Калий тыңайтқышы


Slide 1

Минералды тыңайтқыштар және оның түрлері

Оқытушы: Милисова Н. Б.

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

Казахский Национальный Университет имени С. Д. Асфендиярова

Slide 2

Жоспар

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Тыңайтқыштарға жалпы түсінік

Жоғары және тұрақты өнім алу үшін

топыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердің

қоректенуі үшін қажетті элементтері бар

тұздарды тыңайтқыштар деп атайды.

Өсімдіктердің құрамына 60-тай химиялық

элементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп өну үшін

біріншіден көміртек, оттек, сутек керек. Бұлар

өсімдіктің негізін кұрайды. Одан кейін N2, Р, К, Mg, S, Са, Ғе.

Slide 4

Тыңайтқыштардың жіктелуі

Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты, агрохимиялық жағдайына, физиологиялық әсеріне, қоректену элементтеріне, қоректік заттардың концентрациясына тәуелді жіктеледі.

Шығу тегі бойынша

Минералдық-

Табиғи және өндірісте өндірілетін минералды тұздар жатады.

Органикалық

-Көң

-Қи

-Тезек

Органо-минералдық-органикалық және минералдық тыңайтқыштардың қоспасы. Мысалы, шымтезек.

Бактериалдық-топыраққа сіңімді қоректік

элементтердің түрін түзетін бактериялар.

Slide 5

Калий тыңайтқышы

Калий тыңайтқышын өндіруге шикізат ретінде табиғи калий тұздарын және өсімдіктердің күлін қолданады. Негізгі шикізат ретінде минерал сильвинит (mKCl+nNaCl) құрамында 14-18% К2O болады және каолинит (КCl . MgCl . 6Н2О) қолданылады. Сильвинит құрамында 23-30% КCl, 65-70%NaCl болады. Осыдан КCl-ды бөліп алып тыңайтқыш peтінде қолданады. Сильвиниттен калий хлоридін екі әдіспен алады: галургия немесе бөлек кристаллизациялау әдісі. Бұл әдіс КCl -мен NaCl- дың температураға байланысты әр түрлі ерігіштігіне негізделген. 0-ден 100°С-қа дейін NaCl дың ерігіштігі өзгермейді, ал KCl-дың ерігіштігі температура өскен сайын артады. 26°С -та КCl мен NaCl ерігіштігі бірдей болады. Егер 100°С-та ерітсе КCl, NaCl-дан екі еседей көп болады. Салқындатса, тек КCl кристалданады.

Slide 6

Кез келген есімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды және картоп, күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едәуір артады. Топырақта болатын калий, көбінесе органикалық тыңайтқыштар - қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін және ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03 түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит және карналит жатады. Силъвинит дегеніміз - калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз KCl-MgCl, . Калий тыңайтқышына калий хлориді KC1 және калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.

Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Суперфосфат

Ca5F(PO4) 3 + 7 H3PO4 + 5H2O = 5 Ca(H2PO4) 2 H2O + HF + Q .

Технологиялық үдеріс екінші сатыда (өте баяу жүреді) 6-25 тəулікке созылады. Екінші сатыны - суперфосфаттың жетілуі деп атайды. Жетілу үрдісінің жылдамдығына температура жəне күкірт қышқылының концентрациясы əсер етеді. Реакция жылдамдығы күкірт қышқылының концентрациясы артқан сайын жəне температура жоғарылаған сайын артады. Өндірісте күкірт қышқылының оптималды концентрациясы 62-69% аралығында болады. Үздіксіз жасайтын өндірісте күкірт қышқылының концентрациясы 68-69, 5%. Бұл концентрацияда камерадағы температура 110 С шамасында болады. Температураның өсуі жəне экзотермиялық реакциялар нəтижесінде болады. Осы оптималды жағдайларда кальций сульфат бөлшектері кеуекті, борпылдақ болғандықтан фосфор қышқылының шикізат бөлшектерінің арасында диффузиялануы жылдамдайды. Технологиялық үрдістің ең баяу сатысы жетілу, яғни екінші саты. Жетілу сатысын жылдамдату үшін суперфосфатмассасын салқындатып, құрамындағы суды буландырып, монокальций фосфатының кристалдануын жылдамдатады, яғни ерітіндідегі фосфор қышқылының концентрациясын арттырады. Өңдеген суперфосфат құрамындағы P2O5 мөлшері алғашқы шикізат құрамындағы P2O5 мөлшері екі есе төмен - 19-20 %.

Slide 12

Концентрлі фосфор тыңайтқыштарын өндіру үшін фосфориттерді концентрлі фосфор қышқылымен өңдейді.

Еселі суперфосфат өндіруге 70% фосфор қышқылымен фосфоритті ыдыратады:

Ca5F(PO4) 3 + 7 H3PO4 + 5H2O = 5 [Ca(HPO4) 2 *H2O] + HF +Q

Өндірілген суперфосфат құрамында 40-50% P2O5, яғни жоғары сапалы тыңайтқыш болады.

Еселі суперфосфатты өндіру

Slide 13

Термофосфат

Фосфатты сілтілік металдардың тұздарымен 1100-1200 С температурада қыздырса, құрамында CaNaPO4 не болмаса басқа сол сияқты тұз түзіледі. Осы түзілген заттар термофосфат деп аталады.

Термофосфат қасиеттері жəне өсімдікке сіңімділігі жағынан суперфосфаттан кем емес.

Термофосфатты алғаш академик А. Б. Бектұров бастаған бір топ ғалымдардың еңбегінің нəтижесінде алды:

2Ca3(PO4) 2 + SiO2 + 2Na2SO3 = 4NaCaPO4 + Ca2SiO4 + 2 CO2 .

Термофосфат құрамында 20-35% P2O5 болады, оны көбінесе, қышқыл топыраққа қолданады.

Slide 14

Азотты тыңайтқыштар - құрамында өсімдікке қорек болатын азоты бар органикалық (көң, шымтезек тағы басқалар) және минералдық заттар. Азоттың табиғи қосылысы - натрий селитрасы (NaNO3) тек Чилиде ғана кездеседі. Азотты тыңайтқыштардың көп тараған түрі: аммиак селитрасы, аммоний сульфаты, мочевина (карбамид), азотты сұйық тыңайтқыштар. Аммоний сульфаты - (NH4) 2SO4 дүние жүзінде ең көп мөлшерде шығарылатын тыңайтқыш. Аммоний нитратының [(NH4) NO3] құрамында өсімдікке сіңімді азоттың мөлшері басқа азотты тыңайтқыштарға қарағанда көбірек келеді. Сұйық аммиак және онымен қанықтырылған аммоний тұздарының ерітінділері де құрамында азоты көп тыңайтқыштар болып табылады.

Ал жоғары концентрлі азотты тыңайтқыштарға карбамид (мочевина) жатады. Карбамидті жануарлар жеміне де қосып пайдаланады. Ол көмір қышқыл газы мен аммиактың үлкен қысымда әрекеттесуі нәтижесінде алынады: CO2+2NH3= CO(NH2) 2 + H2O.

Азот топыраққа күрделі минералдық тыңайтқыштар түрінде де көптеп беріледі. Фосфор қышқылын аммиакпен әрекеттестіру арқылы аммофос алынады. Оның қышқылын бейтараптандыру дәрежесіне байланысты моноаммонийфосфат (NH4H2PO4) немесе диаммонийфосфат [(NH4) 2HPO4] өндіріледі.

Нитрофоска - құрамында қоректік азот, фосфор және калий бар күрделі тыңайтқыш. Оны өндірісте аммоний гидрофосфатының [(NH4) 2HPO4] аммоний нитратының (NH4NO3) және калий хлоридінің (немесе сульфатының) қоспасын балқыту арқылы алады. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында (аммиак селитрасы, натрофоска), Степногорск кен-химия комбинатында (нитрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі

Slide 15 Slide 16

Азоттық қосылыстардағы түрлеріне қарай азотты тыңайтқыштар нитратты, аммонийлі және аммиакты, аммонийлі-нитратты, амидті болып бөлінеді.

Нитратты тыңайтқыштарда азот нитратты түрде болады. Негізгі өкілдері натрий және кальций селитралары.

Натрий селитрасында 16% азот бар. Бұл тыңайтқыштың азотын өсімдік жеңіл сіңіреді, сондайақ, топырақ ылғалы жоғары болса оңай шайылады әсіресе жеңіл топырақтарда.

Кальций селитрасында 17, 5% азот бар. Физиологиялық сілтілі болғандықтан, топырақтың қышқылдығын төмендетеді.

Аммоний сульфатында 20% азот бар. Өсімдіктер жеңіл сіңіреді. Қышқыл топырақтарға әк немесе фосфарит ұнын қосып қолдануға болады.

Хлорлы аммонийда 24-25% азот болады. Қолданылуы шектеулі, себебі хлордың ионы картопқа, зығырға, көкөністерге, жеміс-көкөніс дақылдарына кері әсер етеді. Хлор ионы біршама жуылуы үшін күзде топырақ өңдеген кезде енгізуді ұсынады.

Slide 17

Сұйық аммиакта 82% азот болады. Түссіз, жылжымалы, қайнау температурасы +34°С тең сұйық. Оны жоғары қысымға шыдайтын болат балондарда сақтайды және тасымалдайды.

Аммиак суының бірінші сортында 20, 5, екіншісінде 18% азот болады. Түссіз немесе сарғылттау аммиак иісті сұйық. Азот түрінде болады. Бірақ аммонийлық азоттан аммиакты азот көбірек болады.

Аммиакты селитрада 34% азот болады. Кристалды ақ түсті зат -- әр түрлі дақылдарға қолдануға жарайтын әмбебап тыңайтқыш. Көп жылдар бойы бір жерге қолданса, топырақты қышқылдандырады. Бұл тыңайтқыштың қолайлы қасиеті -- өсімдікке зиянды заттардың жоқтығы және тез әсер ететін нитратты және шабан қозғалғыш аммонийлы азоттың болуы.

Мочевинада несеп нәрі 46% азот болады. Ұсақ кристалды ақ түсті зат, суда жақсы ериді. Мочевина немесе карбамид топырақта бактерияның әсерінен аммонификацияны тез өтіп, физиологиялық қышқыл -- көмірқышқыл аммоний тұзын бөліп шығарады. Сондықтан енгізген алғашқы күндері топырақтың уақытша аздап сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіреді және бірте-бірте нитрификацияланады. Осының салдарынан топырақтың сілтіленуі қышқылданумен ауысады, бірақ өсімдіктер азотты сіңіргеннен кейін топырақтың алғашқы мочевинаны қолданғанға дейінгі реакциясы қалпына келеді.

Slide 18

Азот барлық өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер клеткаларының негізі - ақуыздың құрамында үнемі болады Азот фотосинтез жасауға қатысатын хлорофиллдің, протоплазма мен клеткалар ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылының құрамына кіреді. Өсімдіктің вегетативтік органдарындағы ақуызсыз органикалық азот мөлшері өсімдіктегі жалпы азот қорынан 20 - 25 пайыз артық болады. Өсімдік нашар қоректенсе, атап айтқанда онда фосфор жетіспесе, онда ақуызсыз азоттың қосындылар мөлшері едәуір көбейеді, мұның өзі өсімдіктің сапасына зиянын тигізеді. Өсімдіктер құрамына азоттың жиналуына бұршақты өсімдіктер едәуір дәрежелерде әсер етеді, өйткені бұршақты өсімдіктер (беде, бұршақ, соя және басқалары) түйнек бактериялары арқылы ауадағы бос азотты бойына сіңіреді. Топырақта азот жеткіліксіз болса өсімдіктің өсуі бөгеледі, жапырағының жасыл болуы өзгереді, биохимиялық процестер жиынтығы бұзылады, егіннің өнімі күрт кемиді. Өсімдікке оның жетіспейтінін оп-оңай аңғаруға болады. Атап айтқанда хлорофилл немесе өсімдік жапырағының түсі сарғаяды. Өсімдік жапырағы сарғайып кеткен соң, ондағы азот мөлшерін қайтадан тиісті мөлшерге жеткізуге мүмкіндік болмай қалады. Топырақтағы азот түрлі қоспа заттардың құрамында органикалық азот, аммиак тұздары және селитра түрінде болады. Органикалық азот шіріткіш бактериялардың әрекетінен минералдық заттарға (аммиак түздарына және селитра) айналған кезде ғана өсімдік оны бойына сіңіре алады.

Slide 19

Микротыңайтқыштар

Микротыңайтқыш - құрамында микроэлементтер (бор, мыс, кобальт, мырыш, т. б. ) болатын бейнорганикалық қосылыстар. Микротыңайтқыштар алғаш шет елдерде және Ресейде 19 ғасырдың 2-жартысында қолданыла бастаған. Микротыңайтқышдың бор, мыс және құрамында екі және одан да көп микроэлементтер болатын полимикротыңайтқыш, т. б. түрлері бар. Микротыңайтқыш ретінде микроэлементтердің тұзы немесе өндіріс қалдықтары жоқ(шлак), қоқыс (шлам), фриттер, хелаттар алынады. Топырақта өсімдікке қажетті микроэлементтер жеткіліксіз болса оның өсуі, дамуы тежеледі, түсімнің сапасы кемиді, ауруға шалдығады. Бұл микроэлементтер ферменттер құрамына кіреді, биохимиялық реакцияны және нуклеин, аминқышқылдары, қант, крахмал, хлорофилл биосинтезін күшейтіп, дақылдың өнімінің артуына, сапасының жақсаруына әсер етеді. Микротыңайтқыштың қажеттілігі ауыл шауашылығындағы дақылдарының биологиялық ерекшелігіне және топырақ құрамындағы микроэлементтердің мөлшеріне байланысты анықталады. Микротыңайтқыштарды тұқым себер алдында, дәнмен бірге (0, 5 - 5 кг/га), тамырдан тыс үстеме қоректендіру (0, 1 - 0, 05%-дық микроэлементтер ерітіндісімен бүрку), тұқымды себер алдында өңдеу (0, 02 - 0, 05%-дық ерітіндіде бөктіру) тәсілдері арқылы қолданады.

Slide 20

Минералдық тыңайтқыштар оларды тиімсіз пайдаланудың экологиялық зардаптары


Ұқсас жұмыстар
Калий тыңайытқыштары
Тыңайтқыштар
Фосфор Азот Калий
Органикалық тыңайтқыштар туралы
Органикалық тыңайтқыш
Азық құрамындағы азоттың маңызы
Фосфор тыңайтқыштары
Минералды тыңайтқыш - Азот
Минералды тыңайтқыштарды өңдеу
АЗОТТЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz