Махаббаттың мәнін


Slide 1 Slide 2

Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады.

Адам - белсеңді әрекет иесі.

Адам әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады.

Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы - сол адамның өзі.

Slide 3

Өмірдің ең биік мән-мағынасы - шығармашылық сатыға көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ.

Slide 4

Ондай адамға тән нәрселер:

өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау;

басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау;

басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау;

Slide 5

өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейінде игеру;

үне бойы өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу;

мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен айыра білу;

қай жерде болмасын өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; т. с. с.

Slide 6

Адам өмірінің мән-мағнасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір сүрген австрияның ұлы ойшылы Виктор Франкл болды.

Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды.

Сондықтан, ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я болмаса, басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм) . Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мән-мағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді.

Slide 7

Нәтижесінде, адам “экзистенциалдық вакуумға” (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін (нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстыққа бару, өз-өзін өлтіру (суицид) .

Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В. Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді.

Slide 8

Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма!”, - деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде.

Slide 9

Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді, - деген болатын.

Платонның ойынша, адам өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды.

Slide 10

Эвтаназия - (грек тілінен εὖ - жақсы, θάνᾰτος - өлім ) - әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптың жұмысын тоқтату жолымен, төзгісіз аурумен ауыратын науқастың өлімін тоқтату тәжірибесі.

Slide 11

Өлместік мәселесі - кез келген діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды.

Slide 12

Философия мен мәдениет тарихында бақыт туралы қолданбалы этикалық пән - фелицитология саласы қалыптасты. Фелицитология (латынша felicitas - бақыт) - бұл О. Нейраттың қалыптастырған бақытқа жету туралы ілімі.

Slide 13

Поляк зерттеушісі В. Татаркевич бақыт ұғымының төрт негізгі мағынасын бөліп көрсетеді:

1) тағдырдың берген ырыздығы, «қолға қонған құс», сәттілік, өмірде жолы болушылық;

2) қуаныш, ләззат, рахат;

3) жақсылыққа, ізгілікке жету, даналық;

4) өмірден өз орнын табу, толыққанды тұлғаға айналу.

Slide 14

Қазіргі заманғы бақыт туралы ілімдерде негізінен үш бағытты айқындауға болады:

бақыт психологиясы,

бақыт аксиологиясы,

бақыт социологиясы.

Slide 15

Психологиялық тұрғыдағы бақыт - жағымды көңіл-күй, өмірден қанағат алу, қуаныш пен шаттық және ләззат алу.

Аксиологиялық тұрғыда бұл - құндылықтар, адам өміріндегі жақсылықтың өлшемі. Адам болмысының мәнімен байланысты барлық ізгі адамгершілікті қасиеттерді игеру.

Бақыт социологиясы утилитаризммен (пайда туралы ілім) тығыз байланысты.

Slide 16

Бақыттың құрылымдық элементтері:

береке, яғни ауру-сырқаусыз, бәле-жаласыз, қайғы-қасіретсіз өмір сүру;

қажеттіліктерді қанағаттандыру;

қанағат;

қуаныш;

адамның тұтас өмірді адамгершілік және мәнділік тұрғысынан бағалауы.

Slide 17

Бақыт туралы еңбектер:

Аристотель «Никомах этикасы»,

Сенека «Бақытты өмір туралы»,

Аврелий Августин «Бақытты өмір»,

Боэций «Философиялық жұбаныш»,

әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында»,

Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»,

Гельвеций «Бақыт»,

Л. Фейербах «Эвдемонизм» және т. б.

Slide 18

Гедонизм (грек тілінен аударғанда - рахаттану, ләззат алу дегенді білдіреді) - өмірдің мақсаты мен ең жоғарғы игілігі және басты жақсылық ләззат алу деп түсіндіретін этикалық ілімі. Гедонизмнің негізін қалаушы ежелгі грек философы Аристипп (б. з. д. 435-355 жж. ) деп саналады.

Slide 19

Бақытқа жету, Аристипптің пікірінше, ауырудан аман болып, барынша ләззатқа қол жеткізумен сипатталады және өмірдің мәні физикалық ләззат алумен түсіндіріледі.

Эпикур бойынша, ауыру мен азаптан ада болу ең жоғарғы ләззатты білдіреді және жанның осындай толғаныссыз рахат қалпын атараксия деп атайды.

Slide 20

Эвдемонизм (грекшеден аударғанда көркею, игілік) - бақыт пен игілікке жетуді барлық ұмтылыстардың ынтасы мен мақсаты ретінде қарастыратын этикалық бағыт.

Антикалық дәуірдегі эвдемонизм теориясының ең жетілген түрін Аристотель жасады.

Аристотель әлемнің мақсаттылығы туралы идеяны алдыңғы орынға қояды: дүниеде барлығы да белгілі бір мақсатқа немесе игілікке ұмтылады.

Slide 21

Танымал зерттеуші Г. Д. Бандзеладзе өзінің «Этика» деп аталатын еңбегінде барлық этикалық жүйелердің алуан түрлілігін бақыт этикасы (эвдемонизм) және парыз этикасы (ригоризм) деп екіге бөлуге болатынын айтады.

Slide 22

Утилитаризм (латыншадан аударғанда - пайда, табыс) - барлық құбылыстарды олардың пайдалылығы тұрғысынан бағалайтын, адамгершіліктің негізіне пайданы жатқызатын ілім. Утилитаризмнің негізін қалаушы Иеремия Бентам.

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Іңкәр көңіл, нәзік сезім
Артур Шопенгауэр өмірдің мәні туралы
Қажеттіліктер пирамидасы
Адамның жан сұлулығы
Service learning пәнінің тарихы
Махаббат - тіршілігіміздің басы мен аяғы
Әділеттен асқан ізгілік жоқ
Менің жүрек қалауым
М. Мақатаев - Аққулар ұйықтағанда поэмасы
Махаббатың тілі – ұлы тіл
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz