Эссенциалды май қышқылдары
Презентация қосу
«Күрделі лепидтер.
Эссенциалды май
қышқылдары.Липидтер
дің тағамдық
құндылығы»
Дайындаған: Мұратбай Бибінұр
Мұсабек Әсел
Жоспары:
1. Күрделі лепидтер
2. Эссенциалды май
қышқылдары
3. Липидтердің тағамдық
құндылығы
Липидтер — (гр. λίπος, lípos — май) — барлық тірі жасушалардың
құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл
атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер химиялық құрамы мен
құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер,
күрделі липидтер, стероидтар. Күрделі липидтер екі негізгі топқа
бөлінеді:олар – фосфолипидтер және сфинголипидтер. Осы
топтың әрқайсысы бірнеше топшаларға бөлінеді. Олар
жануарлардың, өсімдіктердің және бактериялардың
кленткаларында табылған және өте маңызды биологиялық
қызмет атқарады.
Фосфолипидтер.Қүрделі липидтердің ішінде ең көп кездесетіні –
фосфолипидтер. Олардың молекуласының құрамында фосфат
қалдығы болғандықтан фосфатидтер немесе фосфоглицеридтер деп те
атайды. Фосфолипидтер екі гидроксил тобы май қышқылдарымен
эфирлік байланыста болатын глицериннен пайда болған
триацилглицеролдарға жақын. Глицериннің үшінші гидроксил тобы
фосфор қышқылымен күрделі эфир береді, ал фосфор қышқылының
қалдығына аминоспирт (азоттық негіз) жалғасқан. Холин, этаноламин
және серин фосфолипидтердің аминоспирттері болып табылады.
Сонымен қатар, клеткада сирек кездесетін фосфолипидтер белгілі.
Олардың спиртті компоненттері глицерин және алты атомды циклді
спирт – инозитол (инозит) болып табылады.
Тағамдық заттардың ішінде адам ағзасында пайда болмайтындар
бар. Бұл тағамдық заттар маңызды немесе эссенциалды деп
аталады.Олар міндетті түрде тамақпен бірге тұтылынуы керек.
Олардың кез – келгенінің күнделікті тамақтануда болмауы ауруға,
ұзақ мерзімді жетіспеушілікпен-өлімге әкеледі. Маңызды
элементке келесі төрт категория жатады: маңызды май
қышқылдары,маңызды амин қышқылдары, дәрумендержәне
минералды тұздар.
Маңызды май қышқылдары-жануарлар мен адам метаболизміне
айтарлықтай қатысатын полиқанықпаған май қышқылдарының
сериясы. Дене бір кластағы қышқылдарды екіншісіне айналдыра
алады, бірақ екі класты да қарапайым заттардан синтездей
алмайды,сондықтан олар микроэлементтер сияқты тағамда
болуы керек.
Липидтерге майлар және май тәрізді заттар — липоидтер жатады.
Липидтердің молекуласының құрамына C, H, O атомдары кіреді.
Құрамындағы элементтердің байланысына және құрылымына қарай
липидтер алуан түрлі болып келеді. Барлық липидтерге тән жалпы
қасиет — олардың молекулаларының полюссіздігінде
(гидрофобтылығында). Сондықтан липидтер полюссіз сұйықтықтарда:
бензинде, эфирде, хлороформда жақсы, ал суда нашар ериді.
Липидтердің гидрофобты (грекше hydor — су және phobos —
қорқыныш) қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі маңызы зор.
Себебі жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид
молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан
қажетсіз заттарды өткізбейді және сыртқы ортаға жасушадағы
заттарды шығармайды. Осының нәтижесінде жасушаның химиялық
ортасы тұрақты болып сақталады. Липидтердің ішінде көп таралғаны
және ең негізгісі — майлар. Майлардың химиялық құрылымы күрделі
болып келеді.
Майлар: жануар ,өсімдік майлары және т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді.
Майлардың бір-бірінен айырмашылығы — олардың құрамына кіретін май
қышқылдарының сипатына байланысты. Май кышқылдары: қаныққан және
қанықпаған больп екі топқа бөлінеді. Қаныққан май қьшқылдары бір байланысты,
оларга пальмитин, стеарин қышқылдары және т.б. жатады. Ал қанықпаған май
қьшқылдары қос байланыс түзеді, оларға олеин, линол және т.б қышқылдар
жатады. Өсімдік майының құрамында канықпаған май қышқылдары көп болады.
Осыған байланысты олар жеңіл ериді және бөлме температурасында сұйык күйін
сақтайды. Мысалы, зәйтүн майы глицеринмен байланысқан олеин қышқылының
қалдығынан тұрады. Көптеген жасушалардағы майдың мөлшері құрғақ зат
массасының 5—-10%-ын құрайды. Алайда құрамының 90%-ға жуығы майдан
тұратын жасушалар да болады. Липидтер барлык тірі жасушаларда болады, осыған
орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі,
қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz