Приондар және медициналық құралдар




Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы: Құтыру

Оры
Тексерген: Стабаева Л.М.
Этиология
• Адам азық құрамында болатын приондармен жұқтырыла алады. Ас қорытатын
тракттiң ферменттерiмен бүлiнбейдi. Олар iшектердiң қабырғаларына сiңiрiп кете
алмайды, тек қана зақымдалған тін арқылы ене алады. Олар ақыр соңында орталық
жүйке жүйелеріне түседі . Приондарды тәжірибе жүзiнде тышқан организміне ауа-
тамшылы жолмен жұқтыруға болатынын дәлелдеген.
Приондар денеге парентеральді жолмен кiре алады . Приондарды жұқтыру жағдайлары
бұлшықетке препараттарды енгiзулерде, сонымен бiрге нейрохирургиялық
операцияларда аспаптармен миға жұқтыруы сипатталды.
Жұғу жолы
• Приондардың молекулалық сипаты туралы мәлімет аз. Жұқтыру жағдайлары
шамамен 100 000 молекулалар шақыра алады. Кейбiр тәжiрибелерден кездемедегi
приондарды пайда болуы үшiн тек қана прион болатын материалы бар кездеменiң
уақытша байланысуы жеткiлiктi, және приондар организмдерге мәңгiлiк енгiзiлу
шарт емес. Мысалы, прионмен зарарланған хирургиялық инструменттердi
қолдану көкейкестi байланысты болып табылады.
Приондар және медициналық құралдар

• Приондар дезинфекциялық әдiстке өте төзімді.Оларға
иондайтын, ультракөгiлдiр немесе микротолқынды шығару
iс жүзiнде әсер етпейді. Дәрiгерлiк тәжiрибеде әдетте
қолданылатын дезинфекциялық қосылыстарға оларға өте
аз мөлшерде әсер етеді. Белоктың құрамын бұзатын күшті
аммонилаушы реактивтер, күштi тотықтырғыштар
құртады.
• Жоғары температураларға приондар төзімді болып келеді.
Тiптi автоклавтауда 134 C-та 18 минут iшiнде приондарды
толық жою мүмкiн емес, және приондар жұқтыру
шақыруға қабiлеттi формалары тiрi қалады. Егер приондар
металлдың бетiнде немесе шыныларда сіңсе ,немесе
автоклавтаудың алдында формальдегидтiң әсерiне душар
қылса, жоғары температураларда приондар өсе өседi.
Құтыру

• Бұл дерт көз жұмуға әкеп соғатын жүйке жүйесінің тозу
белгілері: қозушылық, агрессиялық, ой қабілетінің
төмендеуімен сипатталады. Алғашқы құтыру ауруын Авл
Корнелий Цельс сипаттаған(біздің дәуірге дейінгі I-ғасыр),
ол оны судан үрей деп атаған. Құтыру ауруы адамдарға
көбінесе, үй хайуанаттарынан – иттерден, мысықтардан
(сирек кездеседі), сондай-ақ ет қоректі аңдардан (қасқыр,
түлкі) тарайды. 1885 жылы Луи Пастер адамды аурудан
сақтайтын антирабиялық вакцина ойлап тапқан.
Құтыру туралы жалпы түсінік.
Құтыру - бұл орталық нерв жүйесінің зақымдалуымен және өлім-жітіммен
аяқталатын, қоздырғышы рабдовирустар тұқымдастығына жататын жануарлар мен
адамдардың табиғи ошақтық ауруы. Көбінесе бұл ауруды тасымалдаушы -
етқоретілер (ит, мысық, қасқыр, қарсақ, түлкі, т.б.) болып табылады. Жануарлар
және адамға тістеу арқылы немесе терідегі жараға ауру жануардың сілекейінің
жағылуы кезінде жұғады. Құтыру вирусы алдымен зақымданған жерде болып,
артынан омыртқа жұлынына және бас миына түседі, одан кейін сілекей безіне түсіп,
жүйке жүйесін зақымдап, сілекей арқылы далаға шығады. Сонымен қатар вирус
көзді, өкпені, бүйректі, бүйрек үсті безін, бұлшық еттерді, қарын асты безін, сүт
бездерін (сүт арқылы шығады) зақымдайды. Құтырудың клиникасы тек бүкіл ағзаны
зақымдағаннан кейін ғана пайда болады. Жануарларда инкубациялық кезең 14
күннен 90 күнге дейін созылады.
Құтырудың белгілері

• Хайуандарда • Адамдарда

Бір түрлі күйде болады, Тістеген жер ауырып, ысиды;
кейде сұлық жатады, Алқынып демалады, түрі жаңа
мазасызданады, гана жылаған адам сияқты
ашуланшақ болады; болады;

Аузы көбіктенеді — ішіп- Ауырсынып және қиналып
жутынады, аузының сілекейі
жей алмайды;
қоюланып, желімдесе береді;
Жанына жолағанның бәрін Адамды үрей билейді,
қауып, тістеуі мүмкін. ашуланшақ келеді,
құтырынып, алас урады;
Хайуан 5 күн 7 күннің
аралығында өледі. Өлім алдында талма үстап, дене
құрысып сал болып қалады.
. Инкубациялық кезең біткеннен кейін жануарларда клиникалық ауытқулар басталады:
Мүйізді ірі қараларда арынды (буйная) және тыныш (тихая) түрінде өтеді. Арынды түрінде
малдың қозуы күшейеді, әдеттен тыс мінездер көрсетеді, тісін шықырлатады, қарлығып жиі-
жиі мөңіреу, ыңырсу, көзі қанталайды, адамға, басқа малдарға шабуыл жасау, аузынан көп
мөлшерде сілекей ағу, азық қабылдамау, күшену, тәлтіректеп жүру байқалады. Жануар жиі
бүкірейеді немесе мүлдем жатып қалады, кейін салданулар (паралич) пайда болып, 4-6 күнде
мал өледі. Ал тыныш түрінде ешқандай қозу, шабуыл жасау сияқты клиникалық белгілер
болмайды. Аузынан сілекей ағып, бүкірейіп, күшену, ыңырсу сияқты белгілер байқалып,
артынан салданып 2-4 күнде өледі.
Ұсақ малдарда (қой-ешкі) клиникалық белгілері мүйізді ірі қарамен бірдей болады. Тек
шабуыл жасау сияқты белгілері әлсіз болып келеді. Сіресулер тез байқалады және 3-8 күнде
өліммен аяқталады.
Иттерде көбінесе арынды түрде өтеді. Ауру көбінесе оғаш мінез көр-сетуінен басталады -
жабырқау немесе әдеттен тыс көңілді болуы. Адамдарға және жануарларға шабуыл жасау,
тәбетінің қатты ашылуы көзіне көрінген затты кеміріп, жұтуы (извращённый аппетит),
өңешінің салдануы, мойнын созу және құсу кезіндегі белгілер сияқты қимылдар жасайды.
Дауысы қарлығып, үруі үзік-үзік шығады, бұл белгілер 1-3 күнге созылады. Бұдан ары иттің
мазасыздануы және қозуы күшейіп, астыңғы жақтың салдануы, сілекей ағу, көзінің қызаруы,
азық пен судан бас тартуымен жалғасады. Кейіннен барлық бұлшық еттері сал-данып, ит 8-11
күнде өледі.
Жылқыларда да арынды түрде өтеді, яғни жанындағыларды тістеп, теуіп, қуалау сияқты
белгілер береді. Тістелген жерін қасып, тістеп жұлып тастау, азықты мөлшерсіз, ажыратпай
қабылдау (извращённый аппетит). Жиі-жиі зәр шығаратындай қимылдар жасайды. Бұлшық
еттері тез арада салданып, жұтыну қабілетінен айырылады. Дауысы қарлығып кісінейді,
тәлтіректеп жүрісі бұзылады. 4-6 күнде жылқы өледі.
Құтырудың таралуы.
Аурудың қоздырғышы вирус болып табылады,
ал жұқпа көзі және жұқпа қоры –жұқтырылған
мал. Вирус ауру басталғанша дейін 8-10
күннің ішінде жұқпалы сілекеймен білінеді.
Вирус қаңғыма иттерде айналып, мысықтар мен
ауыл шаруашылық малдарында таралады.
Таралу механизмі – қарым-қатынас арқылы,
адам әдеттегідей мал қапқан кезде, құтыру
ауруымен ауыратын науқастардың сілекейінен
таралады. Аэрогенді таралу жолы да ықтимал (
жарғанаттар мекендейтін үңгірлерде, зертхана
ішіндегі жұқтыру), тамақтан және
трансмиссивтік – жәндіктердің шағуы арқылы.
Дәрігерлерге кеш қаралу, егу тәртібінің бұзулу,
егулердің аяқталмау салдарынан құтыру ауруы
белең алады .
Клиникалық түрде 3 кезең белгіленеді: бастапқы (депрессиялық),
қозушылық және сал аурулар кезеңі. Ауру алдындағы белгілер
бұрыннан жазылған жара орны солқылдап аурады және күйдіріп
ашиды, шаққан жер қызарып, іседі. Дене қызуы орташа немесе
субфебрильді.
Науқас мұңайып, іштей түңіледі, кейде ашуланшақтық, тамақ ішпеуі,
әлсіздік, бас ауруы мен нашар ұйықы мазасыздандырады.
Науқастарда кеудесі қысқаны байқалады. Қозушылық кезеңі дене
қызуы - 37 ºС, жалпы қозушылық, судан үреймен сипатталады.
Вакцинасы,қарсы көрсеткіштері.
Құтыруға қарсы инактивацияланған дақылдық вакцина сириялық
атжалманның бүйрегінен алынған клетка дақылдарында өсірілген
құтыру вирусының вакциндік штамынан дайындалады.Вирус
ультракүлгін сәуленің әсерімен инактивацияланады,
мұздатып,лиофильдік әдіспен құрғатылады.Дайын препарат қызғылт
ақ түсті таблетка,стерильді дистилденген суда еріткенде қызғылт түсті
шамалы жылтырайтын сұйыққа айналады.Ерітілген вакцинада
түйіршектелген бөлшектер болмауы тиіс.1 ампулада 3мл вакцина
бар,тоңазтқышта (4°) құрғақ жағдайда сақтайды, пайдалану мерзімі-
1,5 жыл.
Қанғыбас иттерді ұстайтындарға,құтыру вирусымен жұмыс жасайтын
ғылыми зерттеу және диагностикалық лабораториялардың
қызметкерлеріне сақтану мақсатында алдын ала егу
жүргізіледі.Вакцинаны уақыт аралығын 10 күн сайын екі қайтара 3
мл- ден жыл сайын қайталап егеді.
Егу мақсатында егудің екі нұсқасы бар.Шартты курс бойынша сырт
қарағанда дені сау хайуанаттар адамдардың кез келген жерін
тістегенде 3-4 иньекция жасалынады.Дені сау хайуанаттар 10 күн
бойы ветеринардың бақылауында болғанда,оларда ешқандай ауру
белгілері байқалмауы керек.Шартсыз курс құтырған хайуанаттар
тістегенде ,тырнағанда немесе денеге олардың сілекейі тигенде
жүргізіледі.

Ұқсас жұмыстар
ҚҰТЫРУ АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
Баяу Вирустық қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы қоздырғышы
Аурудың аты Жұғу жолдары
Баяу дамитын вирустық инфекциялар және прионды аурулар
Прионды инфекция
Вирустармен приондар
Вирустардың таксономиясы
Медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары
Медициналық жабдықтар
Ауруханаішілік инфекциялардың түрлері
Пәндер