Компьютерлік және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: түсінігі, құралдары және білім берудегі қолданылуы


Slide 1

Тақырыбы: Компютерлік технология. Ақпараттық- коммуникациялық технология

Орындаған: Асылдин Дильназ Ғасырқызы

Тобы: 3ББ-1-20

Қабылдаған: Жолымбекова Арайлым Сарыбаевна

Slide 2

Жоспар:

І) Кіріспе

а) Технологияға жалпы түсінік

ІІ) Негізгі бөлім

Компьютерлік технология

Компьютерлік технологияның құралдары

Ақпараттық технология

АКТ пәні және оның мақсаты

АКТ құралдары.

ІІІ) Қортынды:

Slide 3

І) Кіріспе:

Технология (гр. “techno” - өнер, шебер, білгір және “logos” - ілім, ғылым) - ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі.

Технология дайын тетік немесе бұйым жасау үшін өндірістік процестерде пайдаланылатын материалдың, шикізаттың немесе жартылай өнімнің (әрбір операциялар аралығындағы дайындамалар) пішінін, өлшемін, қасиетін, күйін өзгерту амалдарынан тұрады.

Жалпы өндірістік процестің бөлігі болып табылатын өндіру, тасымалдау, сақтау, бақылау жөніндегі іс-қимылдар да технология деп аталады. Қоғамның өзгеруіне байланысты өндірістің, қызметтің, оқытудың, т. б. әр түрлі салаларына инновациялық технология ұғымы енгізілуде.

Қазіргі кезде технология:

алдыңғы қатардағы технология;

қалдықсыз технология;

өңдеу және қайта өңдеу технологиясы;

халықаралық стандартқа сай технология болып ажыратылады.

Slide 4

1) Компьютерлік технология

Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология. Ақпараттарды автоматты түрде өңдейтін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтардың жиыны.

Slide 5

2) Компьютерлік технологияның құралдар

Ғаламтор желісі

Компьютерлік бағдарлама

Анимациялық слаид-фильмдер

Мультимедиалық компакт-дикілер

Электронды оқулықтар

Интерактивті тақта

Компьютерлік технологияның құралдар

Slide 6

Интерактивті тақта -дегеніміз не? Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.

Интерактивті - inter (өзара), akt(әрекеттесу) . Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Қазіргі уақытта бастауыш сыныптан бастап білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдар қолданылуда.

Интерактивті тақта - мультимедиалық электрондық оқыту құралдарының бірі.

Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар төрт типке бөлінеді:

Сенсорлы аналогтық-резистивтік технология;

Электромагниттік технология;

Лазерлік технология;

Ультрадыбыстық / инфрақызыл технология;

Slide 7

3) Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) - бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу процесстері мен әдістері.

Slide 8

4) АКТ пәні және оның мақсаты

Ақпараттық-коммуникациялық технология - ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология. АКТ әр түрлі механизмдерді, құрылғыларды, алгоритмдерді, мәліметтерді өңдеу тәсілдерін сипаттайтын жалпы ұғым болып табылады.

АКТ-ның негізгі мақсаты - білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Slide 9

5) АКТ құралдары

Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу:

ұқыптылыққа;

нақтылыққа;

берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына;

басты мәселеге назар аудара білуге;

дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

АКТ-ның маңызды заманауи құрылғылары:

қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған компьютер;

ішіне қажетті ақпараттар енгізілген коммуникация құралдары.

Slide 10

ІІІ) Қортынды:

Бүгінгі заман мамандарына қажетті білім, іскерлік, дағды аясының үздіксіз кеңейіп, мазмұнының толықтырылып, жетілуі, кәсіптік және құзырлық деңгейі жоғары, өндірістің қарқынды даму жағдайына тез бейімделе алатын, кездескен проблеманың шешімін өздігімен жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру қажеттігінен туындап отыр.

Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады.

Slide 11

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: анықтамасы, құралдары және білім беру саласындағы қолданылуы
Мультимедиалық технологиялар: түсінігі, құрылымы және білім берудегі қолданылуы
Білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және олардың құралдары
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ACTIV интерактивті құралдарының қолданылуы
Білім берудегі ақпараттық технологиялар мен техникалық оқыту құралдарын қолданудың тиімділігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен компьютерлік жүйелер: қоғамдағы рөлі, архитектурасы және негізгі компоненттері
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру ортасын жаңғырту: қашықтық оқу, мультимедиа және педагогикалық интеграция
Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: тұжырымдама, құралдар және педагогтық құзыреттілік
Мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: даму тарихы, бастауыш және орта мектепте қолданылуы мен болашағы
Жалпы орта білім берудегі компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениетті қалыптастыру: мақсаттары мен тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz