Қазіргі білімнің беталысы әрі сүйіндірерлік, әрі шошытарлық




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ :

Білім, ғылым, техника
және технологиялар
Білім

Білім (лат. scientia, ағылш. knowledge, араб.: ‫– )علم‬
адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері
мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат
мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып
табылады. Ол сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау,
логика, ақиқат, парасат, ғылыми және т.б. күрделі де терең
ұғымдармен тығыз байланыста әрі солар арқылы
анықталады. Білім философия мен рационалды білім пайда
болғаннан көп бұрын дүниеге келген. Мәлім тақырып,
немесе сұрақ туралы сенімді таным болса, ал ол таным
әлдебір мақсатқа пайдалануға жарамды болса, онда оны
білім деп атаймыз. Ол тәжірибе және ойлау арқылы мәлім іс
туралы жеттігірек ұғындырады, оның математикалы және
жүйелі танылуын ғылым, техника, өнер, философия деп
атаймыз.
Білім

Адамзат баласы ақиқатқа талпынады, шынайы
пайдалы білімге талпынады. Оның шегі қайда
апаратын белгісіз. "Білім - күш" деген сөзді Ф.Бэкон
айтқан, бірақ ол адамзатты бақытқа бөлейтін жақсы
күш пе, әлде сорлататын, құртатын жаман күш пе,
бұл туралы да талас көп. Қазіргі білімнің беталысы
әрі сүйіндірерлік, әрі шошытарлық. Қазір адамзат
білімнің кемшілігін түзететін "жасыл білімге" ауысып
бара жатқаны байқалады. Ежелгі мәдениетте білім
адамның әлеммен және қауымдастық ішіндегі
қатынастарын реттейтін аңыздар, салт-дәстүрлік
жарлықтар мен нормалар, тыйым салулар пішімінде
болды
Білім

. Платонның «билеуші-философ» идеалы –
(білімді әрі оған сай басқарушы ел басы)
қазіргі «ақпараттық қоғамда» өзінің
көрінісін тапты, яғни билік білімнің қазіргі
формасы – ақпаратты иелену ретінде
айқындалуда.
Ғылым

Ғылым (лат. scientia — білім) — уақыт пен
кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы
нақты нәрселердің заңдары мен
қағидаларын, тәртібі мен құрылымын
объективті түсіндіретін, эксперимент пен
бақылауға негізделіп, математикалық
есептеуді қолданып, жүйелі түсінік
қалыптастыратын таным саласы. Жалпы
тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми
тәжірибені, ал, арнайы мағынада ғылыми
әдістер арқылы жинақталған логикалық
білім жүйесі.
Ғылым

Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі
әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл
функциялар ғылымның өзінің дамуымен
бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және
ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп
отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік
функциясын атап көрсетуге болады:
1) мәдени-көзқарастық;
2) өндіргіш күштер функциясы;
3) әлеуметтік күштер функциясы.
Технология

Технология- материалды немесе
шикізатты жекелеген бұйымдар алу немесе
өндіріс үрдісінде ағымға қойылған өнім алу
мақсатында түрлі әдіс- тәсілдермен өңдей
білу шеберлігі.Технология түрлері көп,адам
қызметінің әрбір саласының өз ерекше
технологиялары болады.
Техника

Техника- адамның заттар өндіуге және
өзінің күнделікті қажеттіліктеріне қызмет
көрсету үшінжасап шығарған құралдар,
автоматтар,машиналар сияқты еңбек
құралдары.Көне замандарда адамдар құрал
ретінде таяқ тасты қолданып,оларды
өңдеудің алғашқы тәсілдерін
меңгерді.Осылайша тас балғалар мен
балталар,шақпақ тас және сүйек ұшты
найзалар пайда болды.
Техника

Техника философиясының көрнекті зерттеушісі неміс
ғалымы Ф.Рапп оның мынадай негізгі бағыттарын
көрсетеді.
1) Техника тарихын және оның мәдениетпен қарым-
қатынасын зерттеу;
2) Қазіргі техника мен еңбектің жалпы сипатының
социологиясын сараптау;
3) еңбек етудің, әлеуметтік, саяси белсенділіктің
экзистенциялық мәселелерін зерттеу;
4) эпистемология тұрғысынан органикалық әлем мен
техникалық әлемнің бөлінуін қарастыру;
5) Басқару мәселелері және техника мен бүкіл адамзат
құндылықтардың өзара қарым-қатынасын зерттеу.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ газеті
Компьютерлік сауаттылық және оқушылардың ақпараттық мәдениеті
Мәдени революцияның міндеттері
Файол бірінші және толық менеджмент теориясының авторы
Білімді жастар елдің болашағы
Ғылым философиясы
Таным философиялық мәселе ретінде
Философия пәні, әдістері және қызметтері
Өнер - білім бар жұрттар өлеңінің мағынасын ашу
Христиан діні
Пәндер