Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары


Slide 1

ХХ ғ. 50-80 жж. Қазақстан.

1. Н. С. Хрущевтің билікке келуі және КОКП ХХ съезі. «Жеке басқа табынушылық» саясатын сынау.

2. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

3. ХХ ғ. 60-80 жж. Л. Брежнев “Алтын ғасыр” Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі.

Slide 2 Slide 3

Н. Хрущевтың реформалары:

Тоталитаризм оның ішінде казармалық социализмнің негізін қалаушы, харизмалық тұлға, тиран басшы И. В. Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды.

1953 ж қыркүйекте Н. С. Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж. ) тағайындалды.

Бұл кезең «Жылымық жылдары» деп аталды.

Билік өзгергенімен Бюрократизмде, әміршіл-әкімшіл жүйеде сақталды тек формасы өзгерді.

Slide 4

Жеке басқа табынушылықты жою

1956 ж. КОКП XX съезінде Н. С. Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндамасында И. В. Сталин, Л. Берия, Н. Ежовты сынға алды.

Ондағы мақсаты:

Жаңа биліктің легитимділігін орнату;

Жаңа реформаларды жасау үшін қолдау іздеу;

Халық сенімін ақтамаған социализмді утопияға шығару;

Коммунизм орнату деген ұранмен жаңа реформалар жасау.

Slide 5

Н. Хрущевтың реформаларының жағымды жақтары:

Көлік және коммуникация жүйелерін дамыды, Одақғы теміржолдың 30%-ы Қазақстанда салынды;

730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды.

1958 жылы Қазақстан КСРО бойынша жалпы өндіріспен дамуы жағынан үшінші орынға шықты.

Одақ бойынша ірі қалаларда тұрғын үйлер салды;

Ғылымның жетістіктерімен(1961, Восток-1), ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде рекордтар жасалды(1956, 1961) ;

Сталинизмнің құрбандарын түрмеден босатып, ГУЛАГ жүйесі жойылды.

Комунистік елдердің студенттері білім алмасуға мүмкіндік алды.

Slide 6

Н. Хрущевтың реформаларының жағымсыз жақтары:

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы, космополит, ұлтшыл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды;

Индустрия дамуы болсада сапа болмады;

ГУЛАГ жүйесі жойылғанмен, психдиспанцерлер пайда болды, қылмыс жоғарлады; (90 мың)

Экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмаған субъективтік шешімдерге жол берілді;

Капиталистік елдердің деңгейіне қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу сияқты негізсіз міндеттер қойылды;

Аудандастыру саясатының негізінде елдің гоесаяси жағдайын өзгертті.

Slide 7

2. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады.

Мысалы:

- Колхоздарға біраз дербестік берілді;

- Ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді;

- Аграрлық секторды техникамен жабдықтау;

- Электр қуаты кеңірек қолданылды;

- Колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды.

- Бірақ шаруашылық елде қалыптасқан экстенсивті жолмен жүргізілді.

Slide 8

Тың және тыңайған жерлерді игеру.

1954 жыл КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады.

Тың жерлер игерілетін аймақтар:Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бойы.

1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді.

Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Торғай, Павлодар облыстары болды.

Slide 9

Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде:

Билік құрылымы өзгерді;

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды;

1954-1962 жылдары республикаға 2 млн. -ға жуық тың көтерушілер келді;

Қазақстанда 9, 4 млн. гектар жер жыртылды;

Мәдени өзгерістер мен этникалық конфликтілер орын алды.

Slide 10

Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде:

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн. га жер игерілді. (Одақта 41 млн. га) . Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты; 2) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті; 3) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды; 4) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді. 5) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді. 6) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Slide 11

Тың және тыңайған жерлерді игерудің зардаптары:

1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды; 2) Мал шаруашылығы құлдырап ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды; 3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығының жиналмай қалуы; 4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы және қылмыс саны өсті; 5) Қазақтар 1962 жылы - 29% ға азайды;

Slide 12

6) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды. 7) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді. Ұлттық мәселелер туындады; 8) Дін ұстануға тиым салынды, Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды;

9) Қазақстан көптеген территориясынан айырылды.

Slide 13

ХХ ғ. 60-80 жж. Л. Брежнев “Алтын ғасыр” Қазақстанның КСРО өнеркәсібінің дамуына қосқан үлесі.

1964 жылы СОКП Орталық Комитетінің қазан Пленумында партия басшылығына Л. И. Брежнев, үкімет басына А. И. Косыгин тағайындалды.

Сегізінші бесжылдық (1966-1970) кезінде ОК Пленумда экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі сыналып, кәсіпорындардың өз еркімен дамуына мүмкіндік беру айтылды.

Slide 14

Қазақстан 60-80 жж

Қазақстанда 1709 жаңа кәсіпорындар және жаңа техникамен жабдыкталған нысандар іске қосылды.

Олар:

Соколов-Сарыбай;

Қарағанды комбинаты;

Ермак темір балқыту зауыты;

Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттары;

Маңғыстау мұнай кені кеңейтілді.

Slide 15

Қазақстан бұкілодақтық бойынша фосфордың 90%-ын, жемдік фос-фаттың 40%-ын, мыс, мырыш, қорғасынның 70%-ын өндірді. Республика хром өндіруден КСРО бойынша бірінші орын, ал көмір, шойын және марганец өндіруден ұшінші орынға шықты.

Спорттық нысандар:

Медеу мұз айдыны 1972 ж. (1988ж)

КСРО бойынша тек футболға арналған стадион бірінші рет Ақтөбеде салынды 1974 ж.

1980 жыл Москва олимпиадасы. Ж. Үшкемпіров, С. Қонақбаев

Slide 16

1970-1985 жылдары мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды.

Олар:

- Қазақ газ өңдеу зауыты;

- Шевченко пластмасса зауыты;

- Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары;

- Екібастұз, Ермак ГРЭС-І, Қапшағай ГЭС;

Slide 17

Бүкіл Одақтық шикізат көзіне айналған Қазақстан түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тап болды:

Мысалы:

- Ұлттық мамандардың жетіспеуі немесе болмауы;


Ұқсас жұмыстар
Астық өнімін жаңа жерлерді жырту, тың жерлерді игеу арқылы арттыру жолы
Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде
Тың игерудің мағынасы
Тың және тыңайған жерлерді игеру
Ауыл шаруашылығының дамуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ, ОНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Жеке басқа табынудың шарықтауы және жылымық
Қазақстан мамандары
Тың игеру мағынасы
Тың игерудің экологиялық салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz