Еңбек құқығының функциясы


Slide 1

Қазақстан Республикасы еңбек құқығы: түсінігі, пәні мен жүйесі

Исаева Айнур Женисовна

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы

Slide 2

Қаралатын сұрақтар

1 Еңбек құқығының түсінігі

2 Еңбек құқығының пәні

3 Еңбек құқығының жүйесі

4 Еңбек құқығының әдістері

5 Еңбек құқығының функциясы

Slide 3

Еңбек құқығының түсінігі

Еңбек құқығы - бұл жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын еңбек қатынастарымен байланысты құқықтық нормалардың жиынтығы.

з. ғ. д., профессор В. Н. Уваров Еңбек құқығы - бұл еңбек қатынастарының пайда болуын, әрекет етуін және тоқтату тәртібін реттейтін, жұмыскерлердің бірлескен еңбек режимін анықтайтын, еңбекті қорғау шарасын және еңбек дауларын қарау тәртібін белгілейтін құқық саласы болып табылады.

з. ғ. д., профессор Р. А. Курбанова еңбек құқығы - бұл еңбек қатынастарының пайда болу, әрекет ету және тоқтату тәртібін, жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас негіздерін реттейтін отандық құқығының саласы, сонымен қатар, еңбек және демалыс мөлшерін белгілейтін; еңбекті қорғау ережелерін және еңбек дауларын қарау тәртібін анықтайтын және де жалдамалы жұмысшылардың еңбегін қолдануға және жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді

Slide 4

Еңбек құқығының нормалары технологиялық процестерді емес, еңбек қатынастары субъектілерінің әлеуметтік байланыстарын, яғни еңбектің қоғамдық нысандарын реттейді.

Осы тұрғыдан алғанда, ғалымның, өнертапқыштың, жазушының және басқа да жеке еңбек нысандарының жұмысы еңбек құқығының нормаларымен реттелмейді, Себебі. олар қоғамдық қатынастардан тыс жасалады.

Еңбек құқығы еңбек қабілетін қолдану мен іске асыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

еңбек - адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі

еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар.

Slide 5

еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар - Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынаста

Slide 6

2. Еңбек құқығының пәні

Еңбек құқығының пәні - жұмыскердің еңбек процесі барысында өзінің еңбек қабілетін пайдалануы кезінде туындайтын еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбекке байланысты басқа да қоғамдық қатынастары болып табылады. Оларға мыналар жатады:

- жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас;

- еңбек ұжымының мүддесін білдіретін кәсіподақ органының кәсіпорын әкімшілігімен жұмыскерлердің еңбек жағдайын, өмірі мен демалысын жақсарту мәселелері бойынша ұйымдық-басқарушылық қатынастары;

- жұмыс күшін қайта бөлу бойынша қатынастар;

- жұмыссыздық пен жұмысқа орналастыру бойынша қатынастар;

- материалдық зиянды өтеуге байланысты қатынастар;

- еңбек дауларын шешуден туындайтын процестік қатынастары.

Slide 7

Еңбек құқығы пәні реттейтін қатынастарының екі түрі бар:

тиісті еңбек қатынастары;

Еңбекке тікелей байланысты қатынастар (ұйымдастыру-басқару, сабақтас, процестік) .

Slide 8

Тиісті еңбек қатынастары

ҚР Еңбек кодексінде бекітілген. Бұл қатынастар мыналарға негізделеді:

- Жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы жұмыскердің еңбек функциясын ақыға жеке орындауы туралы келісім (штат кестесіне, кәсібіне, мамандығына сәйкес лауазымы бойынша жұмыс және біліктілігі көрсетілген нақты жұмыс түрі) ;

- жұмыс беруші еңбек заңнамасында және еңбек құқығы нормаларын қамтитын ұжымдық шартта, келісімдерде, жергілікті нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шартында көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз еткен кезде жұмыскердің ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынуы.

Осылайша, бұл қатынастар келесі элементтермен сипатталады:

- жұмыскердің еңбек функциясын жеке орындауы (лауазымы, кәсіп, мамандығы бойынша жұмыс) ;

- қызметкердің ішкі еңбек тәртібі ережелеріне бағынуы;

- жұмыс берушінің еңбек заңнамасында көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі;

- жалақы.

Slide 9

Еңбекке тікелей байланысты қатынастар. Бұл қарым-қатынастарға:

- еңбекті ұйымдастыру және еңбекті басқару;

- осы жұмыс берушімен жұмысқа орналасу;

- тікелей жұмыс берушіден жұмыскерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

- әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасау;

- жұмыскерлер мен кәсіподақтардың еңбек жағдайларын орнатуға және еңбек заңнамасын қолдануға қатысуы;

- жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің еңбек саласындағы материалдық жауапкершілігі;

- еңбек заңнамасының (соның ішінде еңбекті қорғау туралы заңнаманың) және еңбек құқығы нормаларын қамтитын басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау), кәсіподақтық бақылау;

- еңбек дауларын шешу;

- ҚР заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс берушілердің жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыру (ҚР Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағының 14-тармақшасына сәйкес) .

Slide 10

Бұл қатынастарды келесі классифицияларға бөлуге болады:

- ұйымдастырушылық-басқару (еңбекті ұйымдастыру және еңбекті басқару бойынша қатынастар; берілген жұмыс берушімен жұмысқа орналасу туралы; жұмыскерлер мен кәсіподақтардың еңбек жағдайларын белгілеуге және еңбек заңнамасын қолдануға қатысуы, әлеуметтік әріптестік шеңберіндегі қатынастар туралы) ;

- еңбекке байланысты (жұмыскерлерді кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қатынастар тікелей осы жұмыс берушіден; жұмыс берушілер мен еңбек саласындағы жұмыскерлердің материалдық жауапкершілігі туралы; мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі қатынастар; еңбек туралы заңдардың ережелердің сақталуын кәсіподақ бақылауы бойынша) ;

- процессуалдық (еңбек дауларын шешу бойынша қатынастар; әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттарды жүргізу, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасау және т. б. ) .

Slide 11

3. Еңбек құқығының жүйесі

Еңбек құқығының жүйесі - бұл құқық саласының негізін құрайтын, салыстырмалы түрде дербес институттар мен қосалқы институттарға бөлінетін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Еңбек құқығының жүйесі көптеген басқа құқық салалары сияқты, мысалы, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, Жалпы және Ерекше бөлімдерден (Арнайы) тұрады.

Slide 12

Еңбек құқығының жалпы бөлімінің нормалары еңбек саласындағы мынадай мәселелерді реттейді:

еңбек құқығының пәні мен әдістері, принциптері,

еңбек қатынастарына қатысушылардың пәндік құрамы,

еңбек шартының түсінігі мен түрлері,

еңбек шартының нормалары жұмыс уақыты мен демалыс уақыты,

еңбек тәртібі мен еңбек тәртібі түсінігі және т. б.

Олар Еңбек құқығының Ерекше бөлімінің ережелерінің құқықтық негізі болып табылады. Олар жалпы ережелерді нақтылайды және белгілейді. Ерекше бөлім барлық жұмыскерлердің емес, тек жекелеген санаттардың, сондай-ақ еңбек құқығы институттарының құқықтық жағдайын реттейді.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Еңбектік қатынастар
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
Еңбек саласындағы нарықтық қатынастардың құқықтық негіздерін бекемдеу
Еңбек құқығының қағидалары
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ
Еңбек құқығының субъектілері
Еңбек құқығының принциптері
Халықаралық сауда көрінісі
Жер құқығы басқа да құқық салалар сияқты өзіне тән құқықтық реттеу
Жерге меншік құқығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz