Оқыту процесі Тәрбие процесі


Slide 1

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті География және Табиғатты пайдалану факультеті География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

СӨЖ

Тұтас педагогикалық үдеріс, оның заңдылықтары мен ұстанымдары. Педагогикалық үдеріс-тұтас құбылыс. Әртүрлі білім беру мекемелеріндегі педагогикалық үдерісті ұйымдастыру

Алматы - 2020

Slide 2

Мазмұны:

Кіріспе

Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдылық компоненттері

Педагогикалық процестің принциптері мен басты міндеттері

Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама

Педагогикалық процестің қозғаушы күштері

Тұтас педагогикалық процестегі танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері

Педагогикалық қарым-қатынас

Мектеп педагогикалық жүйе басқару нысаны

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Педагогикалық процесс - кәсіптік іс-әрекеттің бір түрі, негізгі мақсаты мектеп және әртүрлі оқу орындарының оқушыларын оқыту, тәрбиелеу, білім беру және дамыту. Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі сипаты-педагог пен оқушының біріккен іс-әрекеті, яғни оны мақсатты түрде оқыту, тәрбиелеу, дамыту.

Педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық үдеріс элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық жағдаят) болуы керек. Педагогикалық үдерістің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық үдеріс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді.

Slide 4

1. Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдылық компоненттері

A

B

Қазіргі қайта құру кезеңінде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді.

Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие процесінің басты шарты.

Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді.

Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.

Slide 5

Оқушы - педагогикалық процестің субъектісі. Педагогикалық процестің негізгі белгілері.

Contents

Title

Педагогикалық процесте педагог - объект және субъект.

тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп отырады.

арнайы педагогикалық білім алады, адам тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани-құлықтық белсенді қарым-қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.

Оқушы да педагогикалық процесте объект және субъект.

педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін дербестігі бар.

табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын, ұмтылуларын түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық әсерлерді белсенді меңгеруге немесе қарсы тұруға мүмкіндігі бар.

Slide 6

Педагогикалық процестің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері бар. Педагогикалық процестің негізгі белгілері:

қос жақты іс-әрекет;

01

өзара байланысты жүреді;

02

04

03

мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді;

мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.

1- жағы: арнайы дайындалған маман жүргізетін мақсатты педагогикалық іс-әрекет;

2- жағы: тәрбиеленушінің дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс-әрекет, яғни оқу немесе оқу-танымдық іс-әрекет.

Slide 7

Заңдылықтар

Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары

3. Педагогикалық процестің принциптері мен басты міндеттері

Slide 8

Принциптердің атқаратын қызметтері

Slide 9

Педагогикалық процесс принциптері

Slide 10

Педагогикалық процестің технологиялық жүйесі:

1. педагог нақты мақсатты шешу қажеттілігі мен маңыздылығына тәрбиеленушінің көзін жеткізуге тырысады; мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;

2. қойылған мақсатқа сәйкес білімдерді алу жолдарын меңгертеді;

3. бұл білім алу жолдарын іс-жүзіне асыруды ұйымдастырады;

4. барлық кезеңдерде тұрақты ынталандыру жұмысын жүзеге асырады;

5. жұмыс нәтижесін бақылап, бағалайды.

Педагогикалық процестің басты міндеттері

Slide 11

3. Педагогикалық процестің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама

Slide 12

Педагогикалық процестің заңдылықтары,

еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

Slide 13

Заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады:

Slide 14

Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

Тәрбие және оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді.

Мысалы, оқыту процесінде баланың ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады.

Жеке адамның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан жаңа факторға айналады.

Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауат емес, ол шырақ, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтымақтығымен тұтандыру керек.

Slide 15

Infographic Style

1. Тәрбие мен оқыту іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші рөлі тәрбие, оқыту және білім беру іс-әрекетіне байланысты.

Қарым-қатынас оқушыларды адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, айналадағы орта туралы мол информациялармен байытып, ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ, оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық номалардың көзі - идеология, қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.

Қарым-қатынас - таным процесі. Таным және қарым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.

Іс-әрекеттің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оқу, спорт, еңбек, көркемдік, қоғамдық-саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиді, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.

Іс-әрекеттің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас - бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімен бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір құбылысы, ол информациялық, нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады.

Slide 16

2. Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері:

а) оқу жоспарланып, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын т. б. жасағанда;

ә) организмнің дене және психикалық дамуы барысында;

б) оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде.

а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик) ;

ә) мінез жеке адамның өзіне, өмір сүрген ортасына қатынасын білдіретін негізгі психикалық сипатта;

б) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер. Қабілет - адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі

Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады:

Slide 17

3. Педагогикалық процесс міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары.

Педагогикалық процестің барлық элементтерінің мақсаттары және міндеттері, яғни олар мұғалімнің, тәрбиешінің және тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтайды. Бұл заңдылықтар:

Егер педагогикалық процестің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.

Slide 18

4. Педагогикалық процестің қозғаушы күштері

Slide 19

Оған әсер ететін факторлар

Slide 20

Тәрбие процесі әр уақытта динамикалы (қозғалысты), жылжымалы болады. Сондықтан, педагогикалық ықпал бір балаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер етеді

Slide 21

Қарама- қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші

М. А. Даншюв алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканын ғылым ретіндегі жобалау қызметінін күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді.

Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процестің мәні өте зор, өйткені, қоқамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Орта, жоқары оқу орындары мен мектептен тыс мекемлер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды.

Slide 22

5. Тұтас педагогикалық процестегі танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері

Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің звенолары - танымдық іс-әрекетінің кезеңдері кіреді:

таным міндеттерін жете түсіну;

жаңа материалды қабылдау;

ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;

білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту және жетілдіру;

білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;

оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексе-ру, бағалау.

Slide 23

Педагогикалық процестің ең басты ерекшелігі -тұтастығы.

Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасты. Алғашқы кездегі тәрбие формаларының өзінде-ақ - салт, ритуал, ойындар барысында аға ұрпақ білімдері мен іс-әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез-құлықты қалыптастыруға да мән беріп отырған.

Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу - оқу-тәрбие процесінің басты шарты.

Ғалымдар мен педагогтер тұлғаны дамытуға жан-жақты амал жасау тек педагогикалық процесс тұтастығы негізінде жүзеге асырылатындығын баса көрсетті.

Тұтас педагогикалық процесс мәселесіне 70-80-ші жылдар аралығында Ю. К. Бабанский, М. А. Данилов, В. С. Ильин, В. В. Краевский, Б. Т. Лихачев және т. б. көңіл бөле бастады.

Қазақстанда тұтас педагогикалық процесті дамыту мәселесін кеңінен қарастырған ғалым-педагог Н. Д. Хмель және оның шәкірттері болып табылады.

Slide 24 Slide 25

Білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдану оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына лабораториялық жұмыстар, практикалық және семинар сабақтар, үйрету машиналары, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады.

Білім алушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс процесі.

Таным іс-әрекетінің бұл кезеңінде оқушылардың педагогикалық процесс барысында белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың барлық жетістіктерін - білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн.

Оқыту процесінің звеноларын таным процесінің формуласына сүйеніп, салыстыру ретінде логикалық бірізділікпен былай жазуға болады. Нақты аңғару - түйсік, қабылдау. Абстракт ойлау - ұғыну, мәнін түсіну.

Slide 26

Танымдық мотивтер:

1. Оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотивтері

2. Өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотивтері

Ойдың талаптандыру мотивтері таным іс-әрекеті процесімен байланысты. Іс-әрекеттің барысында сұраққа немесе проблемаға оқушы өз бетінше жауап беруге тілек білдіреді, тырысады, тапсырманы табысты орындағаны үшін қанағат сезіміне бөлінеді, тапсырманың практикалық мәніне түсінеді.

Жалпы педагогикалық процесс оқу процесінің функциялары арқылы жүзеге асырылады. Білім беру, дамытушылық және тәрбиелік функциялары оқушының танымдық қасиетімен байланысты. Танымдық қабілеті ең алдымен мотивтермен ынталандырылады. Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушыны қызықтыра алатын болса, яғни мотивтерін көрсете білсе, оның танымдылық деңгейінің жоғарғы екенін көруге болады.

Slide 27

Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің кәсіби қарым-қатынас жүйесі

Педагогтың сөйлеу мәдениетінің компоненттері:

Фразаларды құрастыру кезіндегі сауаттылық.

- күнделікті өмірде сөздерді сауатты айту: сөздерде екпінді дұрыс қойып, жергілікті диалектіні қолданбау.

Баяндаудағы қарапайымдылық пен түсініктілік: аз сөйлеу.

Мәнерлілік:

- интонация және тональность;

- сөйлеу темпі, паузалар;

- дауыс ырғағының динамикасы;

- сөздік қоры;

- сөйлеу бейнесі;

- дикция.

6. Педагогикалық қарым-қатынас

Slide 28

Педагогикалық қарым-қатынас- қатынасты ұйымдастыру және дамыту процесі, педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы өзара түсінушілік пен өзара іс-әрекет.


Ұқсас жұмыстар
Оқыту - қоғамдық қүбылыс
ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІ
Оқыту процесінің мәні
Тәрбие түрлері
Жоғары мектеп педагогикасының мақсаты
Педагогика пәні. Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогика пәні және ұғымы
Педагогиканың теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы
Есту қабілеті бұзылған балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz