Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақсыз жәндіктер


Slide 1

Саркомастигофоралар

Slide 2

Саркомастигофоралар - еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органоидтарының құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді: саркодиналар - Sarcodina және талшықтылар -Mastigophora.

Slide 3

Саркодиналар класы

”Саркодина” грекше “саркос” - плазма, яғни плазмалық жарғақшалы дегенді білдіреді. Саркодиналар жалған аяқ түзіп, дене пішінін үнемі өзгерте алады. Бұл - ағза денесін қаптаған, микроскоп арқылы ғана көрінетін өте жұқа плазмалық жарғақшаға байланысты құбылыс. “Плазма” дегеніміз қоймалжың сұйықтан түзілген жұқа қабықша немесе жасуша ішіндегі цитоплазма.

Slide 4

Бұл класқа жататын жәндіктер теңізде, тұщы суда тіршілік етеді. Олардың паразиттік жолмен тіршілік ететін де түрлері бар. Кейбіреуі тіпті батпақты жерлер мен топырақта да тіршілік ете алады. Саркодиналардың дене пішіні тұрақты емес. Жалған аяқтарын дененің кез келген жерінен созып шығарады. Сондықтан оларды “тамыраяқтылар” деп те атайды.

Саркодиналар класы

Сәулелі күншар

Slide 5

Саркодиналар класы

Саркодиналарға жататын кейбір ағзалардың денесін әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайды. Олардың дене пішіні өзгермей сақталады. Сәулелі өрмекаяқ, қошқармүйіз көпірме, шұрықденелі бунақай - дене пішіні тұрақты жәндіктер.

Сәулелі күнқұлақ

Қошқармүйіз көпірме

Сәулелі өрмекаяқ

Бақалшақты амеба

Шұрықденелі бунақай

Slide 6

Саркодиналар типіне жататын дене пішіні тұрақсыз жәндіктер

Талшықты амеба

Кәдімгі амеба

Қантышқақ тудыратын амеба

Амебадағы қанның қызыл түйіршіктері

Slide 7

Саркодиналардың бактерияларды, балдырларды және әр түрлі қарапайым жәндіктерді қорек етеді. Олар қолайсыз жағдайда денесін жиырып алады. Жұмырылған дене сыртына тығыз қорғаныш қабат бөлініп шығады да циста түзіледі. Саркодиналарда асқорыту және зәр шығару вакуольдері бар. Олар суда еріген немесе ауадағы оттегімен тыныс алады, тітіркенеді және бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді.

Саркодиналардың әктен түзілген қаңқалар немесе бақалшақтарының қалдықтарынан топырақ әктенеді. Мұндай қалдықтар тау жынысын түзуге қатысады. Саркодина қалдығы геологтарға мұнай қабаты мен жердің жасын анықтауға жәрдемдеседі.

Олардың дене пішінін сақтауға денесін қаптайтын жұқа, қорғаныш қабат көмектеседі.

Саркодиналар класы

Slide 8

Талшықты жәндіктердің дене пішіні тұрақты болып келеді. Олардың дене пішінін сақтауда пелликуланың маңызы зор. Пелликула (латынша “пелликила” - қауыз, тері) - көптеген қарапайымдардың денесін сыртынан қаптайтын, өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат. Ол кейбір біржасушалы балдырлар - хламидомонада, эвгленалардың да сыртын қорғайды.

Эвглена

Талшықтылар класы

Slide 9

Талшықтылар класы

Бұлар бір, екі немесе бірнеше талшықтардың жәрдемімен қозғалады. Талшықтар дененің алдыңғы жағында орналасады. Бұлардың дене пішіні алуан түрлі: көбінесе сопақ, шар пішінді болып келеді. Талшықтардың басым бөлігі теңізде, тұщы суқоймаларында өмір сүреді. Олар өсімдіктер мен жануарлардың ыдыраған, шіріген қалдықтарымен, түрлі ағзалармен қоректенеді. Өсімдіктекті талшықтар да бар. Мысалы, хламидомонада, жасыл эвглена, домаланғы біржасушалы балдырлар тобына жатады. Демек, бұлар жәндік емес - өсімдік.

Домаланғы

Хламидомонада

Slide 10

1-Й КВАРТАЛ 2025 Г.

Нағыз жануартекті талшықтылардың басым бөлігі паразиттік жолмен және өзге өсімдіктер мен жануарлар ағзасында тіршілік етуге бейімделген. Нағыз жәндіктерде ешқашан хроматофор (грекше “хроматос+форос” - түс беретін бояғыш зат) болмайды. Талшықтылардың басым бөлігі жыныссыз екіге бөліну арқылы көбею жүзеге асады. Дене мөлшері алуан түрлі. Мысалы, қауіпті тері ауруын туғызып, паразиттік жолмен тіршілік ететін лейшманияның тұрқы - 2-4 мкм. Ал бақаның артқы ішегінде болатын паразит опалинаның тұрқы 1 миллиметрге жуық.

Лейшмания

Slide 11

Талшықтылар класы

Паразит талшықтылардың бірі - лямблия. Оның тұрқы - 15 мк, екі ядросы, төрт жұп талшықтары болады. Ол адам аш ішегінің жоғары бөлігінде, өтте жиі кездесіп, қауіпті ауру туғызады. Қауіпті аурудың бірі - ұйқы ауруының қоздырғышы - трипаносома. Оның тұрқы - 15-30 мк. Ұйқы, нагана ауруын қан сорғыш шыбын - цеце таратады. Трипаносома қан плазмасында паразиттік жолмен өмір сүреді. Ұйқы ауруы экваторлық Африкада, Оңтүстік Африкада ірі қаралар (сиыр) нагана кең таралған. Қазақстан даласында кездесетін суауру (“сурра”) деп аталатын қатерлі аурудан - түйе, қараталақ ауруынан жылқы зардап шегеді. Бұл аурулардың қоздырғышы - трипаносомалар.

Лямблия

Трипаносома

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Топырақтағы мекендейтін микроорганизмдердің түрлері мен ролі
Клетка микроағзалардың структурасы
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ
Құрттар – екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер
Жалпақ құрттар Жалпақ құрттардың Сорғыш құрттар өкілі Жалпақ құрттар типіне жататын ішекқуыстылардан жәндіктердің негізгі айырмашылығы ерекшеліктері
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Жалпақ құрттар
Жұмыр құрттар типі
Жәндіктер ТУРАЛЫ
Энтомология пәніне қысқаша шолу.Орман зиянкестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz