Реттелу кезеңдері


Slide 1

Онтогенез. Эмбриогенез. Постэмбриогенез.

Е. А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Орындағандар: Айтан А., Асан С., Жантуреева А., Құдайбергенова Н., Муслиханова С.

БН-11

Тексерген: Елеупаева Ш. К.

Қарағанды 2017

Slide 2

Онтогонез - (грек. on - табыс септігінің жалғауы, ontos - нағыз, нақты және генез) организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы.

Онтогенез терминін неміс биологы Э. Геккель үсынған (1866) . Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді.

Реттелу кезеңдері:

Жануарларда Онтогенез процесін реттеуде жүйке және эндокрин жүйелері маңызды рөл атқарады. Олардың Онтогенезінде мынадай кезеңдер бар:

ұрыққа дейінгі кезең (ол гаметогенез бен ұрықтанудан тұрады) ;

эмбрионалдық кезең - жануарлар организмінің ұрықтанғаннан бастап (зигота), ұрықтың туғанға немесе жұмыртқадан шыққанға дейінгі даму, өсу, қалыптасу мерзімі;

постэмбрионалдық кезең - жануарлардың туғаннан кейінгі өсу, есею, ұрпақ қалдыру, қартаю сатыларынан тұрады.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Эмбриогенез

Ұрықтың дамуы, эмбриогенез(грек. embryon - ұрық және грек. genesіs - шығу тегі) - ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе туғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.

Slide 6

Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңі болады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым бір жұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілетті және әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратын көп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбір жануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ерте кезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді.

Slide 7

Барлық жануарларда ұрықтың дамуы ұрық ұрықтанудан немесе жұмыртқаның белсенділігінің артуынан бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді. Бір жасушалы ұрықтың бөліну арқылы көп жасушалы ұрыққа айналу кезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектену нәтижесінде көп жасушалы ұрық - бластула түзіледі.

Slide 8

Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол:

сүтқоректілерде - бластоциста (стерробластула),

құстарда, бауырымен жорғалаушыларда - дискобластула,

қосмекенділерде - амфибластула, қандауыршада - целобластула деп аталады.

Slide 9

Гаструла

Slide 10

Нейрула

Slide 11

Постэмбриогенез

Постэмбриондық даму - эмбрион туылғаннан немесе организмнен жұмыртқа түрінен шыққаннан қайтыс болғанша дейін болады.

Slide 12

Адам аллометриясы. Даму барысында аяқ-қолдардың өсуі бас және кеуде өсуінің қарқындылығынан асып түседі

Slide 13

Адам өмірінің кезеңдері

Slide 14 Slide 15

Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер жүйесі өз алдына (анасының ағзасына байланыссыз) қызмет атқарып, өзара іс-әрекет жасайды.

Slide 16

Емшектік кезең. Мұнда нәресте анасынан нәрлі уыз сүтін емеді. Бұл кезеңде сәбидің көп уакыты ұйқымен өтеді. Тамақ қажет болғанда, оянады. Емшектік кезеңде тамақ беру уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет.

Slide 17

Мектепке дейінгі сәбилік кезең. Бұл кезеңде жаңадан көптеген қозғалысқа байланысты дағдылар қалыптасады. Сәби еркін жүреді, сөйлейді. Айналасындағы заттарға әуестігі артады, әр нәрсені білгісі келеді. Ойлау кабілеті дамиды.

Slide 18

Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы артады. Бұл не? деген сұрактарға жауап іздейді.

Slide 19

Мектеп жасындағы ересек кезең. Баланың іс-әрекетінде сапалық өзгерістер байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп тәртібіне бағынуға байланысты іс-әрекеттерге талпынады.

Slide 20

Жасөспірімдік кезең. Баланың өсуі мен дамуында жаңа өзгерістер пайда болады. Ұлдар мен қыздардың дене бітімінде бірінен-бірінің айырмашылықтары айқын байқалады.

Slide 21

Балғын жастық (бойжеткен, бозбала) кезең. Барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінің калыптасуы толығымен жетіледі. Жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің қызметі бірімен-бірі үйлесімді жүреді.

Slide 22

Кемелденген кезең. Акыл-ой, санасы, ойлау кабілеті жетіліп, шығармашылық іс-әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді.

Slide 23

Мосқалдық кезең (пожилой) . Бұл кезеңде адамның қимыл-әрекеті баяулайды. Зат алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді.

Slide 24

Қарттық кезең. Барлық мүшелер жүйесінің қызметі, жалпы зат алмасу қарқыны баяулайды.

Slide 25 Slide 26

Қолданылған әдебиеттер:

http://www. studfiles. ru/preview/6188535/

http://estnauki. ru/biology/2-biology/1992-postjembriogenez. html

https://botan. cc/uchebnik/biologiya/10/by001/p038. html

http://kazorta. org/ontogenez/

О. -Я. Л. Бекиш. Медицинская биология. - Минск: Ураджай, 2000. - 520 с. - ISBN 985-04-0336-5.

С. Т. Нұртазин. Жеке даму биологиясы. - Қазақстан: Алматы, 2011. - 280 б. - ISBN 9965-29-631-6

Slide 27

Назарларынызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Заттар алмасуының гормональді реттелуі. Гормональді реттелудің бұзылыстары
ОНТОГЕНЕЗ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Физиология пәні
Ген экспрессиясы
Жыныс бездері
Физиологиялық зерттеу тәсілдері
Ағзалардың көбею формалары
Иммундыэауаптың - нейроэндокриндіреттелуі
Ұйқы безі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz