Бұлшық еті



Орындаған: Джат Манодж
Тексерген: Индира апай
Тақырыбы: МИОЛОГИЯ (бұлшық ет)
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Миология (myologia, грек, mys - ет, logos - ілім) - адам мен жануарлар бұлшықеттер жүйесі туралы ілім.

Бұлшық ет жүйесі адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады.
Бұлшық ет жүйесі


Тұлғаның бұлшық еті
Арка бұлшық еті
Кеуде бұлшық еті
Іш бұлшық еті
Беткейдегі
Тереңдегі

Арка бұлшық еті
Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының дорсалды бөлімдерінен пайда құрайды, оған бастан және қолдан арқаға ауысқан бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі беткей және терең-қабат болып орналасады.
Беткей бұлшықеттер
Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер
Қабырғаларға бекитін бұлшықетте бұлардың екеуі де тұлғаның кейін қарай ығысқан вентралды бұлшықеттерінің туындылары. Олар бас сүйек нервтерінің алдыңғы тармақтарынан нервтендіріледі.
Терең бұлшықеттер
Арқаның беткей бұлшықеттері: Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер екі қабат болып орналасады, олардың ең беткісі екі жалпақ бұлшықеттен тұрады:
Трапеция тәрізді бұлшықет- Жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағысыжауырынды омыртқа жотасына жақындатып, ал астыңғысы оны төменге тартады.
Арқаның аса жалпақ бұлшықеті-иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді.
Ромбтәрізді бұлшықет
Жауырынды көтеретін бұлшықет
Артқы жоғары тісті бұлшықет
Артқы төменгі тісті бұлшықет.

Кеуде бұлшық еті
Кеуде бұлшықеттері кеуде торының бетінде басталып, одан иық белдеуі мен қолдың еркін бөлігіне баратын бұлшықеттерге және кеуде қуысының қабырғалары құрамына кіретін меншікгі (аутохтонды) бұлшықеттерге бөлінеді.
Кеуденің үлкен бұлшық еті- үшбұрышты. Бағана сүйегінің сыртынан, төс және 2 - 6 қабырғаның шеміршегінен басталады. Тоқпан сүйек үлкен томпағына келіп жабысады. Атқаратын қызметі: қолды денеге жақындатады, ішке қарай бұрып көтереді.
Кеуденің кіші бұлшық еті-үлкен бұлшық еттің астында орналасқан. 1-5 қабырғадан басталып, жауырынның құс тұмсықшасына жабысқан.
Атқаратын қызметі: жауырынды төменге тартады, жауырын тыныш тұрғанда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға қатысады.
Бұғана асты бұлшық еті- кеуде қуысының сыртқы бүйірінде 1 қабырға мен бұғана сүйегінің аралығында орналасқан. Бұғананы төменге және ішке тартады.
Алдыңғы тісті бұлшық ет- жоғарғы 9 қабырғалардан тіс тәрізді басталып жауырынның медиаль шеті мен төменгі бұрышына келіп жабысады.
Атқар атын қызметі: Жауырынды алға тартады, қолды горизонталь созуға мүмкіндік туғызады.


Көкет (лат. diaphragma ) - көкірек және құрсақ қуыстарын бір-бірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ жұқа бұлшық ет. Күмбездің дөңес келген ортаңғы сіңірлі төбесі көкірек қуысына қарай бағытталған. Көкеттің шеткі етті бөлігі - тарамдалған бұлшықет будаларынан тұрады. Олар бекитін орындарына қарай: бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Көкет жиырылған кезде құрсақ қуысына қарай күшті тартылып, көкірек қуысын кеңейтіп, тынысты ішке қарай алуға көмектеседі. Сондықтан, көкетті тыныс алу бүлшық еттерінің инспираторлар тобына жатқызады.

Іштің бұлшық еттері

Іштің сыртқы қиғаш бұлшық еті- жалпақ еті, төменгі 8- қабырғадан басталып, мықын сүйектің қырына барып жабысады. Іштің сыртқы қиғаш бұлшық етінің талшықтары қиғаш орналасқан. Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, оны бір жағына қисайтып, тұлғаны бұрап, кеудені төмен түсіреді.
Іштің ішкі қиғаш бұлшық еті - сыртқы қиғаш бұлшық еттің астында желпуішше болып орналасқан. Ол бел-кеуде шандырынан, мықын сүйегінің қырынан жіне және шат байламынан басталып, арқада ІІІ қабырғаға жабысады, іштің қабырғасының алдында апоневрозға айналады. Атқаратын қызметі: омыртқа жотасын бүгіп, кеудені төмен түсіреді, жамбасқа көтеріп, тұлғаны бұруға қатынасады.
Іштің көлденең бұлшық еті - ол екі алдыңғы бұлшық еттің астында орналасқан. Төменгі алты қабырғаның ішкі бетінен, бел-кеуде шандырынан, мықынның қыры мен шат байламынан басталады. Атқаратын қызметі: іш қуысына сығымдап қысым түсіріп тұрады, төменгі қабырғаларды көтеріп, дем шығаруға ықпал етеді.
Іштің тік бұлшық еті - төс сүйегінің семсершесінен және V-VII қабырғалардың шеміршегінен басталып шат сүйегіне келіп бірігеді. Іштің тік, сыртқы, ішкі қиғаш жіне көлденең еттерінің апоневроздарымен бірігіп, іш қуысының берік қабырғасы пайда болады.
Іштің ішдыры - іш шандыры бұлшық еттерді сыртынан жауып тұратын кеуде шандырының жалғасы, ал іш қуысының ішін жұқа сір қабық жабады.

Мойын бұлшық еттері.

Мойынның бұлшық еттері
Мойынның бетінде орналасқан бұлшық етіне платизма немесе мойынның тері асты бұлшық еті мен төс-бұғана-еміздікше бұлшық ет жатады.
үстінде орналасқан
тереңде орналасқан



Қолдың бұлшық еттері.

Қолдың бұлшық еттері.
Иық белдеу
Қолдың бұлшық еттері миотомдардың вентральды бөлігінен пайда болады.
Қолдың өз бұлшық еті

Иық белдеуінің бұлшық еттері.
Дельта тәрізді бұлшық ет
Кіші жұмыр бұлшық ет
Жауырынның көлденең өсіндісі үстіндегі
Үлкен жұмыр бұлшық ет
Жауырынның көлденең өсіндісі асты
Жауырын асты бұлшық ет

Қолдың өз бұлшық еттері.
Қардың екі басты бұлшық еті
Құстұмсық-тоқпан жілікті бұлшық ет
Тоқпан жіліктің бұлшық еті
Қардың үш басты бұлшық еті.
Шынтақ бұлшық еті.




Аяқтың бұлшық еттері.

Аяқтың бұлшық еттері.
Жамбас белдеуі
Аяқтың еттері

Аяқтың бұлшық еттері қызметінің ерекшелігіне байланысты қолдың бұлшық еттеріне қарағанд күшті жетілген.

Жамбас белдеуінің бұлшық еттері алдыңғы және артқы бұлшық еттер болып екі топқа бөлінеді. Алдыңғысына :мықын-бел бұлшық еті жатады. Жамбас-ортан жілік буынның қуатты бүккіші болып табылады. Артқы бөлігіне: Бөксенің үлкені, кіші және ортаңғы бөке, алмұрт тәрізді бұлшық ет, санның шршы бұлшық еті, сыртқы қол сұғарлық бұлшық ет, ішкі қол сұғарлық бұлшық ет.

Санның бұлшық еттері үш топқа бөлінеді: алдыңғы, артқы, және медиальдық топтарға.
Санның алдыңғы бетінде екі бұлшық ет орналасқан - санның төртбасты бұлшық еті мен тігінші бұлшық еті.
Санның артқы бетінде сирақтың үш ұзын бүккіштері орналақан.
Санның медиалдық бетінде қырқалы бұлшық ет, жіңішке бұлшық ет пен үш келтіруші бұлшық еттер орналасады.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz