Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық




Презентация қосу
Гигиена және эпидемиологиялық кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырып:Қазақстан Республикасының қорықтық
аумақтары

Орындаған:Ақбарақ
Тобы:ФӨТҚА-01-22А
Қабылдаған:Ораз
Жоспар

• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасының Қорықтары
Қызыл кітап
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе

• Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми
мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ,
оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи
процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдi
ктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен
жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын,
әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен
зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
• Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.
Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас
Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін
және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш
қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан
облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан.
Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына
орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында
Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие»
(100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар
(2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған
дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы — Іле Алатауының
орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931
жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың
га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз
деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналас­кан Талғар тау
жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның
орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік,
долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс
ағашты ор­ман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан
жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады.
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы –
Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл
аудандарында орналасқан мемлекеттік
қорық.1931 жылы ұйымдастырылған (320
мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып
(87,7 мың га), қайта құрылды. Оған
Терсек(көлемі 4,7 мың га), Сыпсың (көлемі 7
мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га)
орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат,
Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне
бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала
кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты
континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы –
ыстық.

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы —
өте сирек кездесетін флора мен фауна бар.
Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және
малдар, аңдар,сүтқоректілер және қос
мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына
байланысты сирек кездесетін балықтардың
түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен
малдар кездесіп жатыр. Құрылған уақыты 10
желтоқсан 1939 жыл
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы –
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968
жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша
Қазақстан Республикасының ең ірі
қорықтарының бірі болып табылады. Қорық
заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи
процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық
жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің
биологиялық алуантүрлігі мен генетикалық
қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау
және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге
асыруға бағытталған. Осы үшін Қазақ КСР
Министірлер Кеңесінің № 214 Қаулысымен
ұйымдастырылған.
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы —
Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік
Алтайдың шығысында Марқакөл
қазаншұңқырында орналасқан. Ол
солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау
жоталарының арасында орналасқан Алтайға
тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1
449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең
биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).
1976 жылы құрылған.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы —
Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи
кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984
жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.
[1] Маңғыстау облысыңдағы Қарақия
ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. 1984
жылы ұйымдастырылған қорықтың негізгі
мақсаты - шөл зонасының табиғат кешенін
табиғи түрінде сақтап қалу. Үстірт
мемлекеттік табиғи қорығында ландшафтың
алуан түрі кездеседі.

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы —
Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде
Шығыс Қазақстан облысының Риддер
(Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық
кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер
қаласында орналасқан) аудандарының
аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-
шығысында табиғатты пайдаланудан
алынып қойылған жерлерде орналасқан.
Құрылған уақыты 3 шілде 1992 жыл
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы — Тентек
сағасының табиғатын және Алакөл
аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды
сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған.
Жетісу облысының Алакөл және Абай
облысының Үржар аудандарында орналасқан.
Аумағы 65672 га. Қорықтың аумағы 12 телімге
бөлінген. Қорықта өте сирек кездесетін реликті
шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ
орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдары
жүргізген ғылыми жұмыстары кезінде
анықтады. Құрылған уақыты 21 сәуір 1998 жыл

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы —
Түркістан облысы аумағындағы Қаратау
жотасының орталық бөлігінде, Кентау
қаласынан 17 км жерде орналасқан
мемлекеттік қорық. Онда өсетін сирек
кездесетін және эндемик түрлерінің саны
жағынан Қазақстанда бірінші орында.
Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған,
аумағы 34,3 мың га.
Қорытынды

• Қазіргі XXI -ғ жақандану заманында экологияға түсетін
қауіпте жоғарылап бара жатыр. Жәнеде бұл біздің
қорықтарымызғада әсерін тигізуде. Қазіргі кездерде
шектеу қойылған жерлерде Заңсыз аңшылар мемлекеттің
рұхсатынсыз аң аулауда. Бұл Барша елімізге тиетін кесел.
Сондықтан біз болып, сіз болып Осымен күресуіміз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер

• https://kk.wikipedia.org/wiki/
Қазақстан_қорықтарының_тізімі
• https://bilimger.kz/72271/
• https://
kitaphana.kz/refkaz/230-geografia/1622-kazahstan-koriktari.h
tml

Ұқсас жұмыстар
Наурызым қорығы туралы
НАУРЫЗЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫҒЫ
Наурызым ормандары
Қазақстанның қорықтары
Наурызым қорығы - Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Жануарлар дүниесін қорғау
Наурызым қорығы
Қорықтар орналасуы картасы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау. Қоршаған ортаны қорғау және алдын алу жолдары. Ластауыш заттарды атмосфераға тастауды бақылау
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Пәндер