ПСИХОЛОГИЯ МЕНЕДЖМЕНТІ


Slide 1

Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер

Дайындаған:Қуандық Нұргүл ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ

7M01703 Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация

Slide 2

Менеджмент психологиясы

Slide 3

ХХ ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып есептелінбеді. Алғаш рет ол жайында Ф. У. Тейлордың 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің қағидалары» атты еңбегінің пайда болуымен айта бастады. Онда басқарушы еңбектің негізгі қағидалары көрсетілген. Сәл кейінірек ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары кен өндіруші және металлургиялық компанияның басшысы, танымал француз инженері А. Файоль менеджмент қағидаларының бір ізді жүйесін сипаттап өтті. Дәл Файольдың қолдауымен басқару ерекше іс-әрекет ретінде есептеліне бастады.

Сол уақытқа орай психология теориялық және қолданбалы бағыттарында ғылым ретінде қалыптасқан болатын. Басқару мен психологияның қосылуынан, сондай-ақ дамып келе жатқан өндірістің талаптарына жауап ретінде пән аралық қолданбалы ғылым «психологиялық менеджмент» пайда болды.

Slide 4

Психология менеджменті

Әкімшілік қызметінің психологиялық мазмұны мен құрылымы;

Жеке менеджер психологиялық сипаттамалары;

Психологиялық үлгілері ұйымдастырушылық мақсаттарға жету үшін бірге жұмыс.

Slide 5

Психологиялық менеджмент практикалық психологияның ерекше саласы ретінде менеджер мамандығының және кәсіби басшылардың пайда болуымен қатар пауда болды. Психологиялық менеджмент психологияның кез келген қолданбалы саласы ретінде дамыған қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде пайда болды.

Менеджмент бөліміндегі зерттеушілер оны төмендегіше құрайды:

Басқаруды қалайша тиімді етуге болады?

Өндірісте адам қорын адамдарды күштемей және оларға қысым көрсетпей максималды дәрежеде қалай пайдалануға болады?

Ұжымды басқару жүйесін қалайша жақсырақ құрып, пайдалануға болады?

Slide 6

Психологиялық менеджмент еңбектің максималды нәтижесінің алынуымен қатар, адамның еңбек үрдісінде өзін-өзі айқындау, еңбектің нәтижесінде туындайтын қажеттіліктерін жүзеге асыру ерекшеліктерінің айқындалуы да маңызды қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Демек, басқару жағдайының тұрғысында адамдардың өзара қатынастары мен өзара әрекеттестіктерінің төмендегідей проблемалары психологиялық менеджменттің пәні болып табылады:

Тұлға, оның еңбек үрдісінде өзін-өзі жетілдіруі және дамытуы.

Басқару іс-әрекеті және оның психологиялық тиімділік тұрғысында ұйымдастырылуы.

Еңбек ұжымындағы топтық үрдістер және олардың реттелуі.

Slide 7

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Американдық және батыс европалық менеджмент психологиясының дамуы басқаруға деген негізгі тұрғылардың (басқару мектептері) дамуымен қатар жүзеге асты. Ондай тұрғылардың (бағыттардың, мектептердің) қатарында төмендегілерді атауға болады:

- Макс Вебердің еңбектерін ұйымдастырудағы «бюрократиялық тұрғы»;

- ең көрнекті өкілдері ретінде Фредерик Тейлорды, Фрэнк және Лилиан Джилберттерді, Гаингтон Эмерсонды атап кетуге болатын «ғылыми басқару» мектебі. Басқару дербес мамандықты анықтайтын болса, қызметтерді жоспарлау және жүргізу барысын өндірісті орындаушылардың өздері емес, басқару саласындағы мамандар жүзеге асырса, ұйымның әрқашан басым орында болатындығының тұңғыш рет дәлеледенуі аталмыш мектептің негізгі үлесі болып табылады.

- ЕЕ алдымен, Анри Файольдың атымен байланысты «классикалық» немесе «әкімшілік» мектеп. Анри Файольдың идеяларын Линдалл Урвик (Англиядағы басқару мәселелері жөніндегі тенымал маман), Джеймс Муни («Дженерал Моторс») және т. б. қолдайды. Осы мектептің жақтаушылары басқарудың әмбебеп қағидаларын құруға тырысты;

Slide 8

- «адамдар қатынастары» мектебі немесе «неоклассикалық мектеп». Оның негізінде адам факторын тиімді ұйымдастырудың негізгі элементі ретінде сезіну жағдайы жатыр. Оның негізгі көрнекті өкілдері ретінде: Гуго Мюнстеберг және Элтон Мэйо танылды. Біріншісі менеджменттің жұмыстың орындалуын басқа адамдардың көмегімен қамтамасыз ету ретінде анықтайды. Ал екіншісі адамдардың арасындағы өзара әрекеттестіктің қуаты, сондай-ақ ақшаның көмегімен жанама түрде ғана қанағаттандырылуы мүмкін қажеттіліктер маңызды фактор болғандықтан, қатаң құрастырылған қызмет операциялары мен жақсы жалақының әрдайым еңбек өнімділігін арттыруға әкеле бермейтіндігін дәлелдеген. Адамдардың қатынастарын басқарудың тиімді тәсілдерін пайдалану мектептің негізгі ұсыныстарының бірі болды;

- «мінез-құлыққа жайлы - бихевиористік мектеп» немесе «мінез-құлық жайындағы ғылымдар мектебі» (1950 жылдан бастап қазіргі күнге дейін) . Бұл мектеп Дуглас Мак Грегермен, Ренсис Лайкертпен және т. б. ұсынылды. Олардың зерттеулерінде мотивацияның, билік пен бедел сипатының, қатынасудың, еңбек өмірінің мазмұны мен сапасының әрқилы қырларына баса назар аударылды. Осы мектептің өкілдері мінез-құлық жайлы ғылымның дұрыс қолданылуына әрбір қызметкердің әрі тұтастай ұйымның тиімділігі тәуелді деп есептеген;

Slide 9

- басқару үрдістерін математикалық модельдеу мектебі. Авторлардың ойынша осы тұрғының үлгісі жағдайдың сөзбен баяндалуын математикалық фомулалардың көмегімен алматыруға және оның даму үрдісін үлкен ықтималдықпен болжауға мүмкіндік береді;

- басқаруға деген процесті тұрғыны пайдаланатын мектеп. Осындай тұрғыда басқару көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған үздіксіз, өзара байланысқан әрекеттердің (кезеңдердің) сериясы ретінде қарастырылады. Басқару үрдісін құрайтын әрекеттер басқару қызметтері деп аталады;

- «жүйелі тұрғы» мектебі. Егер басқарудың алдыңғы мектептері ұйым жүйешелерінің біріне ғана баса назар аударса (мәселен, бихевиористік мектеп әлеуметтік жүйешені, ал ғылыми басқару мектебі техникалық жүйешені қарастырған), аталмыш тұрғының авторлары жеке жүйе - жүйешелерді біртұтас көлемге біріктіреді. Жүйенің ішіндегі күрделі өзара байланыстарды және де жүйенің қоршаған ортамен жан-жақты өзара әрекеттестігін назарға ала отырып, жалпы конструцияның дәл осы тұтастылығы жеке жүешелі үзбелілерді емес, тұтастай ұйымды басқару қажет екендігін сезінуге мүмкіндік береді.

- «жағдайға байланысты қалыптасқан тұрғы» мектебі. Жүйелі тұрғының дамуынан туған бұл тұрғы ұйым түскен нақты жағдайды басқаруда жоғары шеберлікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Әрбір аталған мектептің (бағыттардың, мектептердің) мазмұны төмендегідей сипатталады.

Slide 10

Психологиялық менеджменттің негізгі әдістері

Slide 11

Бақылауда бейнеленуі тиіс маңызды элементтердің ықтималды тізімі бар:

Бақылаушылар

Топ іс-әрекетінің мақсаты

Бақылау жиілігі мен ұзақтығы

Жағдай

Әлеуметтік мінез-құлық

Жағдайларға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, ондағы өзара қатынастардың сипаты, жағдайға қатысушылардың арасында рөлдердің үлестірілуі;

Бақыланған жағдайдың орналасқан жері және заттардан құралған ортаның іс-әрекетке деген ықпалы;

Бақыланған жағдайдың кездесоқтығы немесе заңдылығы, топтың жиналуына ықпал еткен нақты ресми немесе биресми мақсаттардың бар жоқтығы, жағдайға қатысушылардың әртүрлі мақсаттарының үйлесімдігі немесе қарама-қайшылығы;

Бақыланған топ іс-әрекетінің сипаты, іс-әрекет стимулдары, іс-әрекеттің кімге (неге) бағытталғандығы, топтағы психологиялық ахуал, сол орынға тән әлеуметтік мінез-құлық, бақыланған топ мүшелерінің мінез-құлықтарындағы ықтималды ауытқулар;

Жағдайды бақылау уақыты, ұзақтығы және қайталанушылығы, оның бірегейлігі.

Slide 12

Бақылаушының орнына және бақылаудың ұйымдастырылуына қарай, сондай-ақ басқа да факторлар бойынша ол бірнеше түрге бөлінеді:

- Құрылымына қарай құрылымы бар және құрылымы жоқ бақылау болады.

- Бақылушының зерттелінген жағдайға қатысу дәрежесіне қарай енген және енбеген бақылауды өз етуге болады.

- Бақылауды жүргізу орнына және ұйымдастыру жағдайларына байланысты оны далалық және лабораториялық деп екіге бөледі.

- Бақылауды жүргізу ретіне қарай жүйелі және жүйесі жоқ деп екіге бөледі.

Slide 13

Психология менеджменті

- ол 20-шы ғасырдың 2-ші жартысында психология және басқару қиылысында туындаған ғылым болып табылады.

Ғылыми басқару (1900) негізін қалаушы Фредерик Уинслоу Тейлор (FW Taylor, 1856-1915) болып табылады.

Slide 14

Элтон Мейо (1880-1949) .

Өткізілген эксперименттер

«Вестерн Электрик Компани»

1927 жылдан бастап 1939 жылдар аралығында

Slide 15

Ғылыми басқаруды дамыту тығыз атымен байланысты

Анри Файоль (1841-1925)

Slide 16

Менеджменттің психологиялық теориялары


Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БАКАЛАВРИАТ
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫНЫҢ МЕНЕДЖМЕНТІ
Жоғары білім беру жүйесіндегі психология
Менеджмент психологиясы
Жапон менеджменті
Аксиология - құндылықтар туралы философиялық ілім
Мемлекеттік салық менеджменті
Менеджмент басқару туралы ғылым
Қаржы менеджменті
Эмоционалды күйді басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz