БУССОЛЬ
Презентация қосу
БУССОЛЬ
Орындаған: Әбіласан А.
М.
Тексерген: Аубакирова
Т. Н.
БУССОЛЬ — ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ МАГНИТТІК АЗИМУТТАРДЫ НЕМЕСЕ
РУМБТАРДЫ ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ АСПАП. ОЛ БҰРЫШТЫҚ
БӨЛІКТЕРІ БАР ДӨҢГЕЛЕКТЕН ЖӘНЕ ОНЫҢ ОРТАСЫҢДАҒЫ СҮМБІ ҰШЫНДА
АЙНАЛАТЫН МАГНИТ НҰСҚАРЫНАН ТҰРАДЫ. КӨЗДЕУ ҮШІН БУССОЛЬДІҢ
ДИОПТОРЛАРЫ БАР, ӨЛШЕУ КЕЗІНДЕ ОНЫ ШТАТИВКЕ ОРНАТАДЫ,
ПЛАНШЕТКЕ ҚОЯДЫ НЕМЕСЕ ҚОЛДА ҰСТАЙДЫ. БУССОЛЬДІҢ АНЫҚТАУЛАРЫ
ЕРЕКШЕ САҚТАЛАТЫН НОРМАЛЬ БУССОЛЬДІК КӨРСЕТКІШІМЕН ТЕКСЕРІЛЕДІ.
НОРМАЛЬ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БУССОЛЬДЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
АЙЫРЫМ БУССОЛЬДІҢ ТҮЗЕТУІ ДЕП АТАЛАДЫ. ДӨҢГЕЛЕК БУССОЛЬ НЕМЕСЕ
БУССОЛЬ-БАҒДАРЛАУЫШ, ӘДЕТТЕ, ДӘЛ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ
ТЕОДОЛИТТЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫНДА БОЛАДЫ. ТЕОДОЛИТ ПЕН МАГНИТТІК
АЗИМУТТЫ АНЫҚТАУ ҮШІН АЛИДАДАНЫ 0 С ЕСЕПТЕУІНЕ ҚОЙЫП, ҚЫСҚЫШ
БҰРАНДАСЫМЕН БЕКІТЕДІ ДЕ, АСПАПТЫ АЙНАЛДЫРЫП, БУССОЛЬ НҰСҚАРЫН
0°0' ЕСЕПТЕУІНЕ КЕЛТІРЕДІ. СОДАН СОҢ КӨРУ ДҮРБІСІНІҢ КӨЗДЕУ ӨСІНІҢ
БАСҚА БІР АЗИМУТТЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЛИМБТЕГІ ЕСЕПТЕУ КӨЗДЕУ
СЫЗЫҒЫНЫҢ МАГНИТТІК АЗИМУТЫНА ТЕҢ БОЛАДЫ.
ОРИЕНТИР-БУССОЛЬ — МАГНИТТІК МЕРИДИАНҒАҚАТЫСТЫ БҰРЫШ
ӨЛШЕУІШ ҚҰРАЛДЫҢ МЕЖЕБАЛДАҒЫН БАҒЫТТАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН
АСПАП. ГЕОДЕЗИЯДА, НАВИГАЦИЯДА ЖӘНЕ Т.Б. ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
БУССОЛЬДЫҚ ТҮСУ – ТӨМЕНГІ ДƏЛДІКТЕГІ ҚҰРАЛДАР ТҰСБАҒДАРДЫ
ҚОЛДАНЫП БАҒДАРЛАЙТЫН БҰРЫШТАРДЫҢ МАГНИТТІК АЗИМУТЫН
НЕМЕСЕ РУМБЫСЫН АНЫҚТАП, АРАҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ƏРТҮРЛІ ƏДІСПЕН
ӨЛШЕП ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ ШАҒЫН БӨЛІГІНІҢ СҰЛБАСЫН (ПЛАНЫН)
ҚҰРУ.
БУССОЛЬДЫҢ НЫСАНАЛАУ ЖАЗЫҚТЫҒЫ – БУССОЛЬДЫҢ КӨЗДЕЙТІН
ДИОПТОРМЕН ЗАТҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДИОПТРДЫҢ ЖІҢІШКЕ ҚЫЛЫ
АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ЖАЗЫҚТЫҚ.
ЕГЕР БУССОЛЬДЫҢ ЛИМБАСЫНЫҢ ГРАДУС САНЫ НОЛЬДЕН 360º-ҚА ДЕЙІН
БОЛСА, ОЛ АЗИМУТТЫҚ БУССОЛЬ, ЕГЕР НӨЛДЕН 90º-ҚА ДЕЙІН
БОЛЮЖНЫЙСА, РУМБАЛЫҚ БУССОЛЬ ДЕП АТАЛАДЫ.
БУССОЛЬДЫҚ ТҮСУ БАРЫСЫНДА БАҒДАРЛАЙТЫН БҰРЫШТАРЫНЫҢ МАГНИТТІК
АЗИМУТЫ НЕМЕСЕ РУМБЫСЫ АНЫҚТАЛЫП, АРАҚАШЫҚТЫҚТАРЫ ƏРТҮРЛІ ƏДІСПЕН
ӨЛШЕНЕДІ. ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫНДА НЕГІЗІНЕН АДРЯНОВ ТҰСБАҒДАРЫ,
СИРЕК ЖАҒДАЙДА АРТИЛЕРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ТУРИСТІК ТҰСБАҒДАРЛАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
АРТИЛЕРИЯЛЫҚ АК ТҰСБАҒДАРЫНЫҢ ҚАҚПАҒЫНДА АЙНАЛЫ БЕТТІҢ БОЛУЫ БІР МЕЗЕТТЕ
БАҒДАРЛАУ МЕН ЗАТҚА НЫСАНАЛАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІП АЗИМУТТЫ АНЫҚТАУДЫ
ЖЕҢІЛДЕТЕДІ. БӨЛІКТЕРГЕ БӨЛІНГЕН ҚОЗҒАЛМАЛЫ ШЕҢБЕР ЕСЕПТЕУДІҢ ДƏЛДІГІН
ЖЕҢІЛДЕТЕДІ. ҚАҚПАҚТЫ ЖАПҚАНДА БАҒДАР СЫЗЫҚТЫ ТЕЖЕУ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ
ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ЛИМБАНЫҢ БӨЛІНУІ 1-00 АРТИЛЕРИЯЛЫҚ БҰРЫШ ӨЛШЕМІМЕН БЕРІЛГЕН.
ҚАРАПАЙЫМ ТҰСБАҒДАРДАҒЫ ГРАДУСТАРЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ БҰРЫШТАРДЫ ДƏЛ
АНЫҚТАУҒА МҮМКІНДІК БЕРМЕЙТІНДІКТЕН ТҮСІРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗАМАН ТАЛАБЫНА
САЙ ЖЕТІЛДІРІЛГЕН КОМПАСТЫҢ ТҮРІ – БУССОЛЬДАР ҚОЛДАНАДЫ. БУССОЛЬ БЕЛГІЛІ БІР
НҮКТЕЛЕРДІҢ БҰРЫШТАРЫН ДƏЛ ӨЛШЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН ГРАДУСТЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІ БАР ЛИМБА МЕН МИНУТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ВЕРНЬЕР МЕН ҚАЖЕТТІ
НҮКТЕЛЕРДІҢ БҰРЫШЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН НЫСАНАЛЫ ДИОПТРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТІЛГЕН.
БУССОЛЬДІ ПАЙДАЛАНЫП ТҮСІРУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ƏДІСТЕРІ.
БУССОЛЬДЫҚ ТҮСІРУ БАРЫСЫНДА БЕЛГІЛЕУ, ПОЛЯРЛЫҚ, ПЕРПЕНДИКУЛЯР ЖƏНЕ
ЖАРМА ТƏСІЛДЕРІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
БЕЛГІЛЕУ ТƏСІЛІН ТҮСІРЕТІН НЫСАН ҚОЛЖЕТІМСІЗ БОЛҒАНЫМЕН, НЫСАНАЛАУ
СƏУЛЕСІ АРҚЫЛЫ СҰЛБАҒА (ПЛАНҒА) ТҮСІРУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕТІН НЕГІЗГІ ЖҮРІП
ӨТУДІҢ ЕКІ НЕМЕСЕ ҮШ НҮКТЕСІНЕН КӨРІНЕТІН ОРЫНДАРДА ОРНАЛАСҚАН ЖАҒДАЙДА
ҚОЛДАНЫЛАДЫ. БҰЛ ЖАҒДАЙДА ҚАЖЕТТІ НЫСАНДЫ БІР НҮКТЕДЕН БЕЛГІЛЕП, СОДАН
СОҢ НЫСАНАЛАУДЫ ЕКІНШІ НҮКТЕДЕН ҚАЙТАЛАЙДЫ ДА, БАҒЫТТАЛҒАН ЕКІ БАҒЫТТЫҢ
ТҮЙЛІСКЕН ЖЕРІНДЕ ТҮСІРІЛЕТІН НЫСАННЫҢ ОРНЫН БЕЛГІЛЕЙДІ.
ПОЛЯРЛЫҚ ƏДІС ТҮСІРІЛЕТІН АУМАҚ ЖАҚСЫ КӨРІНЕТІН ОРЫНДА ОРНАЛАСҚАН БІР
НҮКТЕДЕН ҚАЖЕТТІ НЫСАНҒА ДЕЙІН НЫСАНАЛАП, ЕКЕУІНІҢ АРАҚАШЫҚТЫҚТАРЫН
ӨЛШЕУГЕ НЕГІЗДЕЛЕДІ.
ПЕРПЕНДИКУЛЯРЛАР ТƏСІЛДЕРІ БҰЛАҚТАР МЕН ОРМАН ШОҚТАРЫ
ИРЕКТЕЛГЕН КЕСКІНДЕРІ, ІРІ НЫСАНДАРДЫҢ ҚОРШАУЛАРЫ СИЯҚТЫ
НЫСАНДАРДЫ ТҮСІРУ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАДЫ. БҰЛ НЫСАНДАРДЫҢ
БАРЛЫҒЫНЫҢ КЕСКІНДЕРІ КҮРДЕЛІ БОЛУЫМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕТІНДІКТЕН
ОЛАРДЫҢ НАҚТЫ ПІШІНІН ЖҮРІП ӨТЕТІН ЖОЛ МЕН НЫСАНҒА ДЕЙІНГІ
АРАҚАШЫҚТЫҚТЫ ПЕРПЕНДИКУЛЯР ТҮЗУ ӨЛШЕУЛЕР АРҚЫЛЫ ҒАНА
АНЫҚТАЙДЫ. ОЛ ҮШІН ЖҮРІП ӨТЕТІН ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ТҮСІРЕТІН ƏР
НҮКТЕДЕН КЕСКІНІ КҮРДЕЛІ НЫСАНҒА ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТЫ ӨЛШЕП БЕЛГІЛІ БІР
МАСШТАБПЕН АЛЫНҒАН СҰЛБАҒА (ПЛАНҒА) ТҮСІРІП ОТЫРАДЫ.
ЖАРМА ТƏСІЛІ ҚОРШАУ, ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ СИЯҚТЫ ЖҮРІП ӨТУ ЖОЛДАРЫНА
ҚАТЫСТЫ АЛҒАНДА БЕЛГІЛІ БІР БҰРЫШ ТҮЗЕ ОРНАЛАСҚАН ТҮЗУ СЫЗЫҚТЫ
ТЕЛІМДЕРДІ НЕМЕСЕ ЖЕЛІЛІ СЫЗЫҚТАРДЫ ТҮСІРУ БАРЫСЫНДА ҚОЛ
ДАНЫЛАДЫ. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕГІ БІР ТҮЗУДІҢ БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН КӨЗ ГЕ
КӨРІНЕТІН ЕКІ НЫСАНДЫ (НҮКТЕНІ) ЖАРМА ДЕЙМІЗ. ЖҮРІП ӨТУ СЫЗЫ ҒЫНЫҢ
(АВ) БОЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН ШЕКАРАСЫ ТҮЗУ БҰРЫШТЫ БОЛАТЫН ТҮСІРУДІ
ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЖАРМАНЫ ТАБУҒА БОЛАДЫ.
Ұқсас жұмыстар
СЫЗЫҚТАРДЫ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ МАГНИТТІК |
ТУРА ЖӘНЕ КЕРІ АЗИМУТ |
Сызықтарды бағдарлау |
Теодолит құралы, түрлері,құрлысы |
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz