Сарымсақты сақтау технологиясы




Презентация қосу
Сарымсақты сақтау
технологиясы. Дақыл
сақталғыштығының биологиялық
негіздері, сақтау жағдайлары,
тиімді қоймалардың түрлері

Орындаған: Жұмағұл А. ПВ-309Қ
Қабылдаған: Мажитова Р. С.
Сарымсақ (лат. Allium sativum) – амариллистер тұқымдасының жуа туысына
жататын адамзат кеңінен асқа, медицинада пайдаланатын көкөністің түрі.
Сарымсақ – пияз тұқымдастар тобына жататын көпжылдық шөп тәріздес өсімдік.
Өнімді топырақтың астына салады. Топырағы жұмсақ әрі құнарлы болса,
сарымсақтың басы да үлкейе түседі. Басы бірнеше бөліктерден құралады. Дәмі
ащы, иісі өткір. Күздік және жаздық деп бөлінеді. Көкөніс ретінде ас мәзірінде
бұрыннан көп қолданылады. Әсіресе, Шығыс және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс,
Солтүстік Африка елдерінің, сондай-ақ Жерорта теңізі тағамдарының негізгі
қоспасы.
Сарымсақты жерден қазып алған соң сабағын қырқып, күн сәулесіне бірнеше күн
жайып кептіреді. Сосын тамырын күйдіреді. Одан соң кастрөл түбіне ірі тұз салып
сарымсақты тамыр жағымен қойып шығады. Оның үстінен тағы ірі тұз салады да
сарымсақты бір-бірлеп қояды. Осы тәсілмен орналасқан сарымсақ жерқоймада
ұзақ сақталады. Сонымен қатар кептірілген сарымсақты 3 литрлік шыны банкіге
салып сақтауға да болады.
Сарымсақты дақыл сақталғыштығы және сақтау
жағдайлары
Сарымсақтың сақтау жағдайлары оның
пайдалану саласына байланысты:
1. Себінді – сарымсақты сақтаудың негізгі
мақсаты – бүршіктерінің бөлшектенуін жібермеу.
Ол үшін температура 0оС төмен немесе 20оС –
тан жоғары болуы керек. Сондықтан олардың
сақтау əдісі екі түрлі болады: салқын жəне жылы
əдісі.
Салқын əдіспен сақтау үшін тоңазытқыш керек,
ал жылы əдіспен сақтау үшін қыздырылатын
жылы қойма керек. Екеуінде шығарылатын
сарымсақ көп болады, аралас əдіспен сақтауға
да тиімді.Күзбен, көктемде, ауа райы жылы кезде
жылы əдіспен 18-20оС температурада, ал қысқы
кезде салқын əдіспен минус 1-3оС сақтайды.
2. Тұқымдық сарымсақты сақтау үшіе негізгі
мақсат бүршіктерінің бөлшектеніп, тұқымдық
өсімдік беруіне дайындалуға жағдай жасау.
Ол үшін температура 1 оС пен 15 оС жылылық
аралығында болуы керек. Ал ең қолайлы
температура 2-5оС жылылық. Температура 0оС тан
3. Азық-түліктік сарымсақты
сақтаудың негізгі мақсаты –
шығынын азайтып, сапасын
төмендетпеу. Ол үшін
тыныштық кезін барынша
ұзарту керек. Бұл мақсатқа
жету үшін ең қолайлы
температура 1-3 0 суықтық.
Үй жағдайында азық-
түліктік сарымсақты жылы
əдіспен 18 оС жылылық
температурада сақтауға
болады. Ауаның
ылғалдылығы 70-75%
шамасында болуы керек.
Жақсы піскен, құрғақ
сарымсақты 85-90%
ылғалдылықта сақтауға
Сақтауға арналған сарымсақты біріншіден қыздырып кептіру керек. Ол үшін ең қолайлы белсенді ауа
ауыстыру жүйесі бар қоймалар қажет. Сарымсақты қамбаларға 2-4 м биіктіктен орналастырып, астынан
қыздырылған жылы ауа үрлейді.
Алдымен сарымсақты -8-12 сағат бойы 45о дейін қыздырған ауамен үрлеп қыздырады.
Содан кейін ауаның температурасын 30-40 оС дейін төмендетіп, 5-6 күн бойы сарымсақты кептіреді.
Сарымсақты қоймаларға ыдысқа салып орналастыруға да болады. Себінді сарымсақ бен тұқымдық
сарымсақты сыйымдылығы 10-20 келілік жəшіктерге салған жөн. Ал, азық-түліктік сарымсақты
сыйымдылығы 200-300 келілік контейнерге салған тиімді.
Өзгертілген газды орта қалыптастыру үшін пияз бен сарымсақты полиэтиленді қапқа немесе
полиэтиленды астары бар жəшік, контейнерлерге салуға болады.
Сарымсақтың жақсы сақталуы үшін ауа
ылғалдылығы төмен болуы керек -75%
шамасында. Оның себептері:

2. Ауаның 4. Ауаның төмен
1. Сарымсақтың 3. Ауаның
ылғалдылығы ылғалдылығы
сыртқы бірнеше ылғалдылығы
жоғары піспеген
қабат құрғақ жоғары
жағдайда, сарымсақтың
қабықтары, жағдайында
сарымсақ пісіп-жетіліп,
оның құрамының микробиологиялы
тыныштық тыныштық
буланып, тез қ ауруларға
кезеңін тез жағдайына
солудан жақсы қолайлы жағдай
аяқтап өсе кіруіне себеп
қорғайды. туады.
бастайды. болады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Вегетативті көкөністерді сақтау ерекшеліктері
Сарымсақтың пайдасы
Пияз тұқымдастар
"С" дыбысы мен әрпі
Пияз бен сарымсақтың сабақ нематодасы
С дыбысы және әрпі
Ұзын өмір жолы
Көктем салаты
Ақпараттық технологиялар
Мектепке дейінгі ұйымда оқыту технологиялар
Пәндер