Пигменттер мен байланыстырғыштар
Презентация қосу
КМҚК АЛМАТЫ ПОЛИГРАФИЯ КОЛЛЕДЖІ
16-21 тобы: Арнайы технология
Сабақтың тақырыбы: Пигменттер мен
байланыстырғыштар
Оқытушы: Тұрдыбек С. Н.
Полиграфиялық бояу – пигмент (дисперсті фаза) пен
байланыстырғыштан (дисперстік орта) тұратын коллоидты
жүйе. Пигмент басуға қажетті түс береді, ал байланыстырғыш
қағаз бетінде пигментті кептіреді, бояуға басу қасиеттерін
береді.
Пигменттер – бұл суда және органикалық еріткіштерде
еримейтін, ақ немесе қара жоғары дисперсті кристалды
құрылымы бар ұнтақтар. Олар органикалық немесе
органикалық емес боп келеді. Пигменттер полиграфиялық,
индустриалды, құрылыс, көркем суретті бояулар түрлі-түсті
қарындаштар жасау үшін, сонымен қатар пластмасса,
резеңке, синтетикалық талшықтарды бояу үшін
қолданылады.
Бояғыштар – бұл құрғақ бояу ұнтақтар түріндегі органикалық
қосылыстар, бірақ пигменттерден айырмашылығы сол, олар суда ,
ал кейде органикалық еріткіштерде, майларда қанықты ерітінді
түзе ериді. Бояғыштар негізінен иірілген маталарды бояу үшін
қолданылады.
Рубинді пигмент СК триадты бояуларда қолданылады.
Бұл ерітінділер шығыңқы басылымдың қара газеттік, кітаптық және т.б.,
жинақы сіңіруімен баспа-таңбада кептірілетін офсеттік басуда да
қолданылатын бояуларды түсін келтіру үшін пайдаланылады. Тоң майда
еритін бояуға түс келтіргіштер бояу тұтқырлығын жоғарылатпайды,
сондықтан күйе мөлшерін азайтуға қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар олар
босу қасиеттерін жақсартады, беттік-активті заттар ретінде пигменттерді
тұрақтандырады, баспа-таңбалардағы бояудың кеуіп кетуін жақсартады.
Бірақ майда еритін бояуға түскелтіргіштерді байкап қолдану керек, өйткені
шамадан тыс артық қолданылса, баспа-таңбаны тесіп кетуі мүмкін.
Милори – химиялық құрамы күрделі, қанық көк, жарыққа
берік, майда түйірлі, жасанды органикалық емес пигмент суда,
майларда, лактарда ерімейді. Милориден алынған бояудың
басылым қасиеттері қанағаттанарлық: жұқа қабаттарындағы
бояу – мөлдір, қаалың жерлерінде - жамылғы (кроющая), бұл
оның аса қаныққандығымен түсіндіріледі.
Күйе (жаңа терминология бойынша техникалық көміртегі) – бұл аса
майда түйіршікті, қаныққан қара, жарыққа аса берік пигмент. Химиялық
құрамы жағынан күйе таза көміртегі, оны газтәріздес және сұйық
көмірсутектерді мысалы метанды 1200оС температура термиялық
реакция көмегімен алады. Іс-тәжірибеде органикалық шикізатты
термиялық ыдырату жолымен күйе алынады.
Толықтырғыштар (алюминий гидрооксиді, барий сульфаты –
бланфикс және т.б.) бояудың түқыр пластикалық қасиетін реттеу үшін,
бояу қанықтылығын төмендету немесе пигмент түсін жақсырақ
көрсету үшін, қажетті болған жағдайда, бояу ашықтығын көтеру үшін,
баспа-таңбаларға кейбір күліңгірттік беру үшін, басу кезінде бояудың
шашырап кетуін азайту үшін, бояу құнын арзандату мақсатымен,
сонымен қатар борланған мен борланбаған қағаз өндірісінде
қолданылады.
Басылым ақшылдары (белила). Осы пигментті алу үшін алюминий
сульфаты мен карбонатын араластырады. Алюминий гидроксидін
тұндырған соң, барий хлориді ерітіндісін құяды, ол реакция нәтижесінде
пайда болған натрий сульфатымен әрекеттеседі, барий сульфаты тұнбасын
түзейді. Жоғарыда көрсетілген ақшыл полиграфиялық бояулар
толықтырғыштары ретінде қолданылады, олардың басылым қасиеттері өте
жоғары, ГОСТ 1715-83 стандарты бойынша, полиграфиялық түрлі түсті
бояулардың түс қанықтығын төмендеткіш ретінде шығарылады.
Аэросил (ақ күйе) – кремнийдің синтетикалық коллоидті
тотығы (SiO2), тығыздығы 1,95-2,25 г/см3, ақ ұлпа ұнтақ,
бөлшек өлшемдері 5-8 мкм, байланыстырғыш қосқанда
күліңгірт паста түзейді. Жайылуға қарсы паста құрамына
кіреді, мәселен 10-11 маркасы басу процесінде
білікшелермен бояудың шашырап кетуін болдырмайтын
құрал ретінде қолданылады.
Лактар – бұл қатты шайырлар мен алкидті полимерлердің
органикалық еріткіштердегі кебу дәрежесі әртүрлі немесе тіпті
кеппейтін ерітінді. Лактарды оның құраушыларын араластыра отырып
жылыту арқылы бір-біріне еріту арқылы алады. Офсеттік және
шығыңқы басылымға арналған бояу байланыстырғышы, әдетте көп
компонентті, оның бәрі бояуға жақсы басылым қасиетін беру үшін
қағазда бояудың тез кебуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Битум лагы – 20%битумнан, 80% МП-2 минерал майынан
тұрады. Шығыңқы ротациялық басудың қара бояуларын
жасау үшін қолданылады.
Канифоль-малеин лагы канифоль-малеин шайырынан,
мұнай майларынан (минералды майынан) алынады. Битум
лагына қарағанда тез кебеді. Түсі ашық, сондықтан
азғантай ғана түс келтірушілерді қажет етеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz