Екіншілік профилактика




Презентация қосу
“Астана медицина университеті” КеАҚ
Дәлелдемелі медицина курсымен жалпы
дәрігерлік практика кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік маңызы бар аурулардың ерте диагностикасы мен алдын алу
қағидалары, қауіп факторларын айқындау. Скринингтік бағдарламаларды ұйымдастыру,
жүргізу және бақылау.

Орындаған: Хибадат Жанбота
Топ: 527
Тексерген: Келимбердиева Э. С.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік маңызы бар аурулардың қауіп
факторларын анықтау
2. Профилактика түрлері
3. Скринингтік бағдарламаларды ұйымдастыру.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Әлеуметтік маңызы бар аурулар
•Туберкулез
•Адамның иммунды тапшылық вирусының
тасымалдаушысы және адамның адамның иммунды
тапшылық вирусымен шақырылған аурулар.
•Вирусты гепатит В, С
•Қатерлi жаңа түзiлiмдер
•Қантты диабет
•Психикалық бұзылыстар және мiнез-құлықтық
бұзылыстар
ДДҰ концепциясына сай
Денсаулықты нығайту ( health promotion ) — бұл, денсаулықты нығайту мен қадағалауға
көмектесетін үрдіс. Денсаулықты нығайтудың негізгі принциптері: шешім қабылдайтын
қызметкерлердің сенімдігі, сектораралық ынтымақтастық, халықтың бұл бағытқа қарай
жылжуы, тұрғылықты бірлестіктердің «тек адамдарға емес, бірақ адамдармен бірге«
қағидасына сай жұмыс істеуі. Денсаулықты нығайту жұмысның ең негізгісі ол халықтың өз
денсаулығына жағымды көз қараста қарауы болып саналады.

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың дамуына әсер
ететін факторлар
•Тұқым қуалау
•Шылым шегу
•Артық салмақ
•Гипотрофия
•Гиподинамия
•Стресс
•Қан қысымның жоғарлауы
•Тамақ режимін бұзу
Профилактика
Халықтың денсаулығын қорғау мен нығайту негізінде аурулардың профилактикасы (diseases
prevention) — Адам денсаулығындағы ауытқулар мен аурулардың дамуын, өршуін тоқтатуға, алдын
алуға, және ауырып қалу рискі мен аурудың зардаптарын азайтуға бағытталған медициналық және
медициналық емес жүйе шаралары.

Профилактика түрлері
•Біріншілік профилактика - аурудын дамуы мен даму факторларын алдын алатын шаралар жүйесі
(вакцинация, еңбектің және демалыстың тиімді режимі, тиімді және сапалы тамақатну, физикалық активтілік,
қоршаған ортаны қорғау және т. б.). Іс шаралардың бір қатары түрлері мемлекет көлемінде жүзеге асырылады
•Екіншілік профилактика - аурудың пайда болуы мен ұшығуына және рецидивіне әкеп соқтыратын
факторларын жоюға бағытталған компелексті шаралар жүйесі ( стресс, иммунитеттің әлсіреуі, кез келген ағза
жүйесіне әдеттен тыс жук түскенде ) Екіншелік прфилактиканың ең эффективті тәсіліне диспанцеризация
жатады. Диспанцеризация ауруды алдын алуға, емдеуге және динамикалық бақылауға бағытталған комплексті
шаралар жүесі,
•Үшіншілік профилактика - кейбір мамандар үшіншілік профилактиканы аурудын
реабилитациясына бағытталған компелексті шаралар жүйесі деп анықтайды
Біріншілік профилактика — Әр индивидттің кәсіптік, жастық, әлеуметтік және
аумақтық ерекшеліктеріне сай ағза жүйесі жұмысының ауытқуларын алдын алуына
бағытталған медициналық және медициналық емес комплексті шаралар.
Біріншілік профилактикаға әр түрлі компоненттер кіреді :
• адам ағзасына кері әсері бар факторларды төмендету ( атмосферадағы ауа, ауыз
судың, тамақтану спасын көтеру, демалыс пен жұмыс істеу, өмір сүру деңгейіне әсері
бар факторлар), экологиялық және санитарлық-гигиеникалық скрининг өткізу ;
Екіншіліктік профилактика
• салауатты өмір салтын қалыптастыру ;
• денсаулыққа креі әсері бар мінез - құлық және басқа да факторларды
анықтау мен алдын алу мақстаныда прфилактикалық медициналық
қаралулар жүргізу
•әр түрлі халықтық топтарға арналған иммунопрофилактика жүргізу;
Біріншілік профилактиканың ең басты компоненті салауатты өмур салтын
қалыптастыру болып саналады

Екіншілік профилактика
Кез келген аурудың дер кезінде пайда болуын, ұшұғуын, шиеленісуін,
созыламлыға ауысуын, тіршілік әрекеттерінің шектеулерін және әлеуметтік
дезадаптациясына соқтыратындерттерді анықтауға мен алдын алуға
бағытталған медициналық, әлеуметтік, психологиялық, санитарлы -
гигиеналық комплексті шаралар жүйесі
• жеке әр бір ауруды және оның жанұя мүшелерін нақты бір ауруға байланысты білімдер мен
дағдыларға үйрету, топтық және идивидуальдік консультациялау, мақсатты санитарлы -
гигиеналық тәрбие беру ;
• жеке әр бір ауруды және оның жанұя мүшелерін нақты бір ауруға байланысты білімдер мен
дағдыларға үйрету, топтық және идивидуальдік консультациялау, мақсатты санитарлы -
гигиеналық тәрбие беру ;
• керекті емдеу сауықтыру шараларды жүргізу мен аурудың дамуы мен денсаулық
динамикасын бағалау мақсатында диспансерлік медициналық бақылауларды жүргізу ;
• мақсатты сауықтыру мен профилактикалық емдеу курстарын жүргізу, соның ішінде емдік
тамақтану және санатролы - курортық, емдік массаж бен басқа да емдік профилактикалық
шаралар ;
• денсаулық жағдайына байланысты медико - психологиялық адаптациялқық жұмыстарды
жүргізу
Үшіншілік профилактика
Үшіншілік профилактика немесе реабилитация — адамның тіршілік әрекетімнің шектеулері
мен жоғалтқан функцияларына байланысты әлеуметтік және кәсіби мәртебенің шектелулерін
жоюға мен компенсацияға бағытталған медициналық, психологиялық, педагигикалық,
әлеуметтік шаралар жиынтығы.
Скрининг (ағыл. screening — «жинақтау, іріктеу») — клиникалық
белгілерсіз ауруларды жеке тұлғаларда анықтауға бағытталған
денсаулық сақтау ұйымының стратегиясы. Скрининг (Screening) сөзі
«іріктеу, таңдау, анықтау» деген мағынаны білдіретін пікір кең
тараған. Мамандық және ғылыми менеджментте, мүмкін, солай да
шығар.
Бірақ бұл сөздің басқа да аудармалары бар, яғни: «қорғаныс»,
«қандайда бір қолайсыз жағдайдан шектеу». «Скринингтік зерттеу»
ұғымының түпнегізінде осы түсінік жатыр.
Скрининг принциптері - негізгі қағидалар
•Ауру маңызды медициналық мәселе ретінде танылуы керек;
•Аурудың емі болуы тиіс;
•Ауруды емдеу және диагностикалау мүмкіндігі қол жетімді болуы
тиіс;
•Аурудың жасырын кезеңі болуы керек.
•Ауруды зерттеу әдістері болуы керек.
•Зерттеу әдістері халық арасында қолдануға жарамды болуы қажет;
•Аурудың шынайы ағымын адекватты түсіну қажет;
•Емдеу қажеттілігі кезінде келісілген саясат болуы керек;
•Ауруды анықтау барысында жұмсалған шығындар жалпы
шығынмен теңдестірілген болуы керек;
•Скрининг« бір-ақ рет» емес, үздіксіз жүргізілуі қажет.
СКРИНИНГ ӘДІСТЕРІ

Қант диабеті және ЖҚА ауруларын анықтау үшін қандағы глюкоза мен жалпы холестеринді
анықтау мақсатында экспресс-диагностика өткізу.
Туберкулез ауруын анықтауда терілік туберкулинді сынама кең таралған (Манту реакциясы ).
Депрессияны диагностикалау үшін Бека депрессиялық шкаласы скринигтік тест ретінде
қолданылады.
Папаниколау тесті — жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын -алу және ісік алды жағдайларды
анықтауда қолданылады.
Маммография — сүт безі қатерлі ісігін анықтауда қолданылады.
Колоноскопия — колоректальды қатерлі ісікті терістеу үшін қолданылады
Дерматологиялық қарау меланоманы терістеу үшін қолданылады.
Скринингтік бағдарлама мақсаты:
Тұрғындар арасындағы мақсатты топтарда профилактикалық медициналық қарауларды өткізудің
негізгі мақсаты - ауруды ерте сатысында анықтау, ауруды тудыратын қауіп-қатер факторын анықтау
, халықтың денсаулығын нығайту.
Скринингтік қараудың нәтижесінде ересектер келесі «динамикалық қараудағы топқа» бөлінеді:
•1 денсаулық тобы қатер факторы жоқ – қарау кезінде ешқандай шағымы, анамнезінде созылмалы аурулары,
жеке ағзалардың қызметінің бұзылуы анықталмаса, ол–IА диспансерлік тобы (ары қарай – Д-IА);
•2 денсаулық тобы қатер факторлары бар – бақылауға және профилактикалық қарауға мұқтаж «шектелген»
қауіп факторы бар науқастар ( адам организмінің функционалдық жағдайына аса қауіпті әсер етпейтін
артериальді қан қысымының аздап жоғарылауы және басқа да физиологиялық ауытқулар ), IБ диспансерлік
тобы (ары қарай – Д-IБ);
•3 тәжірибе жүзінде дені сау адамдар тобы – анамнезінде соңғы жылдары өршусіз жедел және созылмалы
аурулары бар науқастар–II диспансерлік тобы (ары қарай – Д-II);
•4 науқастар тобы –емге мұқтаж тұлғалар – III диспансерлік топ (ары қарай – Д-III).
Ересек адамдар арасындағы мақсатты топтарға келесі сатылар бойынша скринингтік қарау жүргізіледі :
1) Даярлық - мақсатты топтарды қалыптастыру, оларды ақпаратпен қамтамасыз ету және скринингке
шақыру. Даярлық сатысында профилактикалық шаралар орта буынды медициналық қыметкерімен
медициналық пунктте, дәрігерге дейінгі кабинетте, фельдшер-акушерлік пунктте, профилактика және
әлеуметтік-психологиялық көмек амбулаториясында, ауылдық, аудандық, қалалық емханаларда
жүргізіледі.
Балалар арасындағы мақсатты топтарға скринингтік қарау орта буындағы медициналық қызметкермен:
мектепке дейінгі мекемелерде,білім беру мекемелерінде және дәрігер-педиатрмен,жасөспірім дәрігерімен,
жанұялық дәрігермен, ЖТД-мен БМСК меекмесінде; арнайы маман дәрігерлерімен, педагог-психологпен
жүгізіледі.
•Ересек адамдар арасындағы мақсатты тобында келесі мамандар бойынша скринингтік қарау жүргізіледі:
аймақтық дәрігер/ЖТД (ары қарай – БМСК дәрігер), дәрігерге дейінгі профилактикалық және әлеуметтік-
психологиялық көмек көрсететін БМСК бөлімшесінде, орта буынды немесе дәрігермен, БМСК бойынша
мамандандырылған дәрігермен.
•3) қорытынды – патологиясы анықталған науқастарды қосымша зерттеу, диспансерлік есепке алу және
есептік-статистикалық құжаттарды рәсімдеуді аяқтау.
•Бұл сатыда БМСК-ның профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық бөлімінің дәрігері
профилактикалық қараудың статистикалық формасына тұрғындар арасындағы мақсатты топтарда
анықталған қорытындыларды қауіп факторын негіздей отырып қорытынды диагнозды енгізеді, қосымша
зерттеулер жүргізу бойынша нұсқаулар береді. Бұл форма қорытынды диагноз жазылғаннан кейін ғана
аяқталды деп есептеліп, скринингтік қараудың электронды базасына енгізілуі үшін медициналық
статистика бөлімшесіне жіберіледі.
Қант диабеті және қан айналым жүйесі аурларын ерте анықтауға бағытталған скринингтік қарау өткізу
алгортимі:
1) Мақсатты топқа мына жастағы ерлер мен әйелдер жатады:18, 25, 30, 35, 40 жас, 40тан- 64 жасқа дейін – 2
жылда 1 рет, артериальды гипертониямен жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен диспансерлік
есепте тұрмайтын адамдар жатады.
2) Скринингтік қарауды өткізу сатылары келесі кезеңдерден тұрады:
•бірінші кезең БМСК мекемесінің/алдын-алу шараларын және әлеуметтік-психологиялық БМСК
бөлімшесінің орта буынды медициналық персоналымен өткізіледі, барлық мақсатты топтар қатысуы
керек және құрамына кіреді :
•025-08/е; формасын толтыру
•антропометриялық өлшемдерді жүргізу (салмақ, бой, мықын өлшемі), Кетле индексін есептеу;
•скрининг-тест бойынша сауалнама өткізу;
•АҚҚ екі реттік өлшеу, сонымен қатар науқасқа ескерту қажет; өлшеу алдында 1 сағат ішінде кофе немесе
ащы шәй ішпеу, 30 мин шылым шекпеу, симтопатомиметиктер қолданбау, мұрын және көз тамшыларын
тамызбау;
•Қандағы глюкозаны анықтау және холестеринді анықтау үшін экспресс – диагностика жасау;
•Екінші кезең тек көрсеткіш болған жағдайда жасалады .
•3) БМСК дәрігері/ БМСК мекемесінің профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің
дәрігері:
•Қауіп факторы болмаса келесі скринингтік қаралуды негізгі ережелердің 2-ші қосымшасына сай
кезеңділікпен өтуді ұсынады.
•Екі және оданда көп қауіп факторы болса, науқасты ЭКГ, мамандар кеңесіне жолдайды ( шылым шегу,
ішімдік қолдану, Кетле индексі оң болғанда, ерлерде бел өлшемі – 94 см жоғары, әйелдерде-80 см жоғары,
САҚ – 140мм.с.б..,ДАҚ- 90 мм.с.б.) , яғни эндокринолог, кардиолог.
•4) Ауылдық, аудандық,қалалық емханалардың кеңестік-диагностикалық бөлімінің немесе кеңестік-
диагностикалық орталықтың кардиолог, эндокринолог дәрігері:
•Қажет болса қосымша зерттеу жүргізіп, нәтижесі бойыша арнайы мамандандырылған
(кардиологиялық, эндокринологиялық) орталық/ диспансерге жолдайды;
•Зерттеу қорытындыларын және ұсыныстарын профилактика және әлеуметтік-психологиялық
бөлім дәрігеріне, ол болмаса науқасты аймағы бойынша қарайтын ЖТД-не жібереді.
Сүт безі ісігі және ісік алды ауруларды ерте анықтау скринингін өткізу алгоритмі:
1) Мақсатты топқа: 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы сүт безі қатерлі ісігімен есепте тұрмайтын әйелдер
жатады;
2) орта медицина қызметкері БМСКК ұйымдары, дәрігерге дейінгі кабинетте, әлеуметтік-
психологиялық көмек және профилактикалық көмек кабинеттерінде жүргізіледі:
025-08/е формасы толтырылады;
7) БМСКК ұйымдары, дәрігерге дейінгі кабинетте, әлеуметтік-психологиялық көмек және
профилактикалық көмек кабинеттеріндегі дәрігер :
•М1 ( патологиясыз) –науқасқа келесі маммографияны 2 жылдан соң өту керектігін нұсқайды;
•М2, М3 (сүт безінің қатерсіз ісігі болса ) –науқасты ары қарай динамикалық бақылау үшін
ауылдық,аудандық,қалалық кеңестік-диагностикалық емхананың немесе кеңестік-диагностикалық орталықтың
маммолог, онколог кеңесіне жолдайды;
•М6 (верифицирленген патоморфологиялық сүт безі қатерлі ісігінде) –емделу және диспансерлік есепте тұру үшін
науқасты онкологиялық диспансерге онколог,маммологқа жолдайды;

8) Зерттеу нәтижесі мен науқасқа берілген нұсқамалар ары қарай ЖТД/учаскелік дәрігерге бақылау үшін
жібереді.
Қорытынды
Скрининг (ағыл. screening — «жинақтау, іріктеу») — клиникалық белгілерсіз ауруларды жеке тұлғаларда
анықтауға бағытталған денсаулық сақтау ұйымының стратегиясы. Скрининг (Screening) сөзі «іріктеу,
таңдау, анықтау» деген мағынаны білдіретін пікір кең тараған. Мамандық және ғылыми менеджментте,
мүмкін, солай да шығар.
Бірақ бұл сөздің басқа да аудармалары бар, яғни: «қорғаныс», «қандайда бір қолайсыз жағдайдан
шектеу». «Скринингтік зерттеу» ұғымының түпнегізінде осы түсінік жатыр.
Денсаулықты нығайту ( health promotion ) — бұл, денсаулықты нығайту мен қадағалауға көмектесетін
үрдіс. Денсаулықты нығайтудың негізгі принциптері: шешім қабылдайтын қызметкерлердің сенімдігі,
сектораралық ынтымақтастық, халықтың бұл бағытқа қарай жылжуы, тұрғылықты бірлестіктердің
«тек адамдарға емес, бірақ адамдармен бірге« қағидасына сай жұмыс істеуі. Денсаулықты нығайту
жұмысның ең негізгісі ол халықтың өз денсаулығына жағымды көз қараста қарауы болып саналады.
•Пайдаланған әдебиеттер
Шабалов, Н. П. Детские болезни / Н.П. Шабалов. - М.: Сотис-Мед, 1993.
•Стефанкина, Екатерина Большая энциклопедия. Детские болезни от А до Я / Екатерина
Стефанкина. - М.: Олма Медиа Групп, 2010
•Интернет желісі

Ұқсас жұмыстар
Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі
Психопрофилактика туралы түсінік және оның түрлері
Ана мен бала денсаулығын қорғау мақсатында жүргізілетін алдын-алу шараларын түсіндіру
АИВ инфекцияның берілу жолы
Перметрин кремімен өңдеу
Базальды туберкулезді менингит
АИВ - ИНФЕКЦИЯ
Мерез қоздырғыштары
Холера
Эндокард фиброэластозы
Пәндер