Тәрбие мақсаты


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және Табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары

Slide 2

Кіріспе

Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары

Тұлғаның базалық мəдениетін қалыптастыру

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Мазмұны:

Slide 3

Кіріспе

Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:

əлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т. б. нормалар.

педагогикалық мағынада - бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.

Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Slide 4

1. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі

Өзіндік тəрбие - адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.

Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.

Slide 5

Өзіндік тəрбиеге ынталандырушы жағдай - тек тəрбиешінің тəрбиелік іс-əрекетін ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие.

Өзіндік тəрбие элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың өздерінде де көрініп жатады: олар əзірше өз тұлғалық қасиеттерінің мəнін жете түсіне бермеуі мүмкін, бірақ ненің жақсы, қандай өз əрекеттерінің ересектерге ұнамайтынын сезінеді.

Тұлғаның жалпы тəрбиелілігі өзіндік тəрбие деңгейімен сипатталады, өзіндік тəрбие сырттай педагогикалық тəрбиемен ажыралмас өзара байланыста болып, тұлғаның қалыптасу процесіне қолдау-қуаттау береді, əрі оны дамытады.

Slide 6

.

Антон Семенович Макаренко (1888-1939) - кеңестік педагог.

Қайта тəрбие - мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тəрбие түрі.

Бұл процесс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты процесс. Тəрбиелегеннен гөрі қайта тəрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан көзқарас, əдеттерді, мінез бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тəрбиеленушілердің дағдыланбаған жаңа əдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты. Егер ұнамсыз мінез бітістері тұрақтанған сипат алған болса, қайта тəрбиелеу əбден қиын соғады. Сондықтан, «кейін қайта өңдеп жатпайтындай етіп тəрбиелеу қажет» (А. С. Макаренко) .

Slide 7

Қайта тəрбие процесінің тиімділігін қамтамасыз етуші маңызды жағдай - «қиын баланы» тəрбиеші талаптарына құлақ асуға үйрету. Сондықтан тəрбиеші тəрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас қалыптастырудың жолдарын іздестіріп, екі арадағы алакөздікті, дау- дамай себептерін басуға əрекеттенуі тиіс.

Қайта тəрбиелеу тиімді нəтижеге жетуі үшін тəрбие тезіне түскен адам ең алдымен өзін-өзі тура жолға салу қажеттігін түсінуі, өмір салтын, əдеттерін, қылық-əрекеттерін өзгерту керектігін сезінуі тиіс.

Қайта тəрбиелеудегі маңызды шарт- тəрбиеленушіні қалай да өзіңе тарту, тұлғаны кері əрекеттерге итермелеуші проблемалардың туындау себептерін анықтау, кезек, ретімен белгілі бағытта орындалып баратын мақсаттар жүйесін құру.

Өз басы əлекке толы балаға ұжымды қарсы қойып, оған ықпал жасауға тіпті болмайды. Əр тұлға үшін күресу қажет. Тəрбиеленуші мұғалім не педагогтың оның өзіне қарсы əрекеттеніп жатпағанын, ол оның бойындағы теріс мінез бітістеріне қарсы күресетінін сезінуі тиіс.

Slide 8

Қайта тəрбиелеу үшін дəстүрлі əдістермен қатар «адамның барша ниеттерін түпкілікті өзгеріске келтіріп, бүкіл ұмтылыстарына бұрылыс беретін»(А. С. Макаренко) - жарылыс əдісін («метод взрыва») де қолдануға болады. Бұл əдіс тəрбиеленушіге өз теріс қылықтарының бұдан былай жарамсыз болатынын терең сезінуге, өз мінез- құлқы мен қоршаған ортаға деген қатынасын өзгертуге, жаңаша өмір сүру қажеттігін түсінуге жəрдем береді.

Жарылыс әдісі

Slide 9

2. Тəрбиенің жалпы заңдылықтары

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Тəрбие тұлғаның аталған мəдениетін дамытушы əрі қалыптастырушы бірден бір құрал. Соңғы педагогикалық əдебиеттерде тұлғаның базалық мəдениетін түзуге көмектесетін бірнеше жеке элементтер аталады:

3. Тұлғаның базалық мәдениетін

қалыптастыру

Slide 13

Дəстүрлі педагогикада тұлғаның базалық мə-дениетін қалыптасты-руға орай жүргізілетін тəрбиелік іс-əрекет-

тердің бірнеше бағыт-тары аталады. Ғалым-дардың көбі тəрбиелік істердің келесідей ба-ғыттарын ұстанады(Б. Лихачев, В. А. Сласте-

нин, М. П. Подласый)

Slide 14

4. ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Slide 15 Slide 16

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және іске асыру механизмдері

Мақсаты: Білім мазмұнын жаңарту жағдайында балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеудің идеологиясы мен стратегиясын анықтау.

- білім беру ұйымдары, отбасы және басқа әлеуметтік институттар-дың күшін біріктіру;

- қоғамның тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу;

- білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

Нысаны: білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің біртұтас педагогикалық процесі.

Іске асыру механизмдері: Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, Тәрбиенің кешенді бағдарламасын, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, барлық үлгідегі, деңгейдегі және меншік түріндегі білім беру ұйымдарында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды, тәрбие бағдарламаларын әзірлеуде негіз болады.

Slide 17

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбиенің даму перспективасын, басым бағыттарын, тәрбие мақсаттарын, міндеттерін, бағалау өлшемдерін және механизмдерін анықтайды.

Елдегі оң өзгерістер білім беру ұйымдарының тәрбие процесінде көрініс тапты. Тәрбие практикасында жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлер ескерілген ұлттың зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Тәрбие үдерісіне тікелей қатысты негізгі құқықтар Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.

5. Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары

Slide 18 Slide 19 Slide 20

Тәуелсіз Қазақстанның білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын реттейтін бірінші тұжырымдамалық құжат 1995 жылы қабылданған «Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу тұжырымдамасы» болды.

Онда тәрбие жұмыстарының мақсаты, ұстанымы, мазмұны мен тәсілдері қарастырылып, отбасының тәрбиелік потенциалы мен мектептің тәрбие жүйесіне аса мәнді көңіл бөлінді. Бұл құжат бүгінгі күні өзінің миссиясын орындады деп айта аламыз.

Жоғарыда айтқанымызға орай үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие мәселесінің бүгінгі жағдайына сай келетін білім алушыларды тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамасын жасау қажеттілігі туып отыр.

Жоғарыда көрсетілген проблемаларға сүйеніп, жас жеткіншектер тәрбиесі еліміз қауіпсіздігінің негізін құрайтын басты стратегиялық міндеттер ретінде қаралуы тиіс.

Slide 21

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Мақсат құру процесі
Тәрбиенің парадигмасы
Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы
Тәрбие
Тәрбиенің мақсаты
Тұлғаның рухани және дене қалыптастыру
Тәрбие бағыты. Бастауыш сынып
Тәрбие процесі
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz