Кәдімгі қара топырақ




Презентация қосу
Қазақстандағы(қара)
топырақ типтері
Орманды дала аймағында қара топырақтың үш типшесі
дамыған. Олар күлгінденген, сілтісізденген және нағыз қара
топырақ типшелері. Дала аймағында кәдімгі және оңтүстік қара
топырақ типшелері түзілген.
Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері
Қазақстан жер аумағында кездеспейді.
Сілтісізденген қара топырақ типшесі Қазақстанның
орманды дала аймағында Солтүстік Қазақстан
облысының қиыр терістігінде тараған
Кәдімгі қара
топырақ типшесі дала
аймағында түзілген
және жеке кәдімгі қара
топырақ аймақшасын
құрайды. Алып жатқан
жер аумағы 12,0 млн.
га. Қостанай, Солтүстік
Қазақстан
облыстарында кең
тараған және Ақмола
облысының солтүстік
аудандарында
кездеседі.
Жеткілікті ылғалданған дала аймақшасында
кәдімгі қара топырақтың келесідей тектері
кездеседі:

- кәдімгідей (обычные);

- карбонатты;

- кебірленген;

- тереңнен қайнайтын;

- жетілмеген;

-шала дамыған.
Кәдімгі қара топырақ
Ебірленген кәдімгі қара топырақ тегі шоқ
ормандар аралығында және шоқылардың
етектегі беткейлерінде ащы балшықты немесе
ауыр саздақты аналық тау жыныстары үстінде
қалыптасқан.Көбінесе осы топырақ тегі
кебірлермен кешенді топырақ жамылғысын құрап
таралған.
Карбонатты кәдімгі қара топырақ тегі сәл
бұдырлы немесе тегіс жазықтарда карбонатты
лёсс тәрізді ауыр саздақ немесе балшық аналық
тау жыныстары үстінде түзілген. Бұл топырақ тегі
негізінен бір текті болып келген топырақ
жамылғысын құрайды. Кебірлермен кешенді
жамылғысы өте сирек кездеседі.
Кәдімгі қара топырақ кескінінің сипаттамасы
Оңтүстік қара топырақ типшесі дала
аймағының жеткіліксіз ылғалданған
оңтүстік бөлігіне орналасып, жеке аймақша
құрайды. Алып жатқан жер ауданы 13,4 млн.
га. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды
облыстарында аз аумақта кездеседі, ал
Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында
кең тараған.
Оңтүстік қара топырағының Қазақстан аумағында тараған
тектері келесідей:
- кәдімгідей

- карбонатты

- кебірленген

- тереңнен қайнайтын

- фосфоритті

- шала дамыған

- әлсіз дамыған.

Солтүстік Қазақстан облыстарында әсіресе
карбонатты оңтүстік қара топырақ кең тараған. Оның алып
жатқан жер ауданы 3 млн 430 мың га. Кебірленген және
кәдімгідей оңтүстік қара топырақ тектерінің ауданы тиісінше
2 млн 261 мың және 1 млн 430 мың га.
Назарларыңыз
ға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Күлгінденген және нағыз қара топырақ типшелері
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қазақстанның топырақ типтері
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
ТАУЛЫ АЙМАҚТАҒЫ ТОПЫРАҚ
Қара топырақтар туралы
Қазақстанның топырағы
Топырақ
Қара топырақты зона
Пәндер