ҚАРАҒАЙЛЫ ОРМАН




Презентация қосу
ҚАРАҒАЙЛЫ ОРМАН

Орындаған: Сакиева Ж.М
Тобы: ОЗ - 507
Тексерген: Айткалиев Б.М
Қарағайлы Орман

Қарағайлы Орман, қарағайлы тоғай –
қарағай өсетін мәңгі жасыл қылқан
жапырақты орман алқабы. Негізінен
солтүстік жарты шарда өседі. Жалпы қылқан
жапырақты ормандар суыққа төзімді. Таулы
аймақтарда Қарағайлы ормандар таулардың
орта биіктік белдеулерінде өседі.
Қазақстанда қарағайлы ормандардың басым
бөлігі Қазақстанның шығысында Алтай
таулары, Сауыр жотасы қойнауларында (371
мың га) орналасқан. Қарағайлы орманның
негізгі тұқым құраушы түріне кәдімгі
қарағай мен арша жатады. Қарағай жалаң
тұқымдылардың ішінде кеңінен тараған,
қылқан жапырақтылар класының өкілі.
ҚАРАҒАЙ АҒАШЫ
Қарағай ағашы орман түзуші негізгі ағаш бола тұрып, ол
сонымен қатар аса бағалы құрылыс материалы. Қарағайлы
Орман тез буланғыш заттар бөліп шығарады, олар ауадағы
зиянды, әсіре се, туберкулез бактериясын жояды.
Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен
ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда
және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде
шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль
алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит,
өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені
жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың
қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады.
СИПАТТАМАСЫ

Бұл ағаштардың биіктігі 35 м-дей, діңі мықты, бұтақ шоғыры
дөңгелек болып келеді. Қабығы үгілмелі, қызыл қоңыр түсті,
бұтағында жарықтары болады. Жапырағы (ине сі) 2 – 5-тен
шоқтанып бүршігінде орналасқан, бүршіктері күрделі. Бүрі 2
– 3 жылда піседі, оны жеуге болады. Мамыр айында гүлдейді.
Аталық гүлі масақты, сары не қызыл түсті. Аналық бүрі жас
өркен ұшында 2 – 3-тен орналасады, 2 жылда пісіп жетіледі.
Тұқымы – қара, не сұр түсті; қанатты кейде қанатсыз болады.
Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.

Еуразияның қоңыржай және субтропиктік аймақтары мен
Солтүстік Америкада өсетін 100-ге жуық түрі белгілі.
ҚАРАҒАЙ ТҰҚЫМЫ
 Самырсын
Кәдімгі Қарағай Самырсын Қарағай
Кәдімгі Қарағай Жаңғағы Қарағайы Жаңғағы
өсімдіктер
Шөптесін өсімдіктер қарағайлы орманда оқта-текте
кездескенімен, түр жағына әр түрлі болып келеді.
Мысалы: қоңырбас, бетеге,
боз кілем, қоян от, саршатыр, мысық табан, бөдене шөп,
ал тау шатқалдарында – мыңжапырақ, жусан кездеседі.
Қарағайлы орманда төсемікте өсетін бұтақталған ақшыл
жасыл, ақшыл түстілері – бұта тәрізді қыналар.
Қазақстанда 2 түрі: кәдімгі Қарағай (P. sіlvestrіs) және
самырсын Қарағайы (P. sіbіrіca) бар. Бұлар
республиканың солтүстік-шығыс, орталық
бөліктеріндегі аралас ормандарда, басқа қылқан немесе
жалпақ жапырақты ағаштар арасында өседі. Қазақстанда
ботан. бақтарда Қарағайдың: сары Қарағай, тау
Қарағайы, Веймутов Қарағайы түрлері қолдан өсіріледі.
ЖАНУАРЛАР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. интернет желісі
2. Құлжабаева Г.Ә.Қылқанжапырақтылар:
Дидактикалық материал - Алматы, 2010

Ұқсас жұмыстар
Ертіс орманы резерваты
Ұлттық саябақтар
Оқушыларға экологиялық білім беру жүйесіндегі аймақтық компонентті пайдалану
Орман өсімдіктері
Өрт туралы жалпы
Наурызым қорығы туралы
Өндіріс орындарындағы өрт
Құ стардың тіршілігіндегі маусымдық құ былыстар
Павлодар облысы
Қашқын шоқысы
Пәндер