Медициналық қызметкерлер арасында АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары



АИТВ-инфекциясы - адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;

Медициналық қызметкерлер арасында АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары

Республикалық ЖИТС орталығының 2015 жылғы 22 шілдедегі №39 бұйрығы «Медициналық ұйымдардың эпидемиологтарына АИТВ жұқпасы бойынша әдістемелік нұсқаулық туралы»

Апаттық жағдай - биоматериалдардың немесе басқа да биологиялық субстраттардың жараланған немесе жараланбаған тері қабатына, шырышты қабатқа және жарақат кезінде түсуі

№ 1 апаттық жағдай үлгісі : тері қабаттарының зақымдалуы (кесіп алу, инемен зақымдалу)
Теріні кесіп немесе тіліп алғанда АИТВ-ны жұқтыру ықтималдылығы 0, 3-0, 5% құрайды.
Міндетті түрде:
Тез арада қолғапты шешу
Егер мүмкіндік болса, ағынды су астында қолды екі қайтара мұқият сабындап жуу
Бактерицидті пластырмен таңу
Орын алған апаттық жағдай туралы хабарлап, журналға тіркеу

№ 2 апаттық жағдай үлгісі: қанның дененің ашық бөліктеріне түсуі.
Жұқпасы бар қанның зақымдалмаған теріге түскен кезде АИТВ-ны жұқтыру ықтималдылығы 0, 05%-0, 15% құрайды.
Міндетті түрде:
Ең алдымен қолды және ластанған бөліктерді сабынмен жуу
Шырышты қабаттарға түскен кезде тез арада оларды ағынды сумен жуу
Егер ағынды су болмаса, қолға арналған залалсыздандыратын ерітінділер немесе антисептикалық майлықтарды пайдалану

№3 апаттық жағдай үлгісі : егер қан көзге, мұрынның шырышты қабатына немесе ауыз қуысына түссе.
Шырышты қабатқа түскен жұқпалы қаннан АИТВ-ны жұқтыру ықтималдылығы 0, 09%-0, 2% құрайды.
Міндетті түрде:
Егер қан көзге түссе, тез арада ағынды сумен 1-2 минут жуу
Қан мұрынның шырышты қабатына түссе, тез арада ағынды сумен 2 минут бойы жуу
Егер қан ауыздың шырышты қабығына түскен жағдайда тез арада 2 минут көлемінде ағынды сумен ауыз қуысын шаю

№4 апаттық жағдай үлгісі: қан халатқа немесе арнайы жұмыс киіміне тиген жағдайда
Арнаулы киімді мұқият шешу (ластанған жағын ішіне қарай орау)
Су өтпейтін қапқа салу
Тез арада кір жуатын орынға жеткізу
Кір жуатын орында дезинфекциялау (нұсқаулық бойынша)
Содан кейін ғана жуу
Лас киім астындағы теріні тазалау (№2 апаттық жағдай үлгісінде көрсетілгендей)
Аяқ киімді 2 рет дезинфекциялық ерітіндімен сүрту

№ 5 апаттық жағдай үлгісі : қан жабдыққа, үстел бетіне, еденге тигенде
Міндетті түрде:
Егер қан жабдыққа немесе жиһаз бетіне тисе, тез арада майлықты дезинфекциялық ерітіндіге салып, нұсқаулыққа сәйкес, бірнеше қайтара сүрту қажет.
Қан мен сұйықтық көп мөлшерде еденге немесе үстел бетіне төгілген жағдайда қолғаппен, шүберекті дезинфекциялық ерітіндіде сулап сүрту. Биосұйықтықты арнайы ыдысқа жинау.
Содан кейін ыдысқа 1:5 қатынасында дезинфекциялық ерітіндісін құю.
Ластанған жерді дезинфекциялық ерітіндіге батырылған бір реттік майлықпен өңдеу
15 минуттан кейін қайталау
Ластанған барлық құралдар (майлық, қолғап, т. б. ) медициналық қалдықтың
«Б» классына салынады.

АИТВ жұқпасын жұқтырудағы апаттық жағдай кезіндегі іс-әрекет алгоритмі
Зардап шегушіге көрсету қажет:
Апаттық жағдайлар кезінде қолданыстағы НҚА-лерде көрсетілген шараларды жылдам жүзеге асыру
Орын алған жағдай бойынша бас медбикені, директор орынбасарын немесе АИТВ/ЖИТС-ке жауапты маманды хабардар ету

Әкімшілік өкілдері мен АИТВ/ЖИТС-ке жауапты маманнның апаттық жағдай орын алғанда ұйымдастырылатын шаралар:
Апаттық жағдай салдарын жылдам анықтап, оны ұйымның апаттық жағдайлар журналына тіркеу
Апаттық жағдайда зардап шегушіні жедел диагностикалауды, ИФА әдісімен тестілеуге қан алуды және оны ЖИТС орталығына жеткізуді ұйымдастыру
Қадағалау және дұрыс шешім қабылдау үшін ЖИТС орталығының мамандары мен апаттық жағдай туындаған ұйымның басшыларын жедел хабарландыру

2
1
Егер пациентте -АИТВ-ға тестілеу нәтижесі теріс болса, онда медициналық қызметкер ПБП-ға жүргізілмейді.
Егер медициналық қызметкерде тестілеу нәтижесі оң болған жағдайда, қызметкерді АИТВ-инфекциясына байланысты қажетті көмек пен кеңес алу үшін ЖИТС орталығына жіберу қажет.
3
Егер медициналық қызметкерде тестілеу нәтижесі теріс болса, ал пациентте - оң болса, онда медициналық қызметкерге АРВ профилактикасының төрт апталық курсы жүргізіледі. Антиретровирустық препараттарды қабылдау апаттан кейін алғашқы 2 сағат ішінде, 72 сағаттан кешіктірмей басталуы қажет
ПБП (постбайланыстық профилактика) ұсыну тактикасы

Назарларыңызға рахмет!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz