Сөз тіркестері



Синтаксис. Сөз тіркесі синтаксисі

Синтаксис туралы түсінік
Синтаксистің негізгі объектісі.
Синтаксистің салалары
Жоспар:

Синтаксис - грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең құқықты, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын нысандары тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, яғни сөз таптарының грамматикалық жүйесі мен құрылысын зерттейді.

Синтаксис грамматикалық ғылым ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді:
1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.
2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр-түрі қарастырылады.

Грамматикалық единицалар
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын - грамматикалық единицалар - тұтастықтар дейміз.
Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем.

Сөз тіркесі - сөз бен сөйлемнің арақатынасын шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан айырылатын қандай ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады.

Адам ойын білдірудің нгізгі формасы
Қарым-қатынас жасау
Сөлем құраудың материалдары
Сөйлем
Сөз тіркесі және сөз

В. В. Виноградов
Сөйлемді - предикативті
Сөз тіркесін - номинативті

Н. А. Баскаков
Сөйлем - абстракциялау
Сөз тіркесін - конкреттеу
Н. А. Баскаков

Өзара тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынадай белгілеріне қарау керек:
Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады,
Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса, мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады. Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады.
3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста жұмсалады

Сөз тіркесі
Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық екі мағыналы сөздің сабақтаса байланысқан тобын, сөйлем құраудың шоғырланған материалды бөлшегіне айтамыз.

Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болады. Ондайда әдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долданып, буырқанып. . . дегенде, Абай асау сөзін Терек (өзеннің аты) сөзімен тіркестіріп айту арқылы ол өзеннің көркем бейнесін көз алдыңа
елестете қояды.
Метафоралық тіркес

Еркін тіркес
Жақсы, биік, ақылды сөзін толып жатқан зат есімдермен тіркестіре беруге болады: жақсы кісі, жақсы бала, жақсы жайлау, жақсы ырым, жақсы ниет, биік ағаш, биік там, ақылды оқушы, ақылды қыз.
Құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестерге айтамыз.

Сөйлем ішіндегі сөз тіркестері екі түрлі құралады:
Сөз тіркестері тізбектеліп, ондағы сөздер біріне-бірі сатылана байланысады.
Кейде сөз тіркестерінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар бір басыңқыға ортақтасып тұрады.

Түйдекті тіркес
Өзара байланысты тұрып, тобымен сөз тіркесінің құрамына енетін тіркестер.

Түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының құрылысы, негізінде 4 түрлі болады:
Күрделі етістіктер тобы
Есім мен көмекші етістіктер тобы
Қосарлы есімдер тобы
Тұрақты тіркестер тобы

Қазақ тілінде, басқа тілдердегідей, бірқатар сөздер тобы тұрақталған тіркес қалпында жұмсалады. Мысалы, Төбеден түскен түнек жаудың үрейін ұшырып, есінен тандырды.
Тұрақты тіркестер тобы

Тұрақты тіркес екі түрлі болады:
Идиомалық тіркес
Фразалық тіркестер

Қабырғаңмен кеңес (ойлан), қой аузынан шөп алмайтын (жуас), салы суға кетіп отыр (көңілсізденіп отыр), тісін қайрап жүр (өшігіп жүр), іші күю (қызғаншақтық ету) .
Идиомалық тіркес

Тұрақты тіркестердің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады. Ондай тұрақты тіркестер фразалық тіркес болады: таяқ жеу, (соғылу), бас көтеру (қарсылық ету) .
Фразалық тіркес

Назарларыңыз
рахмет!
үшін
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz