ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТЕЙЛЕРИОЗДАРЫ




Презентация қосу
Жануарлардың тейлериидоздары

Әшірбек Ә
Рузматов
С
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық
емес акционерлік қоғамы
Ветеринария және агроменеджмент факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Жануарлардың тейлериидоздары

Орындаған:Амантаева А.А
Тексерген: Нуржуманова Ж.М

Семей 2022
Theileriidae тұқымдасы

Тейлериидоздар – Theileriidae тұқымдасына жататын
патогенді қарапайымдылар тудыратын, протозойлық,
трансмиссивтік аурулар. Тейлериидоздармен ірі қара
және ұсақ мүйізді малдар, жылқылар (нутталлиоз)
ауырады.


Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде ірі қара малының
тейлериозы және жылқының нутталлиозы кезігеді.
ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТЕЙЛЕРИОЗДАРЫ

Тейлериоздар – Theileria туысына жататын қарапайымдылар
тудыратын, ірі қара малының, буйволдардың (енеке немесе дала
сиыры), зебулардың (өркешті сиыр) жіті немесе жітілеу түрде өтетін
трансмиссивтік аурулары.



ТМД елдерінде ірі қара малдарында тейлерийлердің төрт түрі
тоғышарлық етеді: Theileria annulata, Th.sergenti, Th. mutans және Th.
orientallis, алғашқы екі түрі өте уытты тоғышарлар. Қазақстанда ірі
қара малында тейлериозды тек қана Theileria annulata түрі тудырады.

Тейлериоздар ірі қара шаруашылығының дамуына өте
көп зиян келтіреді. Ауырған мал өлімі 60-80 % жетеді және
мал өнімділігі азаяды. Ауырып жазылғаннан кейін
сиырлардың сүттілігі тек қана 70-75 % қалпына келеді, сау
кезіндегімен салыстырғанда. Малдың денесінде
тейлерийлер сөл бездерінде, ұлпалы органдар және
эритроциттерде тоғышарлық етеді.
Қоздырушылары

Тейлерийлердің эритроцитарлық түрлерінің сипаттамасы:
эритроциттерде тейлерийлердің дөңгелек сопақша (80% дейін),
таяқша, үтір тәрізді түрлері тоғышарлық етеді. Негізгі жиі кездесетін
түрлері сопақша және эритроциттердің радиусынан кіші, дөнгелек
түрлерінің мөлшері 0,5-1,5 мкм, сопақшалары – 0,6-2,0 мкм, таяқша
тәрізділері – 0,7-2,5 мкм. Тейлерийлер көбінесе эритроциттердің
ортасында, кейде шетінде орналасады. Бір эритроцитте 1-7
тейлерийлер тоғышарлық етеді жалпы зақымдалуы 80-95 % жетеді
(101-сурет). Романовский–Гимза әдісімен тейлерийлердің ядросы
қызыл, цитоплазмасы көк түске боялады.
Макро және микрошизонтар

Макро және микрошизонтар цитоплазмадан және көптеген
ядролардан (50 және одан жоғары) тұратын көп ядролы
денелер (102-сурет). Олардың мөлшері 8-27 мкм.
Шизонттарды Романовский–Гимза әдісімен бояғанда
цитоплазма көкшіл, ядролары қызылдау түске боялады.
Микрошизонттардың ядролары кішкентай, дөнгелек нүкте
тәрізді болады. Макрошизонттардың ядролары үлкен,
түрлері әр түрлі болады.
Қоздырғышының дамуы.

Негізінде малдардың денесіндегі тейлерийлердің даму сатылары нақтылы
зерттелініп, анықталған, ал кенелердің денесіндегі даму сатылары толық
зерттелініп анықталған жоқ.

Тейлерийлермен зақымдалған кенелер, сау малдың қанын сорғанда
сілекейлерімен эритроциттерде орналасқан тейлерийлердің ұсақ түрлерін
терісіне енгізеді. Тейлерийлер сөл, қан арқылы алдымен жақын сөл
бездеріне, содан кейін ұлпалы органдарға жетіп шизогония немесе
көптеген бөліну сатысымен дамиды. Осы ретте тейлерийлер
(спорозоиттар) лимфоциттерге моноциттерге еніп, көлемі үлкейеді, ядросы
көптеген бөліктерге бөлінеді, көп ядролы денелер – макрошизонттар
пайда болады.
Эпизоотологиялық деректер

Тейлериоз ТМД елдерінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған.

Қазақстанда тейлериоз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жиі
кездеседі. Тейлериоз Қызылорда облысында сәуірден қыркүйек айларына дейін,
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында сәуірден қазанға дейін кезігеді. Маусым
шілде айларында ауырған мал саны көбейіп, инвазия жоғары сатысына жетеді. Осы
айларда имаго сатысындағы кенелер көп тарайды, ауруды таратады. Тейлериоздың
қоздырғышын Қазақстанда бес түрлі иксодид кенелері: Hyalomma anatolicum, H.
detritum, H. scupense, H. plumbeum, H. asiaticum таратады. Тейлерийлер кененің бір
ғана ұрпағы арқылы беріледі. Мысалы, егер ауру малда кененің личинкалары
тоғышарлық етсе, тейлерийлерді нимфа сатысы, егер нимфа сатысы тоғышарлық
етсе, имаго сатысы таратады. Кейбір уақытта тейлерийлермен личинка және нимфа
зақымдалады, бірақ қоздырғыштар имаго арқылы беріледі.
Патогенезі.

Патогенезі. Тейлерийлер регионалдық (аумақтық) сөл бездеріне
еніп, шизогония жолымен көбейіп лимфадениттерді тудырады.
Содан кейін тейлерийлер лимфа (сөл) тосқауылынан өтіп, қанға
енеді, одан барлық органдарға тканьдарға тарайды. Осы ретте
ауру асқынып, паразиттер барлық ұлпалы органдарда көбейеді.
Паразиттердің шизогониалдық жолмен жаппай көбеюіне
байланысты, мал денесінде тейлерийлердің қоректік қалдық
заттары жиналады, олардың уыттары орталық нерв жүйесіне
және жылу орталығына әсерлерін тигізеді, нәтижесінде дене
қызуы өте жоғары көтеріледі.
Тейлериозды серологиялық анықтау



Серологиялық әдіс. Бұл әдісте комплементті байлау
және ұзақ байлау (КБР, КҰБР) реакциялары қолданылады.
Тейлерий антигені макро және микрошизонттардан
(аурудың алғашқы сатысында), немесе тейлерийлердің
эритроцитарлық түрлерінен арнаулы әдістермен
алынады. Бұл әдіспен ауруды жылдам және дәл
анықтауға болады.
Емі.

1. Қазақтың ғылыми зерттеу ветеринариялық институтының схемасы. Алғашында
ауру малға № 1- комплекс қолданылады: бұлшық етке 7 % азидин немесе
беренил мөлшері 3,5 мг/кг; 20% сульфантрол ерітіндісі 10 мг/кг, окситетрациклин
2000-5000 бірлік; тері астына —20 % кофеин-бензоат натрий ерітіндісі 5-20мл және
витамин В-12 мөлшері 1-2мкг. 2-6 сағат өткенде № 2 комплекс қолданылады: күре
тамырға - 10% натрий хлорид ерітіндісі мөлшері 0,5 мл/кг және 10 % аскорбин
қышқылы 1 мл әрбір 3-5 кг малдың салмағына. Осы ертінділерді қолданғаннан
кейін бірден су немесе сүт сарысуын береді. №1 және №2 комплекстерді
қайталанып 3 рет беруге болады, немесе №2 комплексті кофейн және
витаминмен қосып береді. Ауру өте ауыр түрде өтсе № 2 комплекс орнына бірден
№ 3 комплекс қолданылады: 40 % глюкоза ерітіндісі мөлшері 0,5 мл/кг және 10
% аскорбин қышқылы 1 мл/кг малдың салмағына, күре тамырға егеді.
Профилактикасы

Тейлериозға қарсы химиялық профилактика
қолданылады. Осы ретте сульфантрол мөлшері 0,003 г/кг
малдың салмағына 10% ерітінді ретінде 7 күнде 1 рет,
мамырдың аяғынан шілденің аяғына дейін бұлшық етке
егеді. Аурудың шығар мерзімі алдында малдарға Наганин
мөлшері 0,015 г/кг салмағына 10 % ерітінді ретінде 1 рет
күре тамырға егеді.

Ұқсас жұмыстар
Мал терісін сыпыруға арналған жабдықтар
Әр түрлі малдарды сою технологиясы
Малды союға дайындау
Мал сою технологиясы
Сойыс малдарын тасымалдау кезіндегі ветеринарлық талаптар
Малды сою технологиясы. Малды лажсыз сойғанда етті ВСС және санитарлық мәні бар өзгерістер
Сүтті тұқым
Ірі қараны қансыздандыру
Сүтінің майлығы
Ірі қара пироплазмозы - Piroplasma bigeminum деп аталатын қарапайымды қоздыратын жіті ауру
Пәндер