Пациентпен және оның отбасымен жұмыс істеудегі коммуникация негіздері


Slide 1

Презентация

Тақырып: « Пациент және оның отбасымен жұмыс жасауда коммуникация негіздері. »

Дайындаған: Зайниддинова Динора

Қабылдаған: Тасқынова М. А

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

Дәрігердің коммуникативтік дағдылары

Пациент пен дәрігер ортасындағы қарым қатынас

Науқастың отбасымен дәрігердің қарым қатынасы

3. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз.

Slide 4 Slide 5

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағандықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амандардың да саны артты. Диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмыс бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.

Slide 6 Slide 7

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.

Slide 8 Slide 9

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

Slide 10

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Slide 11

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.

Slide 12 Slide 13

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т. б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Slide 14

Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы.

Slide 15

Вербальды емес коммуникация - қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу) . Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.

Slide 16

Науқас адамның ауруын анықтауда, тиімді емшараларын тағайындап, іске асыруда, оның нәтижесі оңды болуы дәрігердің адамгершілік қасиеттеріне, басқа адамдармен қарым-қатынас құра білуіне, яғни коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесені байланысты. Ал, дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін қалай бағалауға болады?

Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Науқас пен оның туыстарымен коммуникация негіздері және қайғылы ақпаратты жеткізу қағидалары
Медициналық қызметте отбасымен қарым-қатынастың негіздері мен танысу әсері
Отбасымен жұмыс істеудің стратегиялары мен жаңа формалары: тренингтер және стратегиялық жоспарлау
Мейірбикенің коммуникативтік дағдылары және пациентпен тиімді қарым-қатынас
Отбасымен жүргізілетін жұмыс пен оқушымен тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру: әлеуметтік педагогтың тәсілдері мен нәтижелері
Стартаптардағы коммуникация арналары және офлайн арналарды таңдау негіздері
Қиын өмірлік жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету: әлеуметтік қорғау, оңалту және отбасымен жұмыс әдістері
Басқарудағы коммуникация: рөлі, түрлері, коммуникация процесі және кедергілерді жою әдістері
Балабақша қызметкерлерімен психологиялық жұмыс: коммуникация, коррекциялық әдістер және психогеометриялық бағалау
Жетекшілік қызмет және оның әлеуметтік-психологиялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz