«Тоқта!Сигналдан өтуге тыйым салынады!» бұйрығы бағдаршамда
қандай түспен беріледі?
қызыл - красный - red
Темір жолда қозғалысты реттейтін негізгі тұрақты сигнал
бағдаршам - светофор - traffic light
КЕЛЕСІ КЕЗЕҢ
ІV-ші кезең:
МЕН ТЕМІРЖОЛДЫ БАСҚАРСАМ...
«Мен теміржолды басқарсам...» - тақырыбында өз
ойларын презентация, баяндама, эссе және т.б.
түрінде жеткізу.
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА РАХМЕТ!!!
САУ БОЛЫҢЫЗДАР!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz