Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау




Презентация қосу
Қожа Ахмет Яссауи
сопылық ілімі.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Қ.А.Яссауидің өмірі өмірі мен ілімі
2. Қ.А.Яссауидің Сопылық ағымы
3. Диуани хихмет
4. Сопылық ілімін қазіргі көзқарас бойынша бағалау
ІІІ. Қорытынды
Ясауи Бұхара қаласында Юсуф
Хамаданидан діни білім
алғаннан кейін, Түркістанға
келіп, сол кезде Орталық Азияда
кең тараған софылық, діни-
тақуалық идеялардың ірі
насихатшысына айналады.
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани
Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке
кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан,
Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901
жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған
нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл
шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына
келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын,
көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші
хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған
қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.
«Диуани Хикматтан» қазақ халқының
ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына,
этнографиясына, экономикасына қатысты
бағалы деректер табуға болады. Түркістан
қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи
әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың
аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез
орнаттырады.
XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған
"Диуани Хикмет" кітабының авторы — Ахмет
Ясауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы")
оғыз-кыпшақ тілінде өмірге келген, өте
қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен
жазылған төл әдеби туынды. Ақынның кең
өлкені көшіп - қонып жүрген түркі
тайпаларының бәріне де түсінікті ауыз екі
сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына
күмән келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге
жеткені XV—XVI ғасырлардағы көшірмелері
ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен
Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде,
Алматыда сақтаулы.
Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі
бақтарындағы алуан жемістер мен райхан
гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен
қымыздық исі аңқиды. Отырықшы
тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді
жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ
ұшырасады.
"Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар:
шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат. "Шариғат" ислам дінінің
заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы "тарихат" сопылықтың
идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" құдаймен
бірігу оған жақындау, "мағрифат"— дін жолын танып, оқып білу.
Ахмет Ясауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз"
"Мағрифатсыз" "хақиқат" болуы мүмкін емес.
Ясауи сопылық ілімдерінің өте күрделі екенін, діни мистикалық
сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен философиялық
арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын сезгейді.
Сопылықтың ықпалын,
Ясауиден кейін өмір
сүрген көптеген ақын,
ойшыл ғұламалардың
еңбектерінен
кездестіреміз.
Қорытынды
"Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың
кеңінен және табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз
ілімін жеңіл және түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен
баяндайды, сопылық идеяларды жергілікті салт жырларымен
үйлестіре дәріптейді.Ахмет Ясауидің Орта Азия мен Қазақстанның
түркі тілдес халықтары арасында зор беделге ие болуы Ясауидің
ислам заңдарын Шығыс сопылық ілімдік лангейзммен және
бақсылық жыры элементтерімен икемді үйлестіре алуынан еді

Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімі
ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛТЕТІ ЯСАУИ ІЛІМІНІҢ МӘНІ
Диуани хихмет
Ясауи тариқаты
Қожа Ахмет Яссауи - түркістандық ғұлама, әулие
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ
Фейербах философиясының негізгі мазмұны материализмді қуаттау
Мұсылман философиялық мектептер
Ортағасырлық философияда
Абай философиясы
Пәндер