Шетелдегі инклюзивті білім беру
Презентация қосу
Шетелдегі
инклюзивті білім
беру
{ Группа: Ин(о)-18к
Студент: Өндіріс Дархан
«...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға
көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін
Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға
тиіс – бұл өзіміздің және қоғам
алдындағы біздің парызымыз»
Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Жалпы инклюзивті білім беру - мүміндігі шектеулі студенттерді
оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту - мүміндігі шектеулі, дамуында сәл ауытқулары бар
студенттердің дені сау студенттермен бірге олардың әлеуметтендіру және
интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзив сөзі – латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын
тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі
балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның
жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде
білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады,
ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы
бағдарламаны толық енгізді.
Инклюзивті білім беру – білім барлық балаларға.
Инклюзивті оқыту – мүгедек пен дені сау балалармен бірге олардың
әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы
бірлескен оқыту.
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние
жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен
ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен
сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру
жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы
білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда
болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі
нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
- сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
- дамуында ерекшеліктері бар балалардың
сыныптағы ең көп саны – 2;
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша
арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың
мазмұнына «енгізілген»;
- арнайы бағдарламалар бойынша оқитын
сыныптар қысқартылады;
- арнайы педагогтар қалыпты мектеп
мұғалімдерімен командаға бірігеді;
- педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық
оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық
балалардың 99%-ы жалпы білім беретін
мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі»
(тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым
сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек
алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала
ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың
келісімімен бір жылға жүзеге асырылады,
бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы
көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы
шешім қабылданады.
АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру
саясаты.
20 ғасырдың 60-жылдарында Еуропа мен Американың бірқатар
елдерінде қоғамдық өмірдік көптеген саласында мүгедектігі бар
адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді түрдле
талқылана бастады, мүгедектер қоғамнан мүлем оқшуаланды және
сегрегацияға ұшырады. Білім беру саласында мәселені шешудің екі
негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа
өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің
білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер
пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.
АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында мектептердің білімге
қолжетімділікті кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім
беру бірнеше тұғырлары дамыды. Ұлыбританияда әлеуметтік
өнертапқыштық туралы сөз болды. Мейнстриминг – мүгедектігі бар
оқушылардың өз қатарластарымен мерекелерде, әртүрлі демалыс іс-
шарасында қарым-қатынас жасайтын стратегияға жатады, мұндай
балалар жалпы білім беретін мектептің сыныбына енгізілген жағдайда,
олардың әлеуметтік байланысының мүмкіндіктерін арттыру үшін
қажет.
«Инклюзивті білім беру» термині аса терең үдерістерді сипаттайды:
балаға қалыпты мектепке бару құқығы ұсынылады, бірақ ол үшін
қажетті бейімдеоген білім беру ортасы құрылады және қолдаушы
қызмет көрсетіледі. Инклюзивті білім беру – бұл заманауи термин, ол
келесі үлгіде түсіндіріледі: бұл мектептерді және оқу ғимаратын
барлық балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне жауап
беретіндей етіп қайта құру және қайта жобалау. Инклюзивті білім
беру әртүрлі мүмкіндіктері бар балаларды мектеп өмірінің барлық
аспектілеріне толық енгізуді білдіреді. Толық енгізу, барлық
оқушылардың дамуындағы ауытқудың түрі, ауырлығы және сипатына
қарамастан, жалпы білім беретін сыныпта оқитынын, талап етілсе,
қосымша қызмет алатынын білдіреді. Бұл барлық балалардың
мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау және құрметтеу үшін,
мектеп кеңістігінің шынайы бейімделуін талап етеді.
Барлық батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қамтамасыз
етудің өзіндік тәжірибесі болады. Әдетте, әрбір елде педагогикалық
қамтамасыз етудің және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың өзіндік
моделі болады. Олардың көпшілігінде мектептен тыс ресурстық орталықтар
немесе қолдаудың жергілікті қызметі құрылған, олар «арнайы мұғалімді»
жалпы білім беретін ұйымға немесе нақты педагогқа көмек беру үшін
бағыттайды. Ғалымдардың зерттеулері (Коркунов В.В., Малофеев Н.Н:,
Назарова Н.М. және т.б.) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлемнің әртүрлі
елдерінде білім берудің жалпы жүйесіне ендіру үдерісінің, нақты
әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен басшылықтың саяси еркін есепке алып,
бірте-бірте жүзеге асатынын көрсетеді. Әрбір елде интеграцияның өзіндік
модельдері жүзеге асырылады, ол білім берудің әмбебап интегративті
модельдерін құрудың мүмкін еместігін білдіреді. Алайда, кез келген елде
интеграциялық білім беруді табысты жүзеге асырудың алғышарттары
болады. Оларға жататындар:
Тұлғаның құқықтарын кепіл сақтаумен демократиялық
қоғамдық құрылым;
Білім беру үдерісінің қаржылық қамтамасыз етілуі;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру әрекетінің
ерекше жағдайлары мен арнайы білім беру қызметінің кең
тізімінің жалпы білім беретін мектеп, балабақша
құрылымында болуы;
Интеграциялық үдерістердің жүргізілуінің еркін сипаты,
білім беретін және коррекциялық қызметті таңдау
мүмкіндігі;
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет
етуге дайындығы.
Дания, Норвегия,
Финляндия,
Нидерланды,Греция,
Үндістандағы
инклзивті білім беру
тәжірибесі.
Дания: Данияда арнайы мектеп-интернатта күрделі эмоционалды ауытқуы бар
балалар, ал арнайы мектепте – ақыл-ойында кемістігі бар балалар оқытылады,
ал қалған балалар үшін жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар
ашылған. Данияның арнайы білім беру саласындағы саясаттың стратегиялық
бағыты ретінде интеграция алынады.
Норвегия: Норвегияда интеграция үдерісі 80-жылдары басталды, 90-
жылдардың басында арнайы мектептер қысқартылған болатын, оларға
мүмкіндігі шектеулі балалардың бір пайыздан аз балалар барады.
Финляндия: Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер мен жалпы
білім беретін мектептің жанындағы арнайы сыныптардың параллельді жүйесі
болды. 80-жылдардың соңынан бастап, арнайы білім беру саласындағы
мемлекеттің саясатындағы негізгі бағыт ретінде интеграция алынды.
Нидерланд: Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше арнайы
және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық тұғырларды «Мектепке
бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы ендіруге тырысады, аталған
жобаны мақсаты ретінде, жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі
шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті қамтамасыз ету;
арнайы мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемісітіг бар
және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының
өсуіне кедергі келтіру алынды. Нидерландыда, Бельгияның Фламанд
аймағындағыдай, арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар
ғалымдар бұл деректі инклюзивті білім берудің дамыту үшін күрделі кедергі
болатынын атап көрсетеді.
Греция: Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балабақшалар мен мектептерге
интеграциялау идеясы, Грецияда алғаш рет 1974 жылы ұсынылды. Алайда, көптеген
басқа елдермен салыстырғанда, интеграция үдерісін бастау туралы шешім, педагогтар
мен ата-аналардың қысымының нәтижесінде емес, соған сәйкес заңнаманың пайда
болуымен қабылданды. Елдегі интеграция үдерісі баяу жүргізіледі, себебі:
Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларға арналған жай мектептерег
физикалық қолжетімділіктің мүмкін еместігі байқалады;
Диагностиканың кең қолжетімді тесттері мен дәстүрлерінің болмауы;
Педагогтар ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс әдісін меңгермеген;
Жергілікті билік ерте көмек беру мен интеграцияны аса қымбат деп, қызығушылық
танытпайды;
Қажетті қызмет түрлерін көрсететін орталықтар жетіспейді (физикалық терапия,
логопедия саласында, психологиялық көмек, құқықтық көмек және т.б.).
Үндістан: 1986 жылы құрастырылған және 1992 жылы толықтырылған білім туралы
Ұлттық заң, көптеген кәсіпқойлар, бірқатар штат өкілдері мен басқа қызығушылық
танытқан адамдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды. Аталған
бағдарламаның аясында, білім осы елдің барлық тұрғындарына ұсынылуы керек.
Заңның негізгі қағидалары білім алудағы және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға
теңдей құқық пен мүмкіндік ұсынуда, кедергілерді жобға бағытталған. Елдің көп
тілдігін, оның діни, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін, сонымен бірге ұзақ ғасырлар
бойы колония (бодан) ретінде болудың салдарын ескерудің қажеттілігі атап
көрсетіледі. Мүгедек балалар, қыздар, ұлттық аз топтар мен шалғай аймақта тұратын
балалар, қосымша зейін аударуға мұқтаж балалар ретінде анықталды. Оқшауланған
топтарға бірқатар тайпалар мен ақсүйектер жатады.
Қорыта айтқанда университетте инклюзивті оқыту арқылы
барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз
ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Бұл бағыт
арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі
студенттерді шынайы қарым - қатынас шеңберінде
тәрбиелеудің бастауы болмақ. Біз мүмкіндігі шектеулі
студенттерге білім бере отырып, оларды адамгершілікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz