Ұлттық өрнек негізінде фирмалық бала-бақша жобасын әзірлеу: дизайн тарихы, теориясы және практикалық қолданылуы


Slide 1

Ұлттық ою-өрнек негізінде балабақша жобасын фирмалық стильде әзірлеу.

Әбдікәрім Салтанат Оразгелдіқызы

Slide 2

Дизайн концепция түсінігі

Дизайнның тарихы мен теориясына кіріспе. Введение в историю и теорию дизайна. ХIХ - ХХ-да шет елдердегі дизайнның тарихы. Авангардизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Неоклассицизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Модернизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Постмодернизм кезеңіндегі дизайн тарихы. Гипермодерн кезеңіндегі дизайн тарихы. Дизайн теориясы. Дизайннның мәні, мақсаты және мүмкікндіктері туралы түсінік, қоғам өмірінің өндірістік-экономикалық және мәдени сферасындағы оның орны жайлы түсінік қалыптастыру.

Пәнді оқытудан күтілетін нәтижелері: көркем процесттерде, заманауи дизайнның даму тенденцияларында жөн таба білу қабілеті және атақты дизайн шығармаларының авторлығын, уақытын және стилін анықтай ала білу қабілеті; дизайн шығармаларын тарихы, мәдени, теориялық және философиялық акпектілерде талдай жасай ала білуі керек; практикалық дизайнерлік қызметте білімді қолдана алу білу қабілеті; дизайн туралы философиялық-теориялық білімді тарихи және заманауи практикалық материалмен байланыстыра білу қабілеті; дизайн мәдениетінің кәсіби логикасын меңгеру.

Slide 3

МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: ұлттық дизайнды теориялық қабылдау саласындағы білімді қалыптастыру, оның негізгі бағыттары, ұлттық дизайндағы тарихи және қазіргі заман стильдері мен бағыттары туралы негізгі идеялар.

Міндеттері: ұлттық дизайнның көрнекті туындыларының көркемдік ерекшеліктерін, эстетикалық құндылықтарын және философиялық маңыздылығын зерттеу; дизайн саласындағы негізгі теориялық мәселелерді зерттеу; әлемдік және ұлттық мәдениет, техника және өнер мұраларын, сондайақ ғылымның тиісті салаларын меңгеру.

Ұлттық дизайн тарихы мен теориясына кіріспе. ХІХ-ХХ ғасырдың кезіндегі ұлттық дизайн тарихы. Ұлттық дизайн тарихы. Этностықтардың дамуы. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі ұлттық дизайн тарихы. Ұлттық дизайнның мәні, мақсаты мен мүмкіндіктері, оның Қазақстандағы қоғамдық өмірдің өндірістік, экономикалық және мәдени салаларында орны.

Ұлттық дизайнды дамытудағы көркемдік үдерістерді, үрдістерді білу және ұлттық дизайнның ең әйгілі туындыларының стильдерін, уақытты және авторлықты анықтау; тарихи, мәдени, теориялық және философиялық аспектілерде ұлттық дизайн жұмыстарын талдай білу; тәжірибелік конструкторлық іс-әрекеттегі білімін қолдану мүмкіндігі; ұлттық дизайн саласындағы көркемдік және жобалық қызметтің заманауи практикалық материалдарымен жұмыс істеу мүмкіндігі.

Slide 4

Құрылымы, Қолданылатын технологиялар

ОЮ-ӨРНЕКТІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП Сәулеттік мәннің қалыптасуы мағыналы идея жағынан да, материалдық және функционалдық талаптарға сай. Суперграфиканың иллюзиялық сурет берудегі және сыртқы мен ішкі көріністің 3D эффектісімен қалыптасуы.

- жағдайды анализдеу, обьектті зерттеуді қабылдауды меңгеру.

- 3D эффектті шығара алу;

- перспективті қысқарту, кеңістіктік иллюзиялық сурет ерекшелігін түсіну;

- суперграфикамен синтездеуде рельф және жеке фактураны шығара алу;

- обьект алдын безендіруде ойды іске асыра алу. Жарнама және баспа графикасы Магистратура пәндері.

интерьердегі түстердің үйлесімді үйлесуін білу;

түстің тоналдығы мен қанықтығына жарық пен факрунаның әсер етуін білу, адамға түстің әесер етуінің негізгі заңдылықтарын түсіну;

жобалық қызметте түстік заңдылықтардың анықталуын есепке ала отырып, эксперименттік тексеру әдістемесін меңгере білу;

бағалау әдістемесін және интерьердің түстік ортасын қалыптастыруды меңгеру.

Slide 5

Диссертация бойынша Ізденістер

ИБРАЕВА МАГРИПА КУРМАНБЕКОВНА - Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту тақырыбында Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясында

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың теориялық негіздері айқындалса, моделі мен оны жүзеге асырудың эксперименттік кешенді бағдарламасы жасалып, оның тиімділігі тәжірибеде тексерілсе, онда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігі артады, өйткені қазақ халық шығармашылығының айтуға жеңіл ауыз әдебиеті үлгілері, қимыл-қозғалысқа икемді би элементтері, ойы мен денесін дамытатын ойын түрлері, дүниетанымға ықпалы мол қолөнер туындылары олардың қоршаған ортасын тануға құштарлығын арттырып, тілі мен ойын дамытуға тікелей ықпал етеді.

Зерттеудің мақсаты: ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытуды теориялық негіздеу, моделін, эксперименттік бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру.

Slide 6

ТУЯКБАЕВА АЙГУЛЬ ШАЙМУРАТОВНА- Қазақ кино өнеріндегі салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтардың көрінісі тақырыбы бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясында кино әлеміне рхани құндылықтарымызды көбейтіп және ерекшелендіріп көрсету мақсатын айқындап көрсетілген. Еліміздің құндылықтарының ерекшелерінің бірі ою-өрнек болып табылады.

Ұлттық руханият категориясын пайымдаудың алғышарттары Әрбір халықтың рухани құндылығын құрайтын өнер мен мәдениеттің түп тамыры сол елдің, сол ұлттың пайда болу және қоғамдық даму барысында қалыптасқан ата-баба салты мен дәстүрінде жатқаны белгілі. Бұл ерте дәуірлерден басталып, уақыт өткен сайын әртүрлі өзгерістерге түсетіні заңдылық. Жалпы өнердің барлық түрінің: театр, музыка, қолөнер, сәулет, кино, т. б. қоғам өміріндегі синтезі және өзіндік атқаратын функциясы тұтас алғанда руханилықты байқатады. XIX ғасырдан бүгінгі күнге дейін жетіп, қарқынды дамудың нәтижесінде адам өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айналып отырған кино өнерінің де рухани құндылығы өзге өнерлерден кем емес. Кино өнерінің қоғаммен және адаммен тығыз байланысын, оның көрерменге берер тәрбиелік-тәлімдік функциясын зерделей отырып және қандай кейіпкері болмасын оның экран алдындағы болмысын шынайы бедерлеуге күш салып жүрген актерлердің шығармашылық ізденістерінен, олардың экран алдындағы сөз саптауы мен мінез-құлқынан, әрекет-қимылынан бүгінгі өскелең ұрпақтың бейнесін көруге болады. Дегенмен көркемдік деңгейі жоғары, шығарма идеясының ақ пен қараның ара салмағын ажырата білетін мәдени орта қалыптастыруға ықпал етудегі маңыздылығын айқындау міндетіміз. Себебі, мұның барлығы руханилық мен мәдениеттілікке, дәстүр мен әдет-ғұрыпқа тікелей қатысты.

Slide 7

ОЮ-ӨРНЕК ТҮРЛЕРІ


Ұқсас жұмыстар
Бала-бақша ауласын көгалдандыруды жоспарлау: дизайн және өсімдік таңдау негіздері
Кітапханалық дизайн: архитектура, интерьер және фирмалық стильдің әлемдік үздік жобалары
Отбасы мен бала бақша арасындағы ұйымдастырушылық-педагогикалық өзара әрекеттестік
Көркем өрнек салу: батик, гжель және хохлома - тарихы, түрлері және технологиясы
Дербес жерсеріктік радиобайланыс және GPS навигациясының теориясы, тарихы мен практикалық қолданылуы
Бұлшықет биомеханикасы: тарихы, принциптері және практикалық қолданылуы
Тірек және бөлу торлары: ғимарат жобасын дайындаудың әдістемесі
IQ: анықтамасы, тарихы, өлшемдері және практикалық қолданылуы
Блум таксономиясы негізінде қазақ ауыз әдебиеті үшін мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу
Пифагор теоремасының тарихы мен практикалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz