АУДАН ОРТАЛЫҒЫ - АСА АУЫЛЫ

Жамбыл облысы- Аса ауылы

Жамбыл ауданы - Жамбыл облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 4, 3 мың км². Аудан орталығы - Аса ауылы.
Аса - Жамбыл облысы Жамбыл ауданының (1973 жылдан) және Аса ауылдық округі орталығы, темір жол бекеті

КлиматЫ
Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -6 - °С, шілдеде 22 - 26°С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 250 - 400 мм. Аудан жерімен Талас, Аса өзендері ағып өтеді; Бөгеткөл, Сұлукөл, Сеңгірбай, Көкіш көлдері бар. Жері таулы-шалғынды, шалғынды-сұр, шалғынды-батпақты келеді. Онда жусан, жантақ, сораң шөп, қамыс, құрақ, бұталы өсімдіктер, т. б. өседі. Ақ бөкен, арқар, қоян, түлкі, қасқыр, шиебөрі, қырғауыл, т. б. мекендейді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары (гипс, әктас, т. б. ) өндіріледі. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 412 мың га, оның ішінде жыртылған жері 156, 4 мың га, шабындығы 7, 2 мың га, жайылымы 325, 5 мың га. Аудан жерімен Шымкент - Тараз, Тараз - Қаратау - Жаңатас т. Ж., Шымкент - Тараз, Тараз - Ақкөл - Саудакент автомобиль жолдары өтеді.

Облыс орталығы - Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде, Аса өзенінің аңғарына жақын орналасқан.
Тұрғыны 82 902 адам (2019) . Ұлттық құрамы: қазақтар (70, 20%), дүңгендер (9, 79%), күрдтер (6, 08%), түріктер (5, 07%), орыстар (4, 15%), басқалары (4, 72%) .

Тарихы Өңдеу
Іргесі 1941-1942 жылдары Жамбыл-Қаратау темір жолын салуға байланысты қаланған. Аса арқылы Тараз - Ақкөл - Саудакент автомобиль жолы өтеді. Аса ауылы Қырғыз Алатауынан бастау алып, тау асып келіп, кезінде асу бермей ағып жатқан кемері кең Аса өзенінің атымен аталады, ал Аса өзені - Аса ауылының оңтүстік жағынан ағып өтеді. [1]

Аудан 1928 жылы Әулиеата ауданы атымен (шамамен 946-992 жж. Өмір сүрген Қарахан әулетінен Әулиеата атанған екінші ханның мекені болған) Сырдария өлкесінің құрамында өмірге келген. Аудан орталығы Әулиеата қаласында болған. Бұл - Кеңестер Одағының жер-жерде коллективтендіру науқанын жүргізе бастаған шағы. Аудан алғаш құрылғанда 18 ауыл шаруашылық артелі жұмыс істеген. [5] 1932 жылдың 20 ақпанында Сырдария өлкесі Қызылорда, Түркістан облысы болып екіге бөлініп Әулиеата ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында қалды. Ал, 1936 жылдың 10 қаңтарында Әулиеата ауданы сол кездегі Қазақстанның басшысы Мирзоянның есімімен аталды. Қазақтар «Мырзажан» немесе «Мырзабала» атаған. Мирзоян 1938 жылы халық жауы болып ұсталып кеткен соң, ауданға осы жылдың 1 шілдесінде қазақ халқының Гомері атанған ұлы Жамбылдың есімі беріледі.

1939 жылдың 14 қазанында Жамбыл облысы Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлініп шығып, өз алдына облыс болып құрылды. Жамбыл ауданы осы облыстың құрамында қалды. Орталығы да Жамбыл қаласының өзінде болды. Осы жылы ауданның құрамында Ақбұлым, Ақжар, Ақкөл, Аса, Берікқара, Бесағаш, Билікөл, Головачевка, Гродеково, Есентөбе, Қаратөбе, Қараөзек, Қостөбе, Полатқосшы сияқты 15 ауылдық кеңес жұмыс істеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz