ҚАН ЖАСУШАЛАРЫ. ҚАН ПЛАЗМАСЫ


Slide 1

ҚАН ЖӘНЕ ҚАН АЙНАЛУ ЖҮЙЕСІ

Slide 2 Slide 3

Қанның құрамы

Қан дәнекер ұлпасының сұйық түрі. Ағзада болатын қанның мөлшері адамның дене салмағына байланысты 4, 5-5 л. Қанның құрамы - плазмадан (55%) және қан жасушаларынан (45%) тұрады.

Slide 4

ҚАН ПЛАЗМАСЫ

Қан плазмасы - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер ерітінді қосылған ұйымайтын қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты - плазма. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок; ) 0, 12% глюкоза; 0, 7-0, 8% май; 0, 9% тұз болады. Бұлардан басқа сүт қышқылы, ферменттер мен гормондар бар. Плазмадағы нәруыздар 3 топқа бөлінеді: альбуминдер(4, 5%) ; глобулиндер (1, 7-3, 5 %) және фибриногендер (0, 4%) . Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан плазмасын - қанның сарысуы (сыворотка) дейді. Плазма мен сарысудың айырмашылығы: плазма қанның сұйық бөлігі, сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы) . Альбумин мен глобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды заттардан натрий, калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына қатысып, плазмаға тұтқырлық (вязкость) қасиет береді.

Slide 5

Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл жасушалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.

Slide 6 Slide 7 Slide 8

Лейкоциттер - ядросы бар қан жасушалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан жасушаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан.

Slide 9

ТРОМБОЦИТТЕР

Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.

Slide 10

Тромбоциттердің басты қызметі - қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қап түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп кетер еді.

Slide 11 Slide 12

ҚАН ТОПТАРЫ

Қан топтары - бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша«donore» - сыйлаушы), қабылдайтын адамды - реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын III және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте) . Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

Slide 13 Slide 14

ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) - адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.

Қан тамырлары:

қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға - артерияларға,

қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға - веналарға және

оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша - артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша - венула) бөлінеді.

Slide 15

Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Қан жасушалары мен қан құрамы
ҚАН ПЛАСТИНКАЛАРЫ
Қанның құрамы мен қасиеттері
Қан жасушалары
ҚАН ӨКПЕДЕ
Жүрек Қан тамырлары
Қан плазмасы
Қаннын құрамы мен қызметі
Қанның реологиялық қасиеттері
ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz