Антропогендік физикалық факторларға анықтама



Орындаған: Шынкожаева А. Т
Тобы: ФӨТҚБ-01-22
Қабылдаған: Оразова. М. М.

Кіріспе
Негізгі бөлім:
Антропогендік физикалық факторларға анықтама
Антропогендік физикалық факторлардың зияны
Антропогендік физикалық факторлардан құтылу жолы
Қортынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Антропогендік физикалық факторларға анықтама
Антропогендік фактор (грек. anthropos - адам, genos - тегі, пайда болуы, лат. faktor - іс-әрекет) - адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Физикалық ластанулар деп қоршаған ортаның физикалық параметрлерінің: жылулық, жарықтық, акустикалық, электромагниттік, радиациялық өзгеруінен. пайда болатын ластануларды айтамыз.

Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық саласы, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. т. б. жатады.
Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануының негізгі түрлеріне шикізат материалдары, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын (газ, бу, ауа тозаңы) энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық, электромагниттік өріс, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және тағы басқаларды жатқызуға болады.
Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эффектісі, қышқыл жаңбыр түсімі, алқаптардың ормансыздандырылуы, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттенуге айналу құбылыстары орын алды.
Антропогендік физикалық факторлардың зияны

Бүгінде еліміздегі Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экологиялық апатты аймақтарға айналуына антропогендік физикалық факторлар негіз болып отырғаны бәрімізге мәлім. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі Жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Онымен қоса осы жақын арада болған Арыс және Тараз қалаларындағы өте үлкен жарылыстар да, адам баласының кезінде істеген іс-әрекеттерінен орын алды. Яғни қандай зиян әрекет істесекте ол өзімізге қауіпті екенін түсіну керекпіз!



Антропогендік физикалық факторлардан құтылу жолы


Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мем- лекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруа- шылық, техника- лық-өндірістік, эко- номикалық және заң- ды шаралар жүйесі.
Табиғат қорғау шаралары - қоршаған табиғат ортасына жағымсыз әсерді азайтуға, жоюға, елдің табиғат-ресурстық әлеуетін сақтауға, жақсартуға және ұтымды пайдалануға бағытталған шаруашылық қызмет түр-
лері. Қ. Р-да 2003 жылы
ерекше қорғалатын 25
аумақ бар деп есептеледі,
олардың қорықтары 10, та-
биғи ұлттық саябақтары - 10.

Жер бетіндегі тіршілік иелері атаулылар қорегі және энергияның негізгі көзі болғандықтан, табиғи және су ресурстарын ұтымды пайдалану кез келген елдер үшін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда шөл, қуаң (аридті) және сортаң жерлердің орасан зор аумағы бар. Мұнда табиғи ресурстар шектеулі, соның салдарынан бұл аумақтарды ұтымды пайдалану республикамыз үшін ерекше көкейкесті мәселе болып есептеледі. Сондықтан республика ғалымдарының алдына өсімдіктердің жаңа іріктемелерін жоғары температура және сортаңдық сияқты қолайсыз факторларға төзімділігі артқан жануарлар қолтұқымдарын шығаруды тездету міндеті жүктелуде.
Солтүстік Қазақстанның топырақ өнімділігін шұғыл шектеу факторларының бірі
топырақты шаңға айналдырып,
жеңіл ұшыратын жел эрозиясы
болып табылады. Мұндай жерді
жыртқан кезде топырақтың
жыртылатын құнарлы қабатын
жел ұшырып әкетеді. Атап
айтқанда академик А. И. Бараев
Қазақстанда топырақ өңдеудің
эрозияға қарсы топырақ
қорғайтын қайырмасыз
жырту жүйесін жасап, кеңінен
пайдалануда. Бұл жүйеге
сәйкес жырту кезінде топырақ
қабатын аудармай, арнаулы
сыдыра қопсытқыш (плоскорез)
арқылы өңдеп, тек арамшөптердің
4 - 5 см тереңдіктегі тамырын
қияды, мұндайда өсімдік (паясы)
аңызында кесілген сабақтар тік
қалпында қалады. Сөйтіп топырақ
құрылымы сақталады да, шаңға
айналмайды. Бұл біз үшін ең керегі болып тұр

Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы. бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау
жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын
сақтау, су қоймаларын
қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.




Қортынды
Табиғатты қорғау ол адамның парызы
Оны қорғауды жай ғана қоқыс тастаудан бастап, өзіміздің күнделікті жұмыс тәртібімізге де қосқанымыз жөн.
Біз физикалық факторлардың біздің кесірімізден болып жатқанын білдік, енді өз қателігімізді өзіміз дұрыстау керекпіз, зерттеу жүргізген дұрыс, бірақ оның зиянсыз екеніне көз жеткізу керек. Барынша эко заттарды қолданып, жердегі
шөптен бастап, аспандағы озон қабатына дейін аялау керекпіз

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz