Жасуша қасиеттері



Тірі жүйенің қарапайым өлшем бірлігі.
Жасуша қасиеттері:
-зат және энергия алмасу,
-өсу, көбею,
-тұқым қуалау,
-тітіркендіргіштерге жауап қайтару.
Жасуша

ЖАСУША теориясы
Неміс ботанигі Маттиас Шлейден және цитолог Теодор Шванн 1839 жылы жасуша теориясының негізін қалады.
Жасуша теориясы бойынша барлық тірі ағзалар жасушалардан тұрады және құрылысы мен биохимиялық қасиеттері ұқсас болады.
Жасушалар - тірі ағзалардың негізгі құрылымдық және функционалдық бірлігі. Оларды көлеміне, пішініне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ажыратады.
Тірі ағзалардың жасуша құрылысының ұқсастығын ашу биология ғылымында ең іргелі жаңалықтардың бірі болып табылады .

Жасуша
Қабықша
Ядро
Цитоплазма

Жасуша

ЖАСУША ҚАБЫҚШАСЫ
Жасуша қабықшасы еріген заттарды таңдап өткізетін қабілеті бар плазмалық мембрана.
Қабықша үш қабатты болып келеді және полисахаридтер - целлюлоза мен май заттарынан тұрады.
Қабықшаның ішкі мембранасы диктиосомалардың есебінен үнемі жаңарып отырады.

Цитоплазма
Жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сүйықтық. Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін жасушаның қажетті бөлімі. Цитоплазма жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады.
Органоидтар:
-митохондриялар,
-жасушалық орталық,
-эндоплазмалық тор,
-Гольджи жиынтығы,
-рибосомалар,
-лизосомалар.
Жасуша органоидтары - жасушалардың
тұрақты арнаулы бөлігі болып табылады.
Жасушаның қызметі тек органоидтардың
көмегімен ғана орындалады.

ЯДРО ЖӘНЕ ЯДРОШЫҚ
Ядро қабықшадан, оның ішкі ортасын түзетін ортадан, хроматиннен және бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.
Ядрошық хроматин және рибосоманың синтезін бақылайды.
Ағылшын ботанигі Роберт Броун 1831 жылы жасуша ядросын ашты.
Ядро жасушада жүретін барлық үдерістерді басқарады және оның тіршілігін қамтамасыз етеді.

МИТОХОНДРИЯ
Жасушада бірнеше мыңға жуық митохондриялар болады.
Митохондрияда тыныс алу кезінде тотығу-тотықсыздану үдерісі жүреді, осы үдеріс жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді.
Митохондрия екі мембраналы қабықшамен қапталған.

Эндоплазмалық тор(ЭПТ)
Құрылысы
Қызметі
Жасушаның ішін түгелдей бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын екі жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе - түйіршікті ЭПТ деп, ал бекінбесе- тегіс жарғақшалы ЭПТ деп аталады.
Тегіс жарғақшалы ЭПТ -майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларда -нәруыздар синтезделеді. ЭПТ-ның торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың байланыс жасауына көмектеседі.

Гольджи жиынтығы
Құрылысы
Қызметі
Гольджи жиынтығы-ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс.
Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

Гольджи жиынтығы

Лизосома
Құрылысы
Қызметі
Лизосома-домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы органоид. Құрамында ферменттері болады. Сыртындағы жарғақшасы өте берік.
Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларын және полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді. Заттарды қорытуға қатысады.

Сферосомалар
Құрылысы
Қызметі
Диаметрі 1 мкм шамасындағы дұрыс пішінді шар тәрізді денешіктер. Сферосомалардың барлық өсімдіктерде бар екендігі анықталған. Орталығында екі қабатты фосфорлипидті шар орналасқан. Оған сыртқы қалың қабатты түзетін сансыз нәруыз молекулалары бекінеді.
Сферосомалар фосфорлипидтер мен нәруыздарды қорға жинақтайды және өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттейтін үдерістерге қатысады.

Нағыз вакуоль
Құрылысы
Қызметі
Нағыз вакуоль-өсімдік пен саңырауқұлақта ғана болатын бір жарғақшалы органоид. Бұл да- жарғақша көпіршігі, бірақ ірі болып келеді. Вакуольді жасуша сөлі деп аталатын сұйықтық толтырады.
Нағыз вакуоль-бір мезгілде «қойма» және «қоқыс шелегі» рөлін атқарады. Судың алмасуын қамтамасыз етеді. Жасушада тургорлық қысымды сақтау рөлін атқарады.

РИБОСОМА
Рибосомалар нәруыз синтезінің орталығы болып табылады.
Рибосомалар ядрода, митохондрияда, пластидтерде және өте көп мөлшерде цитоплазмада болады.
Рибосомалар жеке немесе топпен (полисома) орналасады. Жеке орналасқанда олар өзара РНҚ жіпшелері арқылы байланысады.

ХЛОРОПЛАСТ
Пластидтер (хлоропластар, хромопластар, лейкопластар) тек өсімдік жасушаларында ғана болады.
Хлоропластарда өсімдікке жасыл түс беретін пигмент - хлорофилл дәндері болады.

Жасушалық орталық центриоль
Құрылысы
Қызметі
Жасуша орталығы-цилиндр пішінді екі кішкене денешіктер.
Жасушаның бөлінуіне қатысады.

Тапсырмалар мен сұрақтар үлгісі
Сызықтық диктант
«+»-дұрыс, «-»-қате
Прокариотты ағзалардың фототрофты тобы (цианобактериялар) көк-жасыл балдырлар деп аталады.
Қабықшаның өте жұқарған жерін саңылау деп атайды.
Вакуольдер тек өсімдік жасушасында кездеседі.
Хромопластарда әртүрлі-сары, қызыл, қоңыр, т. б. түсті пигменттер болады.
Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы. 1. Митохондрия А. Заттарды қорытатын органоид 2. Жасуша орталығы Б. Нәруыз биосинтезі жүреді 3. Лизосома С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады 4. Рибосома Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады 5. Гольджи жиынтығы Е. Энергия түзіледі, жиналады 6. Ядро Ж. Лизосоманы түзеді
Ядросы бар және ядросы жоқ жасушалар мен ағзаларды салыстыру . Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау қажет. Жасыл эвглена ерекшелігі -Бактерия ерекшелігі Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау . Өсімдік жасушасының ерекшелігі-Жануар жасушасы ерекшелігі

Тапсырмалар
Ядросыз жасушалар . . . . . . деп аталады
Ядролы жасушалар . . . . . . . . деп аталады
Бактериялар, көкжасыл балдырлар. . . . . . жатады
Саңырауқұлақтар, жануарлар және өсімдіктер . . . . . жатады
Барлық жасушаларда . . . . . бар
. . . . . . жасуша қабырғасы болмайды
. . . . . . жасуша қабырғасы жасунықтан тұрады
. . . . . . жасуша қабырғасы хитиннен тұрады
Нәруыздарды синтездейтін жарғақшасыз органоидтер. . . . . . . . . .
Қоректік заттарды ыдыратып, өздігінен ас қорыта алатын (автолиздейтін) біржарғақшалы органоидтар. . . . . . . . . . .
Жасуша сөлі толы біржарғақшалы өсімдік органоидтары. . . . . . . . . . . . .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz