Иммунология даму тарихы



Тақырыбы:Иммуналогия даму кезеңдері
Орындаған: Қыдырбай Бауржан
Қабылдаған: Тұрсынқызы Аяжан
Мамандығы: стоматология
Тобы: 204Б
2023
БОӨЖ №1

Иммунитет дегеніміз не?
Иммунология даму тарихы.
Инфекциялық және инфекциялық емес иммунология.
Ш. Рише тәжірибесі.
Комплемент жүйесі.
К. Ландштейнердің қосқан үлесі.
Иммунологиялық төзімділік теориясы.
Қазіргі заманғы медициналық иммунология.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Жоспар

1982ж. Р. В. Петровтың берген
түсініктемесі:
«Иммунитет - организмді
генетикалық бөгде белгілері бар заттар мен тірі денелерден қорғау әдісі»
Р. В. Петров

Классикалық
Қазіргі заманғы
Ең алғаш шешек пустулаларының сау адамға қондыру арқылы қорғану Қытайда б. ғ. д. мың жыл бұрын, XI ғасырда қолданылды.
Медицина тарихына белгілі Шығыс ғалымы Әр-Рази
шешекке классикалық анықтама беріп, шешекті егу
әдісін қолданғаны белгілі. Оның ізашары Авиценна опа мен шешекке тән белгілері және бұл аурулармен ауырған адамдар өте сирек қайта ауырғандығы туралы жазған.
Иммунологияның даму кезеңдері екіге бөлінеді:
Иммунология даму тарихы

1776ж. Э. Дженнер ең алғаш
вакцинация әдісін қолданған. Ол сиыр шешегі материалын балаға егу арқылы, адамдардың инфекциялық аурулардан босататын маңызды
теориялық және практикалық медицина бағытының негізін салды.
Классикалық иммунология
Э. Дженнер

1885ж. Л. Пастер егу арқылы емделмейтін ауыр дерттің - құтырудың дамуын алдын алды.
1886 және 1887 жылдар арасында егу арқылы құтырудан 2, 5 мыңнан аса адам
құтқарылды.
Классикалық иммунология
Л. Пастер

1883 ж. И. Мечников “Организмнің емдік күші туралы” деген баяндамасында, иммунитеттің жалпы
фагоцитарлы теориясының принциптерін көрсетті.
Теория бойынша ағза тек микробтардан емес
сонымен қатар өзінің
токсиндерінен,
денатурациялық
ақауларынан, өлген жасушаларынан өзі арыла алады.
Инфекциялық және инфексиялық емес иммунология

1890 жылы Э. Беринг пен Ш. Китазато сіреспелік және
дифтериялық токсиндермен егу нәтижесінде антитоксиндік сарысуларды алған.
Алынған антитоксиндік сарысулар токсиндерді бейтараптаған.
Э. Беринг
Ш. Китазато

Біріншілік теріішілік немесе теріастылық вакцинация 10-14 күннен кейін сол дозадан 5-10 есе жоғары дозада бұлшық етке немесе тамыр ішіне екіншілік вакцинация
жасағанда, тәжірибелік жануарлардың өмірге төзімділігі төмендеген.
Бұл құбылысты анафилаксия деп, ал пайда болған ауыр жағдайды А. М. Безредка анафилаксиялық шок деп атады.
Ш. Рише тәжірбиесі

Комплемент жүйесі - бактериялардан және организмге енетін басқа патогендерден бейспецификалық қорғаныс факторының ең маңызды жүйесі.
1-ші маңызы
2-ші маңызы
3-ші маңызы
Комплемент
жүйесі
Опсонизациялау
Белсену
процесінен кейін бірден патогендік денелерді қоршап фагозитозды күшейтетін
компоненттерді
бөледі.
Қабыну
реакцияларына
қатысады. Биологиялық белсенді
заттардың, қабынуды күшейтетін гистаминнің
бөлінуіне әсер
етеді.
Цитотоксикалық Соңғы кезеңде соңғы
компоненттерден мембранаға шабуыл жасаушы комплекс түзіледі.

.
Г. Бухнер комплемент жүйесін ашып, ал Ж. Борде комплемент жүйесінің мағынасын көрсеткен.
Бұл зерттеулер көрсетуі бойынша, И. И. Мечников пен П. Эрлих бір үрдістің екі түрлі сатысын зерттеген, нәтижесінде иммунитеттің гуморалды- жасушалық теориясы пайда болған.
Г. Бухнер
Ж. Борде

1900 жылы К. Ландштейнер антигендердің модификациясы мәселесімен шұғылданып, О, А, В, АВ қан топтарын зерттеп, адамның эритроциттерінің топтық изоантигендерін ашты.
К. Ландштейнер

Ғылымның маңызды даму кезеңдері
Ф. Бернеттің есімімен тығыз
байланысты. Ол арнайы иммунитеттің негізгі жасушасы - лимфоцитке көңіл бөлді, сөйтіп оны “иммуноцит” деп атады, иммунды жауаптың түзілуінде тимустың маңызды екендігін айтты, иммунитеттің клон-сұрыптау
теориясын ашты және иммунды
жүйенің негізгі қызметі -
организмнің ішкі ортасының генетикалық тұрақтылығын бақылау екенін айтты.
Ф. Бернеттің

1953 ж. П. Медавар мен Ф. Бернет тимуста лимфоциттер өлуі және қан түзетін донорлық жасушаларды қан тамыр арқылы тышқандардың эмбрионалды кезеңінде егіп, аллотрансплантаттың ұзақ уақыт бойы бітісіп кететіндігін анықтап, антигендер иммунды жүйенің қалыптасу кезінде қатысса, онда оларға иммунды жауап дамымайды деп болжамдады. Осылай иммунологиялық төзімділік теориясы пайда болды.
Иммуналогиялық төзімділік теорисы

Иммуноглобулин құрылысын бір-біріне тәуелсіз ағылшын биохимигі Д. Портер және американдық ғалым Дж.
Эдельман 1959 жылы ұсынып, Нобель сыйлығына ие болған.
Олар миеломды тышқандардың
иммуноглобулиндерінің
құрылысын зерттей отырып, иммуноглобулин G моделін ұсынды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz